- Учителю
- 'Күз мерекем, күз берекем' атты ханшайымдар сайысы
'Күз мерекем, күз берекем' атты ханшайымдар сайысы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ
Тақырыбы:
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Омарова Л.А
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Күз мерекем, күз берекем»
1. Мақсаты:
-Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып,оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін, ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту.
-Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу.
-Балалар арасында көшбасшылық дамыту.
2. Сайысқа қатысушылар:
Тастайбекова Азиза 3 «А» сынып оқушысы.
Мұқан Аруна 3 «Ә»сынып оқушысы
Фазылханова Тамирис 4 «Ә» сынып оқушысы
Жақсылыкова Дария 4 «А» сынып оқушысы
3. Сайыстың жоспары:
1. Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
З.« Шебер қолдар»(Аруларға тибиғи заттардан панно жасау тапсырылады)
4. «Ас адамның арқауы» (Ата - аналармен бірлесіп жасаған тағамдарын көрсетеді)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
4. Көрнекі құралдар: слайд тақтасы, нақыл сөздер, шарлар.
5. Жүргізушілер:
1.Акалтаева Рабига
2. Туяк Аклима
6. Сайыстың нәтижесі.
Сайыс қорытындыланып, күз ханшайымы белгіленеді. Сайыскерлер өз нәтижелеріне сай орындарға ие болып, марапатталады. Марапаттау түрлері:
-
Гран при
-
1-ші орын
-
2-ші орын
-
3-ші орын
Дипломдарымен марапатталады. Ханшайымға тәж, лента тағылады.
Кіріспе сөз:
Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс-жидек, астық пісіп жетіледі. Күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Бүгінгі «Күз берекем, күз мерекем » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Рабиғаның сөзі:
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Аклиманың сөзі:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
Құрметті ата-аналар, мектеп ұстаздары және қонақтар!
Сіздерге 3-4 сынып окушыларының қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Рабиғаның сөзі:
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп әділ баға беруші әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
Кайрова Алмагүл Куанышовна, Есингожина Зибагуль Пишенбаевна, ата-ана камитетінің төрайымы Абильдина Гаухар Санатовна . Апайларға құрмет көрсетейік.
Аклиманың сөзі:
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз мектебіміздегі оқып жатқан ұлдар мен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың мектебімізде қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Рабиғаның сөзі:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Аклиманың сөзі
Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз. (Музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы қыздар шақырылады.)
Тастайбекова Азиза 3 «А» сынып оқушысы. Қол соғып қарсы алайық!
Мұқан Аруна 3 «Ә»сынып оқушысы
Фазылханова Тамирис 4 «Ә» сынып оқушысы
Жақсылыкова Дария 4 «А» сынып оқушысы
Сайысқа қатысушы арулар реттік белгілерін алсын. (әр қайсысы реттік белгілерін алады.)
Рабиғаның сөзі
Сайысты бастамас бұрын, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
Сайыс кезеңдері:
1. Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
З.« Шебер қолдар»(Аруларға тибиғи заттардан панно жасау тапсырылады)
4. «Ас адамның арқауы» (Ата - аналармен бірлесіп жасаған тағамдарын көрсетеді)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Қатысушыларды сахна сыртына қошеметтеп шығарып салайық.
Аклиманың сөзі:
«Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, Элвира әсем әнін жолдайды. Қошеметтеп қарсы алайық! Қошеметімізді аямайық балалар.
Рабиғаның сөзі
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық
Аклиманың сөзі
1-ші кезең «Менің ата - тегім»
Өзін - өзі таныстыру (реттік санымен арулар ортаға шығып таныстырады)
1-ші нөмірлі аруымыз ............. ортаға шақырайық.
2-ші нөмірлі аруымыз ............. ортаға шақырайық.
3-ші нөмірлі аруымыз ............. ортаға шақырайық.
4-ші нөмірлі аруымыз ............. ортаға шақырайық.
Рабиғаның сөзі
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыздарымыз,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық.
2-ші кезең «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету).
Сайыскерлер дайындалғанша 4 ә сынып оқушыларының көрінісін тамашалайық. Ортада 4 ә сынып оқушылары қарсы алайық!
Аклиманың сөз:
Іс істеген ерінбей,
Жалқаулыққа берілмей.
Арулар көрсеткін,
Өз өнерін күлімдей.
(арулар жоғарыдағы кезек бойынша шақырылып отырылады)
1-ші нөмірлі аруымыз .............
2-ші нөмірлі аруымыз .............
3-ші нөмірлі аруымыз .............
4-ші нөмірлі аруымыз .............
Рабиғаның сөзі
3-ші кезең « Шебер қолдар»(Аруларға табиғи заттардан панно жасау тапсырылады).
Аруларымыз өз жұмыстарын аяқтағанша 3 ә сынып оқушысы Ансаптың орындауында хип-хоп биін тамашалайық. Ансапты қол соғып қарсы алайық!
Ал енді аруларымызда болып қалды. Жасаған бұйымдарын әділ -қазыларға көрсетсін. Аруларымызды қошеметтеп отырайық. Аруларымыздың бұйымдарын әділ-қазылар бағалай берсін. Ал аруларымызды сахна сыртына шығарып салайық. Қол соғып қошеметтейік. Қыздарымыз келесі кезеңге дайындалғанша 3 «А » сынып қыздарын «Айгөлек» биімен қарсы алайық.
Аклиманың сөз:
4-ші кезең. «Ас адамның арқауы» Бұл кезең үй тапсырмасы болып есептеледі.(Ата - аналармен бірлесіп жасаған тағамдарын көрсетеді). Ортаға аруларымызды шақырамыз.
1-ші нөмірлі аруымыз .............
2-ші нөмірлі аруымыз .............
3-ші нөмірлі аруымыз .............
4-ші нөмірлі аруымыз .............
Рабиғаның сөзі
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
5-ші кезең «Әсем біздің арулар» кезеңі
Яғни аруларымыз сән үлгісін көрсетеді. (Сән үлгісін көрсету)
(Музыканың сүйемелдеуімен) арулар ортаға кезекпен шақырылады.
1-ші нөмірлі аруымыз ............. Қошеметпен қарсы алайық.
2-ші нөмірлі аруымыз .............
3-ші нөмірлі аруымыз .............
4-ші нөмірлі аруымыз...............
Аклиманың сөз:
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күз ханшайымы - 2015» сайысын аяқтаймыз.Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін Кәдірбек Әлиханның «Бал -балалық » атты әнін тамашалайық! Қошеметтеп қарсы алайық!
Рабиғаның сөзі
Сөз кезегі әділ баға беретін әділқазыларға да келіп жетті. Сөз кезегі өздеріңізде.
Сайыс бойынша аруларға берілген орындар беріліп, «Күз ханшайымы» аталып басына тәж, кеудесіне лента тағылады.
1. 3 -ші орынға ие болған аруымыз.....
2. 2 -ші орынға ие болған аруымыз .....
3. 1 -ші орынға ие болған аруымыз......
4. «Күз ханшайымы»
Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Күз берекем, күз мерекем » атты тәрбие сағатымыздың куәсы болдыңыздар. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтті. жеңімпаздарымыз анықталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар. Күз мезгілі мерекелі, берекелі болсын. Әр жанұяға бақыт, береке сыйлаймыз.