7


  • Учителю
  • Планирование открытого урока на тему 'Тапқыр достар'

Планирование открытого урока на тему 'Тапқыр достар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Тапқыр достар

Мақсаты: Оқушылардың табиғат және өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы білуге деген құштарлықтарын оятып, танымдық әркеттерін белсендіру.Жылдам ойлауға дағдыландыру.

Түрі: сыныптан тыс

Көрнекілігі: тақырып жазылған қағаз, «Табиғат тамашалары» атты энциклопедиясы, құстар туралы буклеттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ.

Оқушылар 2 топқа бөлінді.

1-топ- «Зияткерлер».

2-топ - «Данышпандар».

ІІ. ОЙЫННЫҢ ШАРТЫН ТҮСІНДІРУ.

Ойын төмендегідей 4 бөлімнен тұрады:

І. Өзін- өзі таныстыру.

ІІ. «Иә-жоқ»

ІІІ. « Меннен сұрақ- сізден нақты жауап»

ІV. « Интеллектуалды жекпе- жек»

 «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі.

 «Иә-жоқ» бөлімі. Шарты: Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Сұраққа тек иә немесе жоқ деген сөздермен жауап беру керек.

1-топқа 10 сұрақ

1.Табиғатта су 3 күйде кездеседі: газ, сұйық, қатты. ИӘ

2.Қоян жылына екі рет көжектейді: көктем мен күзде. Күн сайын оларға жаңа тіс шығып отырады. ИӘ

3.Қар, бұршақ, жаңбыр тірі табиғатқа жатады. ЖОҚ

4.Бауырын жазып шаба алмас,

Озып бәйге ала алмас.

Үстіне киген киімі

Жыртылмас та жамалмас. Шешуі: Тасбақа ИӘ

5. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Өзі бірақ көрмейді.

ТҰСБАҒАР ИӘ.

6.Өрмекшітәрізділердің 8 аяғы болады. ИӘ

7.Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер атауы "Қара кітапқа" жазылады. ЖОҚ

8.Топырақтың құрамы су, ауа, шірінді, құм, саздан тұрады. ИӘ

9.Өсімдік тіршілігі үшін ауа, су, жылу және жарық қажет. ИӘ

10.Итмұрын, алоэ, андыз, қырмызыгүл, жұпаргүл - дәрілік өсімдіктер. ИӘ


2-топқа 10 сұрақ

1. Шиенің жапырағы жерге түсісімен қыс келеді. ИӘ

2.Шөлге шыдамсыз жануар - түйе. ЖОҚ

3. Киттің баласы сүтпен қоректенеді. ИӘ

4. Барыс - әлемдегі ең ірі және ең күшті жыртқыш аң. ЖОҚ

5.VII Қысқы Азиада ойындары Қазақстан елінде өтті. ИӘ

6.Ең кішкентай құс - колибри. ИӘ

7.Құйрығымен бұтаққа асылып, әткеншек тебу - маймылға тән қылық. ИӘ

8.Найзағай - түрлі түстер жиынының көрінісі, жаңбыр тамшыларының күн сәулесімен шағылысуынан туындаған түстер шоғыры. ЖОҚ

9. Желден қатты сасады,

Томпалаңдап қашады.

Тірелгенше дөңге кеп,

Дедектейді дөңгелеп.

Шешуі: Қаңбақ ИӘ

10.Құм, саз - жанғыш пайдалы қазбалар. ЖОҚ

ІІІ."Меннен сұрақ-сізден нақты жауап". Шарты: 2 топ 4 ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру керек. Бірінші сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ 500 ұпай иеленеді. Сұрақтың жауабына күмәнданатын болса, көмекші сұрақтар қойылады. Әр көмекші сұрақ алғандары үшін 100 ұпай шегеріліп отырады.

1-ұяшық.

Олардың көлемі 20 см, салмағы 1, 5 кг- ға дейін. (500 ұпай)

Көмекші сұрақтар:

400 ұпай. Көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар

көлемінде шығын шегеді.

300 ұпай. Әсіресе, бұл құбылыс ауыл шаруашылығына өте қауіпті.

200 ұпай. Бұл жаңбыр кезінде болады және нөсерлі жаңбырмен қатар жүреді.

100 ұпай. Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болып келеді.

Жауабы: Бұршақ.

2-ұяшық.

Ол жануардың аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей.

Көмекші сұрақтар:

400 ұпай. Бір қызығы, олар ұсақ шаяндармен қоректенеді.

300 ұпай. Оның салмағы 160 тонна, ұзындығы 30 метр.

200 ұпай. Олар балаларын сүтпен қоректендіреді.

100 ұпай. Әлемдегі ең ірі су жануары.

Жауабы: Көк кит.


3-ұяшық.

Ерте заманда оларды соғыс көлігі ретінде пайдаланған.

Көмекші сұрақтар:

400 ұпай. Ыстық жақта мекендейді.

300 ұпай. Олар жас ағаштардың жапырақтарын, түрлі жемістерді жейді.

200 ұпай. Өзі үлкен, сирақтары жуан болады.

100 ұпай. Оның ұзын тұмсығы болады. Сол ұзын тұмсығымен үлкен ағаштарды қопарып тастайды.

Жауабы: Піл.

4- ұяшық.

Ұясын жерге салып, 2-4 жұмыртқа туатын құс.

400 ұпай. Дене тұрқы 62-72 см, салмағы 2,1-3,2 кг.

300 ұпай. Ұсақ жәндіктермен, бунақденелілермен қоректенеді.

200 ұпай. Қауырсыны сәндік мақсатта қолданылады.

100 ұпай. Жемін түнде аулайды.

Жауабы: Үкі.

ІV.«Интеллектуалды жекпе-жек» бөлімі. Шарты: Әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 100 ұпаймен бағаланады.

1.Бейне сұрақ

ЖАНУАР: Ауыз, асқазан, қымбат әшекейлер.

Ол ешқашан тоймайды, аузына не түссе, соны жұта береді. Оның асқазаны өте мықты. Жұтқанының бәрін қорытып үлгермесе де, өзіне ешқандай зиян келмейді. Мысалы, оның ішінен пошта жәшігі, қымбат әшекейлер, көзілдірік, шеге, аттың тағасы шыққан.

Жауабы: Акула.

2.АДАМ:мыс,15 жыл, ғылым.

Бұл тас қазақ даласында жаратылған. Тіпті түпкі мекенін де айтайын. Ол - Жезқазған. Бұл сөзді геология ғылымының докторы, академик қана емес, сол Жезқазғанның мыс кенін ағылшын компаниясы кеткеннен кейін, 15 жыл ұдайы зерттеген инженер- геолог айтып тұрғанын және ескеріңіз.

Жауабы: Қаныш Иманғалиұлы Сәтбаев.

3. ҚҰС: қалың май, жүрісі, қар.

Оның денесін қалың май басқан. Оның жүрісінің жылдамдығы сағатына 3-4 км-ден аспайды. Ал қауіп төнген кезде сағатына 30 км-ге дейін жүгіреді. Оның осындай жүрісінің сырын әркім біле бермейді. Ол бауырлап жатады да, аяқ пен қанаты арқылы қарды есіп отырады. Яғни қар бетінде сырғанай береді.

Жауабы: Пингвин.

4. Бейне сұрақ: Ағаш, отын,емен.

Әлемдегі отқа ең жақсы жанатын ағаш. Оның өте тығыз сүрегі жылуды емен ағашынан да көп бөледі.

Жауабы: Сексеуіл.

5. Бейне сұрақ :Дәрумен, көз, тыныс алу.

Бұл дәрумен майда жақсы ериді. Организмге көбіне дайын күйінде түседі. Адам тәулігіне 1 мг қабылдауы тиіс. Бұл дәруменнің жетіспеуінен көздің нашар көруі, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің қабынуы байқалады.

Жауабы: А дәрімені.

6.Ойлан тап:қызыл, бүр, ем.

Қызыл күрең түрі бар,

Тебіндеген бүрі бар.

Піскен кезде қаулайды,

Алтыннан бір аумайды.

Бал татыған нәрі бар,

Онда емнің бәрі бар.

Жауабы: Шабдалы.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал