- Учителю
- ҚАзақ тілі 2- сынып Тақырыбы: Дауыссыз к мен г
ҚАзақ тілі 2- сынып Тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г. Буентаева Гулмира Абилгазиевна
Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз к мен г-нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету.
2. ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
3. ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
113-жаттығу. «Еңбек түбі-береке». 4-5 оқушыдан сұрау.
-Жақсы балалар, осы мақалдың қай сөзі к дыбысынан аяқталып тұр?
-Еңбек сөзіне і әрпін жалғап сөзді өзгертіп айтайық. /еңбек-еңбегі/
-К дыбысы неге айналып кетіп тұр? Г-ге.
-Ережені естеріне түсіру.
III. Жаңа сабақ:
-Ал, қазір біз әр қатардан топ басшысын сайлаймыз.
-Топ басшылары келіп қағаз суырады.
Ауызша орындалады.
1-топ: Үнді дауыссыздар. /күрек-күрегі, бесік-бесігі, көк-көгі/
2-топ: Ұяң дауыссыздар. /есік-есігі, жүрек-жүрегі, өрнек-өрнегі/
3-топ: Қатаң дауыссыздар. /әйнек-әйнегі, өрік-өрігі, тиек-тие
-Қорыту.
-Жақсы балалар.
-Сабақтағы мақсатымыз не?
-Білім алу.
-Ал, міндетіміз не?
-Еңбектену, 5-ке қол жеткізу.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жады. Тақырыбы дауыссыз к менг.
Көркем жазу. Кк, Кк, көбелек, күрек.
Оқулықпен жұмыс.
114-жаттығу. Мақалды бір оқушыға оқыту. Мағынасын ашу.
Үнді дауыссыздар тобы: /үнді дауыссыздарды табу/
Ұяң дауыссыздар тобы: /ұяң дауыссыздарды табу/
Қатаң дауыссыздар тобы: /қатаң дауыссыздарды табу/ /слайдтан тексеру/
115-жаттығу: /Тақтамен, дәптермен жұмыс/
- Екі оқушыға оқыту. Мағынасын ашу. /Туған өлкем/
-Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. /көгінде, түлігі, көркем/ /слайд/.
Үнді дауыссыздар тобы: «көгінде» сөзіне дыбыстық талдау.
Ұяң дауыссыздар тобы: «түлігі» сөзіне дыбыстық талдау.
Қатаң дауыссыздар тобы: «көркем» сөзіне дыбыстық талдау.
-Оқушылармен біріге отырып тексеру.
Сергіту сәті:
Ойын: «Сөздерді сәйкестендіру»
-Плакатқа сөздер жазу. Берілген сөздердің сыңарын тауып оқушылар жабыстырады.
Бүршік
Көжек
Үйрек
Көбелек
Көлік
Жілік
Киік
116-жаттығу. Дәптермен жұмыс.
-Суретке қарап отырып , көп нүктенің орнына керекті сөзді қою. /Слайдтан шығару/
Үнді дауыссыздар тобы:/ Түлкі......жануар. Ол......тіршілік етеді/
Керекті сөздер: /айлакер, орманда/
Ұяң дауыссыздар тобы: /Кеме.......жүзеді, Оны ........қолдан жасайды/
Керекті сөздер: /теңізде, адамдар/
Қатаң дауыссыздар тобы: / Гүл....... табиғат. Гүлді.......сыйлайды/
Керекті сөздер: / тірі, аналарға/
Терме диктант.
Үнді дауыссыздар тобы: Сөздерге і дыбысын қосып өзгертіп жаз.
/Өрік,белдік,күрек,серік/
Ұяң дауыссыздар тобы: Соңындағы ы,і әрпін алып тастап, сөздерді өзгертіп жаз.
/Жарығы, бесігі, есігі, балығы/
Қатаң дауыссыздар тобы: Көп нүктенің орнына к,г әріптерінің тиістісін қойып жаз.
/еле......, кірпі......, сері......, белді...../
Қорытынды бөлім:
-Сонымен балалар, біз б.гінгі сабақта не үйрендік?
-К мен г қандай дыбыстар?
-Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 118-аттығу. /Слайд/ Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.