7


  • Учителю
  • 'Сынып аруы - 2015' сайысы (4 класс)

'Сынып аруы - 2015' сайысы (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аманкелді негізігі мектебі


Сайыс.

Тақырыбы:

«Сынып аруы-2015».

4-класс


Өткізген: Г.О.Абдуллина

Сайыстың тақырыбы: «Сынып аруы-2015».

Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік,сыпайылық қасиеттерді қалыптастыру, өз халқының, Отанының азаматшасы болып қалыптасуына көмектесу. Халқымыздың салт-дәстүрін, аталы сөздерін дәріптеуге, құметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, бөлмені мерекеге сай безендіру, парақшалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті қонақтар! Осында отырған асыл аналарымызбен ардақты әжелерімізді, ару қыздарымызды, әні мен сәні жарасқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз «Халықаралық әйелдер»күнімен құттықтаймын.

Ал, халайық ықыласпен демелік

Арулардыңбүгінгі сайыстарын көрелік

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік.-деп талапты қыздарымыздың өнерін

Таразылап, әділ шешімін берер әділ қазылар алқасын тағайындап алайық.

Армысыздар қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой атақ- даңқың.

Қарсы алайық құрметтеп аруларды,

Ұстаған қазағымның ата салтын.

Ал ендеше ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

Өнерменен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпенен табысқан.

Алдарыңызда өзі сұлу, ақылды,

Қарсы алайық Сабина деген аруды.


Білімді, алғыр, ақылды,

Татулықты қолдаған.

Сыныптың үлгілі аруы

Шақырайық ортамызға Фаризаны.


Білімді, өзі алғыр жан-жақты,

Ақыл десе өз-өзіне айбынды.

Сыныбымның мақтанышы

Шақырамын ортамызға Ақботаны.


Өзі сұлу көрікті,

Сыныбымның жұлдызы

Өнерімен тамсандырар талайды

Шақырамын ортамызға Аружанды.

Аруларымызды бүгінгі сайыстың шарттары мен таныстырып өтейік.

Сайыс шарттары:

1.Өзін- өзі таныстыру.

2. Білім және дәстүр.( сұрақ- жауап)

3. Өнерліге өріс кең. (өнер байқауы)

4. Спрттық сайыс.

5. Көктем аруы (сән үлгісі).

Мұғалім:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.- деп қыздарымызды өздерін таныстыруға шақырамыз.

Мұғалім:

Жас ару, жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан- дей отыра қыздарымызды «Сұрақ-жауап» сайысына шақырамыз.

2-сайыс: «Білім мен дәстүр».

1.Қазақтың ұлттық дәстүрлерін ата.

-Шілдехана, ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, тіл ашар.

2.Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар.

-Ауа, су, жылу, жарық.

1. Қазақтың ою түрлерін ата.

-Қошқар мүйіз, ботамойын, тұмарша, құс қанаты.

2.Жуан дауыстыларды ата.

-а,о, ұ,ы,у.

1. Сәндік бұйымдарды жасайтын адам кім? Зергерлік бұйымдарды ата.

-Зергер. Сырға, сақина, білезік, алқа, шашбау.

2. Төрт түлік малды пірлерімен атап бер.

-Жылқы атасы-Қамбар ата

Сиыр иесі-Зеңгі баба

Қой иесі-Шопан ата

Ешкі иесі-Сексек ата

Түйе иесі- ойсыл қара.

1.Аналардың мерекесіне арнап тақпақ айтып бер.

2.Сөз таптарын ата. Ережесін айт.

Мұғалім:

Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таңшолпан мен астасқан.

Өнеріңді қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметпен қол соққан.

Ендігі кезекті өнер сайысына береміз.

Мұғалім: «Шынықсаң шымыр боларсың»деп, қыздарымызды спорттқ сайысқа шақырамыз. «Спорттық сайыс».

«Кім епті?»конфетті қолдың көмегінсіз келесі ыдысқа тасу.

Мұғалім:

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркібиіктетер аласаны,-деп келесі сайысымызды бастаймыз.

Бұл сайысымыз «Көктем аруы»деп аталады. Сайыста қыздарымыз өз қиялдарымен жасаған «Көктем аруына» сай сән үлгі киімдерін көрсетеді.

Қыздардың аналарына арнап дайындаған кішкене сыйлықтарымен тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Мұғалім:

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның.- дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысқан қыздарға алғысымызды білдіреміз.

Ару қыздарымызды марапаттау.

1.Қазақтың ұлттық дәстүрлерін ата.

2. Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар.


1.Қазақтың ою түрлерін ата.

2.Жуан дауыстыларды ата.


1.Сәндік бұйымдарды жасайтын адам кім?

Зергерлік бұйымдарды ата.

2.Төрт түлік малдарды пірлерімен атап бер.

Аналардың мерекесіне арнап тақпақ айтып бер.

Сөз таптарын ата. Ережесін айт.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал