- Учителю
- Асыл мұра 4 сынып бағдарлама
Асыл мұра 4 сынып бағдарлама
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Шідерті жалпы білім беретін мектебі
Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі
ҚАРАЛДЫ:
әдістемелік бірлестігінің
отырысында
«___»_______________
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры
А.К.Кусаинова
«___»_____________
«___» _____________
Таңдау курсының
бағдарламасы
« Асылмұра »
4 - сынып
Құрастырған: Лизат Санаққызы, бастауыш сынып мұғалімі
Түсінік хат
Оқушыларды «Асыл мұра » бағдарламасы қазақ халқының асыл мұрасына
аса қаұрметпен бағалағандықтан,бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту - басты мақсат.
Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай
құрылған.
4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген - білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.
Би - шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастара білуді үйренеді.
Бұл жинақ ана - тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі - тілдің рухы.Тілдің рухы деген өте бір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз, дәстүріміз,ұлттық
психологиямыз,дүниетанымымыз.
4 қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат.
Бағдарламаның мақсаты:
Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,
оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген
талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай
міндеттер жүктеледі.
Міндеттері:
- оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
- көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
- шығарманың түпкі мазмұн - мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;
- шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.
- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
-көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;
- жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;
Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.
«Асыл мұра » бағдарламасы 4- сынып 34- сағат
№
Тақырыбы
Сағат
Саны
өтіл
уақыт
1
Қазақ мемлекеті (хандығы)
1
2
Егеменді қазақ елі.
1
3
Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері
2
4
Шешендік арнау.
1
5
Шешендік толғау.
1
6
Шешендік дау.
1
7
Шешендік сөздер
2
8
Жиренше шешен,Асан қайғы (ХІҮ-ХҮ ғғ.)
2
9
Сырым Датұлы.
1
10
Махамбет,Исатай шешендіктері.
1
11
Шалкиіз,Бұқар (ХҮ-ХҮІІІғғ.)
1
12
Майқы би,Аяз би.
1
13
Шортанбай,Дулат шешендер
1
14
Мақалдар ұйқасы.
1
15
Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру.
2
16
Жұмбақ,жаңылтпаштар айтайық.
1
17
Қазақша той - думандар
2
18
Ертегілер елінде
2
19
Абайдың қара сөздері.
2
20
Наурыз тойы.
1
21
Инабаттылық дәстүрлері.
1
22
Аңшылық туралы әңгіме
1
23
Әңгімелер өз мүмкіндігіңше жалғастыр
1
24
Ұлттық ойындар.
2
25
Тест жұмыстар
1
26
Қорытынды
1
Пайдаланған әдебиеттер:
-
«Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.
-
«Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.
-
«777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.
-
«Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.
-
«Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.
-
«Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.
«Балдырған» журналы №7 2008,№8 2008,№12 2008ж.