- Учителю
- Урок по казахскому языку для 2 класса Сын есімнің мағынасы
Урок по казахскому языку для 2 класса Сын есімнің мағынасы
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Сын есімнің мағынасы»
Пән мұғалімі: Жумабекова С.К
Қарғалы 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Сын есімнің мағынасы»
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік. Жаттығулар орындай отырып,сын есімді тауып өздеріне қатысты зат есімдермен байланысын анықтай білуге баулу.
-
Дамытушылық. Тілін,сөздік қорын дамыту.
-
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайдтар,сызба-кестелер
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Назарларын сабаққа аудару
ә) Бес топқа бөлу
б) Топ ережесімен таныстыру
Оқушылар әр түрлі түсті таңдап бес топқа бөлінеді.
1 - топ. Сөз таптары (сары түс)
2 - топ. Зат есім (жасыл түс)
3 - топ. Етістік (қызыл түс)
4 - топ. Сын есім (көк түс)
5 - топ. Сан есім (қара түс)
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
429 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып салыстыру.
1. Қазақстанда шұрайлы жер көп
2. Біздің сынып кең және жарық.
3. Тоғжан әдемі кеудеше алды.
4.Шынтастың қара ала күшігі бар.
ІІІ. Өткенді пысықтау.
Сұрақтарға жауап алу.
- Зат есімнің неше түрі бар?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сұрақтары қандай?
IV. Мақсат қою кезеңі.
- Балалар, мына ребусты шешсек,бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады.
'''' '' ''' '' '' '''''
-
Ы І НІҢ
''' ' '' '' '' '
М ҒЫ
- Олай болса балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сын есімнің мағынасы»
V. Жаңа сабақ. Күн ретін жазу.
432-жаттығу. Өлеңді оқып сын есімдерді тап.
Ақжүрек пен таза ақыл -
Қылсаң адал еңбек.
Бәрінен де сол мақұл -
Артқыға жол бермек.
Сен бола көр аққа жақ,
Болам десең адам.
Адал еңбек берер бақ,
Бассаң соған қадам.
( Шәкәрім Құдайбердиев)
-
Сын есімдердің астын сыз, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
-
Өлең мазмұнын қалай түсіндің?
-
Ақжүрек дегенді қалай ұғындың?
433 - жаттығу. Зат есімдердің тұсына түсін, дәмін, пішінін білдіретін сөздерді қойып жаз.
Алма ............., ..............., ............... .
Пияз .............., ..............., ............... .
Шие .............., ..............., ................ .
Бұрыш .............., ..............., ................. .
Ү л г і : Алма қызыл, тәтті, домалақ.
Сергіту сәті:
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді алайық,
Көркем етіп жазайық.
VI. Түсінгендерін тексеру.
434 - жаттығу. Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Сұлу, ауыр, жуан, нәзік, жеңіл.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта.
435 - жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіндегі суреттелген қай құс екенін дәлелде.
Бұл - құтан тұқымдасына жататын денесі шағын құс.Түсі қоңырлау сары, тұмсығы тік, құйрығы қысқа болады. Қалың қамыс, қоға өсетін өзен, көл маңын мекендейді. Көктем кезінде еліктің бақырғанына ұқсастау етіп «ә-әуіп» дегендей үн шығарады.
VII. Қорытындылау.
Шығармашылық жұмыс.
1 топ. Мақал - мәтелдер айту.
2 топ. Өлең шығару.
3 топ. Сурет салу.
4 топ. Жұмбақ жасыру.
5топ. Ребус құрастыру.
VIII. Үйге тапсырма.
436- жаттығу.
«Алматы - әсем қала» тақырыбына әңгіме құра.
IX. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.