- Учителю
- 'Сын тұрғысынан ойлау' технологиясы
'Сын тұрғысынан ойлау' технологиясы
САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Бастауыш сынып сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы - жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
• шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сын тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1 сызба.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
Мына бір сызбаға назар аударайық.
Күнделікті д ә с т ү р л і с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды. Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады. Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді
Сто технологиясы с а б а қ т а р ы
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды
3 сызба.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже береді:
Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс - тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы "Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде" демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І - қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ - мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған "Венн кестесі", "Бес жолды өлең", "Көрнекілік арқылы баяндау", "Семантикалық карта" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: "Венн кестесі" арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:
1. 3 сыныпта «Сын есімнен өткенді қайталау» тақырыбында СТО технологиясына негізделген сынақ сабақ өтті. "Көрнекілік арқылы баяндау" стартегиясы бойынша 6 класс оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).
I топтың жұмысы :
А) Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
IІ топтың жұмысы :
Б) Көктем кереметі.
Көктем келді.Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке қарай тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре бастады.Көктемде бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.
ІІ. Мағынаны таны
Ережелер мен мағыналарды ажырату үшін «Сынақ бетін» пайдаландым.
Реті Түрі Ұпайы
І Сұраққа жауап бер:
- Сын есім деген не?
- Туынды сын есім дегеніміз не?
- Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
- Қатыстық сын есім деген не? 1 жауапқа
1 ұпай
ІІ. Тест
1.... батыр алдырмас
а) ақылды; ә) айлалы; б) өжет;
2. Негізгі сын есімді тап
а) жүйрік ат; ә) гүлді көйлек; б) әдепті оқушы;
3. Заттың түр- түсін, сын сапасын тікелей анықтайтын сын есімді ... сын есім дейміз.
а) қатыстық; ә) сапалық; б) негізгі
4. Қатыстық сын есімді тап.
а) өнерлі жігіт; ә) көк шөп; б) әдемі гүл; 1 жауапқа
1 ұпай
ІІІ. Сын есімді теріп жазып, сөйлем құра.
Бұл аймақтың жері жазық. Мұнда көк аспанмен таласып тұрған биік тауда жоқ. Ағыны тежеусіз ақ жалды асау өзен де жоқ. Көлеміне көз жеткісіз көлкіп жатқан көгілдір көл де жоқ. Солай бола тұра, осы аймақтың әдемілігі көзіңізді бірден үйіріп алатыны бар екен. Тергенге
1 ұпай,
сөйлем құрағанға
5 ұпай
ІІІ. Ой толғаныс
«Түртіп алу стратегиясы» бойынша мен оқушыларға мәтін оқып тұрамын, ал оқушылар сол мәтіннің ішінен сын есімдерді тез- тез жазып алады.
Ақтайдың ағаш үйінің іші- тысы салтанатты, өте көрікті. Оның сұлу көздерінің ақ- қарасы әлі де тап- таза. Көгілдір өзен жай ғана толқып ағып жатыр. Аспалы бесік өзінің екпінімен тербеліп тұра берді. Бірі сұлу, бірі мықты, бірі жүйрік. Адам тастай берік, гүлдей нәзік.
IV. Рұқсат етілмейтін түстер ойыны
Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жуаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені сақтауымыз керек:
1. Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.
2. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.
Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.
Сұрақтар:
1. Шөптің түсі қандай?
2. Аспан түсі қандай?
3. Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
4. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
5. Күннің түсі қандай болады?
6. Қардың түсі қандай?
7. Теңіздің түсі қандай?
8. Құрбақаның түсі қандай?
Жауаптары:
1. Жасыл;
2. Көк;
3. Шөптің түсі сияқты;
4. Сары;
5. Қызыл, күрең қызыл;
6. Жарқыраған;
7. Қайың түстес немесе теңіз толқындарының түстерімен бірдей;
8. Баптақ түстес;
V. Дөңгелек үстел
«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға сын есім туралы білетіндерін қорытып жазады, соңғы жазған оқушы оқиды.
2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында
V - білемін
- - білгеніме сәйкес келмеді
+ - жаңа ақпарат
? - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Жалпы сын тұрғысынан ойлау,оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді.
3 сызба.
Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз- ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.
2. «Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы». Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 2007ж. №1.
3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.
4. С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж.
5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4
6. Интернет жүйесі