- Учителю
- Әдебиеттік оқу 'Қар' (3 сынып)
Әдебиеттік оқу 'Қар' (3 сынып)
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім | |
Сабақтың атауы | С. Шаймерденов. Қар | |||
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Мақсаты: автор жайлы мағлұмат беру; мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру;мәтіндіоқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, 1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; 2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; 3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы | |||
Психологиялық ахуал |
Мұғалім сөйлемдер айтады, оқушылар: " Тамаша" деп жауап береді, жұдырықтарын түйіп бас бармақтарын көтереді.. Ұнамаған сөйлемдер болған жағдайларда бас бармақтарын төмен түсіреді Ақ көңілді жүректіміз- Ақ ниетті тілектіміз- Амандасып алайық Қонақтарға ізетпен біз- Аяз қысып, өрнек сызып, терезені торлайды- Қарға омбығып, бет домбығып, сырғанап жастар ойнайды,- Оқушыларым біледі, бұл жазда болады-
| Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||
Қызығушылықты ояту | Жұмбақ шешу Қыста ғана болады Ұстасан қолын тонады. Қар
1 Ақша қар 2 Сонар қар 3 Омбы қар 4 Жапалақ қар
Қар- түсі ақ, салмағы тым жеңіл суық,денені түршіктірер зат . Жылудың әсерінен суға айналады. Қазақтар қарға әртүрлі атау берген. Аз жауса да, көп жаусада өз атаулары бар. Ақша қар- жаңа туған таза қар Жапалақ қар- ірі түіршікті жапырақтап жауған қар Қырбық қар- жұқа жауған қар Омбы қар- ат бауырлайтын қалың қар Сонар қар- алғаш жауған қалың қар Ұлпа қар- түйіршітері үлбіреген, жеңіл үлпек қар Күртік қар- беті қатқан, қалың қар Үймен қар- боран жердегі қарды сырғытып, бір жерге үйілген қар....
Критерийлар бойынша бағалау- 1 ұпай- өлеңнің авторын, тақырыбын атау 2 ұпай- Өлеңді қатесіз, жатқа оқу 2 ұпай- Өлеңді мәнерлеп оқу
Сафуан Шаймерденов- 1922 жылы 15 сәуірде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді аулынды дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды. 1950 жылы ҚазМУ- дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашақ жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. «Құрмет белгі» орденімен және бірнеше медальдармен тарапатталған. 23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болды. | |||
Сергіту сәті | "Шырша" биі | Ой сергітеді,шашағандары басылады | ||
Ой толғаныс |
1 топ- мәтінді бөліктерді бөлу, жоспар құру 2 топ- мәтінді жалғастыру 3 топ- мәтіннен қажетті сөздерді қолдану арқылы сурет бойынша әңгіме жаз. 4 топ- Қар образына ену. «Қар» сөзіне өлең жазу « Бағдаршам» әдісімен бағалау Жасыл - тақырыпты жақсы түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын Сары- тақырыпты түсіндім, бірақ барлығын емес Қызыл- мен ештене түсінбей қалдым
Мәтін бойынша топтар бір- бірілерілері сұрақтар қояды- топ басшылары жұлдызды қарлармен бағалайды «Жұлдыз» әдісімен бағалау | |||
Үйге тапсырма | Мазмұндау | Күнделіктеріне жазып беремін | ||
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. | ||
Кері байланыс | Шыршаға шырша ойышықтарын орналастыру Сары ойыншық- сабақ ұнады, тақырыпты түсіндім Қызыл- сабақ ұнамады, тақырыпты түсінбедім.
| Шырша ойыншықтарын орналастыру |
Семей қаласы, "№ 35 ЖОББМ"
Мұғалім: Сулейменова К.Б.