7


  • Учителю
  • Урок по литературному чтению для 4 класса с казахским языком обучения «Екі бала» А. Байтұрсынов

Урок по литературному чтению для 4 класса с казахским языком обучения «Екі бала» А. Байтұрсынов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтыңтақырыбы: « Екі бала» Иван Андреевич Крылов,                          аударған А. Байтұрсынұлы Типі: Жаңа тақырыпты меңгеру Түрі:Дәстүрлі емес Әдісі:топтастыру,талқылау,болжау,аялдамаменоқу,академиялық дау,хат жазу,Венн диаграммасы,бағалау шкаласы. Көрнекі
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: « Екі бала» Иван Андреевич Крылов, аударған А. Байтұрсынұлы

Типі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Түрі:Дәстүрлі емес

Әдісі:топтастыру,талқылау,болжау,аялдамамен оқу,академиялық дау,хат жазу,Венн диаграммасы,бағалау шкаласы.

Көрнекіліктер:И.А.Крыловтың портреті,шығармашылығы, кітаптардан көрме,сиқырлы сандық,сөзжұмбақ,өрік ағашы.

Сабақтың мақсаты

1.Мысалмен таныстыру аркылы негізгі ойды, негізгі идеяны анықтау білуге мумкіндік туғызу.

2.Топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғыда ойлау, болған жайды жан-жақтты бағалай білуге, баға бере білуге үйрету

3. Достың қадірін түсінуге, қадір тұта білуге, жамандық пен жақсылықтың ара-

жігін ажырата білуге баулу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

- Сәлемдесемін, оқушылар қонақтармен сәлемдеседі.

- Балалар,мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

- Қазір мен сендерге сурет қиындыларын таратып беремін, сол қиындыларды құрастыру арқылы топқа бөлінесіңдер.

- Жақсы, жарайсыңдар!

- Олай болса, отырайық (топтасып)

- Балалар, топта жұмыс істеу үшін біз ережелермен танысайық, оқиық, талқылайық.

- Келісемізбе!

- Бәрекелді!

-Сендер бүгін өздеріңді бағалайсыңдар. Мен бағалау парағын берейін, мұндағы 1.2.3.4.5 деген сандар, бұл тапсырма реті, ал бағандар баға көрсетеді. Сендер әр тапсырмадан кейін, белгі қою арқылы өздеріңді бағалайсыңдар. Түсінікті ме ? -Керемет!

II. Қызығушылықты ояту.

  1. Топтастыру.

  2. Балалар,

  • Достық ұғымын қалай түсінесіндер?

  • Дос деген кім?

  • Достарың бар ма?

  • Олай, болса « Дос» моделін жасайықшы.

  • Дос қандай болу керек?

  • Болған соң қорғау керек!


Бұл бірінші тапсырма болып келеді, сондықтан өздеріңді бағалап, шкалаға баға қойыңдар!

- Жарайсыңдар!

2.Мақал - мәтелдер.

- Ал, Дос және достық туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

-Оқушылардың жауабы.

- Керемет!!!

- Кел балалар « Сиқырлы сандық» ойынын ойнайық .

- Бір оқушы тақта алдында мақал -мәтелді бейнелейді, ал тамашалаған балалар қандай мақал- мәтел екенін табу керек !

2 тапсырманы бағалау.

III.Мағынаны тану.

  1. Сөзжұмбақ шешу

  • Балалар, мына сөзжұмбақ сұрақтары, үйге берілген түрікмен халық ертегі «Біреуге ор қазба-өзің түсесің» бойынша құралған. Егерде осы сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы белгілі болады .

  • Сұрақтарды мен оқимын, сендер кезекпен тақтаға жауабын жазасыңдар.

  1. Ертегідегі таудың аты қандай? «Келезау»

  2. «Біреуге ор қазба-өзің түсесің» қай халықтың ертегісі?(Түрікмен)

  3. Жігіт ненің ішіне кірді? (Тері)

  4. Ертегінің тағы қандай кейіпкері бар?(Бай)

  5. Жігітке аман қалуына не көмектеседі?(Жайын)

  6. Жігіт тау басынан қандай тастар көрді?(Асыл)

  7. Жігіт қандай қасиетімен байды жеңеді?(Ақылдық).

- Жақсы.

- Қандай сөз шықты? (Екі бала)

3 тапсырманы бағалау(шкалаға)

- Олай болса, балалар біз бүгін «Екі бала» атты мысалымен танысамыз.

2. Кітаппен жұмыс.

- Кітаптарыңды ашыңдар. 160 бет. «Екі бала» Авторы кім?

- Тамаша !

- Балалар, авторлармен танысу үшін мен тақтаға балаларды шақырамын.

- Авторлармен танысу.

- Мысалмен таныстыру.

- 4 шумағын өзім оқимын .

3 .Болжау стратегиясы.

- Ары қарай не болатынын оқушылар болжайды .Не болады деп ойлайсыңдар?

- Оқушылардың жауабы.

- Жақсы, қане ары қарай өздерің оқыңдаршы

- Иә, болжағандарың сәйкес келді ме?

- Жарайсындар! Енді дауыстап маған 160 беттен бастап Аружан оқиды , Саят оқиды, Дильназ оқиды, Диас оқиды.

4.Венн диаграммасы.

- Жақсы, балалар енді Федя мен Сеняны салыстырып көрейікші , ол үшін Венн диаграммасын толтырайық. Топ басшылары немесе әр топтан бір бала шығып салыстыру, және ортақ қасиеттерін айтады. Жарайсыңдар! Б 4 тапсырманы бағалау

- Балалар, сендерге қай баланың қылығы ұнады? (Әрине Сеняның)

5.Академиялық дау.

  • Қазір бірінші топ Сеняны жақтаушылар (яғни Сеняны мақтап жақтайсындар)

  • Екінші топ Сеняны даттаушылар боласыңдар (Неге барады Федямен, терезеден Федя секір десе секіруші еді ме, досының айтқанына көнбеу керек еді, Федяға неге көмектеседі, ағаш астында құр тұрмай неге айтпайды т.б )

  • Ал үшінші топ сарапшылар болады олар мұқият тыңдап, қай топтың жауаптары ұнағанын айтады.

5 тапсырманы бағалау.

IV.Ой толғаныс

  • Балалар, мысалды оқығанда қандай сезімдер пайда болды? (Федяға өкпелеу, Сеняны аяу т.б )

  • Федя қандай бала?

  • Сеня қандай бала?

  • Федяға қандай ақыл кеңес айтар едіңдер?

  • Сеняға ше?

1.Хат жазу стратегиясы.

  • Олай болса мен сендерге хат жазуды ұсынамын (Авторға, Федяға, Сеняға)

Хаттарын оқыту

6 тапсырманы бағалау.

V.Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық.

-Тақтадан үй тапсырмасын көшіртемін.

VI. Бағалау. Сабақта өздеріңді қаншалықты белсенді қатыстым деп ойлайсыңдар . Бағалап көрейік.

- Шкала бойынша қорытынды бағаларыңды шығарыңдар.

- Жақсы.

- Жарайсыңдар!

Өрік ағашын жемістендіру. Өрікке достарына тілектерін жазу, ілу.

VII.Рефлексия

- Өздерінің көңіл-күйлерін көрсету.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал