- Учителю
- Ана тілі 'Үш би. Сан есім' 1-сынып
Ана тілі 'Үш би. Сан есім' 1-сынып
Күні: 06.04.15.
Тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. "Үш би."
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? ұғымы туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық:Оқушылардың жаттығулар, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отанын сүюге, туған жерін, елін,халқын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекі-құралдар: Үш би суреті, сызба тіректер, слайд, видеоматериал
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтастыру, көрнекілік, жаттығу.
Пән аралық байланыс: Математика
Сабақтың барысы:
Кезеңдері:
Өтілу барысы:
Уақыты:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Өткенді қайталау:
Үй тапсырмасын тексеру:
«Тез ойла!» ойыны
Дәптермен жұмыс:
Сергіту сәті:
Топтық диалог:
Оқулықпен жұмыс:
Бекіту:
Үйге тапсырма:
Бағалау:
Қорытынды:
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау
1-топ: «Төле би» ауылы. Жандаров Аян
2-топ: «Қазыбек би» ауылы. Абилов Бактбек
3-топ: «Әйтеке би» ауылы. Абдисаматов Бакытжан
-Әр топтан 1 оқушы топ басшыларын таныстырады.
Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) - қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқының Орта жүздің биі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) -қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан Кіші жүздің үбидің бірі, мемлекет қайраткері.
Сабақ өнімді болу үшін бағалау критерилерін қойдым. Топ басшылары топтағы оқушыларды сабақ барысында қарап, бағалап отырады.
1 2 3 4 5
- Балалар, тақтада нелер берілген? (сандар, цифрлар)
Дұрыс айтасыңдар, бұлар - сандар (цифрлар). Бұл цифрлардың біз үшін маңызы не?(Бұлар - бағалар)
- Қандай баға жақсы? Бағалардың қасиетін білеміз бе?
«Бір»дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі»дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
«Үш»дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт»дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес»дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
- Өте жақсы, балалар, олай болса, бәріміз сабаққа белсенді қатысайық.
Әртопқа сөздер беріледі. Сол сөздердің қандай сөз табы екенін дәлелдеп айту, сұрақ қою, ереже шығару , мысал келтіру және сөйлем құрау.
1-топ: Зат есім «Гүл» (көпше түрге айналдыру: гүлдер). Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Қала, жер-су аттары, адамның аты-жөні, үй жануарларына қойылған аттар,)
2-топ: Сын есім «Қызыл» (Түсін білдерітені айту)
3-топ: Етістік «Өсті»
Барлығына:
-Осы үш сөзден қандай сөйлем құрауға болады?
Сөйлем: Қызыл гүл өсті.
-Суретке қараймыз, неше қызыл гүл өсіп тұр?
Сөйлем: Үш қызыл гүл өсіп тұр.
Қандай сөзді қостық, осы заттың несін білдіреді?
-Сонымен, заттың санын білдіретін сөздер не деп аталады екен?
-Сұрақтары қандай? Мысал келтіреміз?
Үйге берілген тапсырма: Сан есімі бар 5 сөйлем жазу, сан есімдердің астын сызу.
Әр топтан 2 оқушыдан 1 сөйлемнен оқыту. Ереже сұрау.
Ойын шарты: сан есімді пысқтау мақсатында берілген сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап беру керек.
Бір аптада неше күн бар? (7)
«Адам болма десеңіз» өлеңінде неше дұшпан туралы айтқан? (5)
Сыныбында неше оқушы бар? 21
Адамда неше саусақ бар? (10)
Сенің мектебің нешінші мектеп? (7)
Адамда неше жүрек бар? 1
Жылдың неше мезгілі бар? 4
Сенің жасың нешеде? 7-8
Отбасында неше адам бар? 4-5
Қазақта киелі сан неше? 7
Ең үлкен екі таңбалы сан? 99
Оқушылар, біз сұрақтарға нелерді айтып жауап бердік? (сандарды, яғни сан есімдерді)
-Оқушылар, бүгінгі сабақта осы сан есімді пысықтау мақсатында жаттығулар, тапысырмалар орындаймыз.
Көркем жазу.Тақтаға жазып көрсету.
И и, ин-жоғары байланыс, ил-төменгі байланыс
136- жаттығу.(жазбаша) 1.Сандарды сөзбен жазу. 2.Екі таңбалы сандардың бөлек жазылуын түсіндіру.
3 топтан 3 оқушы жазады, қалған оқушылар дәптерге орындайды
11,12,13,14
Үлгі: он бір, …
-Балалар ,бұлар қандай сандар?
-Екі таңбалы сандар қалай жазылады?
Ереже: Бұлар күрделі сан есімдер, яғни екі таңбалы сан. Сондықтан бөлек жазылады.
Видеороликтен қайталап қимылмен көрсету.
137-жаттығу. (Ауызша). Диалог.
Топ басшысы топтағы оқушыларға тізбектей сұрақтар қояды, ал оқушылар толық жауап беру керек.Сан есімдерді сұрақ қою арқылы табу керек.
-Атың кім?
-Неше жастасың?
-Қай сыныпта оқисың?
-Оқушылар, біз бүгін Нұрлан Мырқасымұлы Оразалиннің «Үш би» өлеңімен танысамыз.
Өлеңді оқымас бұрын сендерге мынадай тапсырма: -Балалар, би, шешен деген сөздерді естігендерің бар ма? Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Тірек сызба арқылы түсіндурі. (тақтаға шығарып ілу)
3-топқа үш би:
1-топ: «Төле би»
2-топ: «Қазыбек би»
3-топ: «Әйтеке би»
-Оқушылардың жауабын толықтыру.
Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі - шешендік өнер. Шешен деп - алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады. Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген. Ел аузында:
Төле тауып айтады,
Қазыбек қазып айтады,
Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би - ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би - шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігімен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де - халық қамын ойлаған кісі болған.
«Қазақ билері» Видео көрсету
«Үш би» өлеңі
1)Өлеңді мәнерлеп мұғалім оқу
2)Оқушылар іштей оқу
3)Әр топ тізбектей оқу
4)Әр топ үш шумаққа бөліп оқу
5) Сұрақтар: (толық жауап беру)
1-топ: Өлеңде не туралы айтылған? (Қазақтың үш биі туралы айтылған)
2-топ: Үш биді неге теңеген? Асылға, көлге, елге, жерге, туға)
3-топ: Үш бидің елдің алдындағы еңбегі қандай болды? (ел намын қорғау, қазақ жерін басқару)
Ребус. Мақал шығару. Мағынасын ашу.
«Шешен сөз бастар
Батыр қол бастар»
-138-жаттығу, 150 бет. Қай жүзден шыққандарыңды, руларыңды ата-аналарыңнан сұрап келу.
Топ басшылары бағалау критерилері бойынша топтағы оқушыларды бағалап шығады.
№
Оқушы аты-жөні
Топта жақсы жұмыс істеді ме?
Топта тәртібі қандай болды?
Уақытты сақтады ма?
Белсенді қатысты ма?
1
Аян
2
Аселя
3
Айсауле
4
Мансур
5
Томирис
6
Нурила
7
Дархан
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы.
20 теңге - «3»
50 теңге - «4»
100 теңге - «5»
-Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келесі сабаққа дайындаламыз.
3 мин
2 мин
5 мин
3 мин
1 мин
2 мин
3 мин
1 мин
2 мин
5 мин
1 мин
2 мин
10 мин
3 мин
0,5мин
1,5 мин
1 мин