7


  • Учителю
  • Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларыСабақтың мақсаты: 1. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары туралы түсіндіре отырып, сөйлем арасынан таба біруге машықтандыру. Шылауларға байланысты жаттығу жұмыстарын орындау. 2. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыпта
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

Сабақтың мақсаты: 1. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары туралы түсіндіре

отырып, сөйлем арасынан таба біруге машықтандыру.

Шылауларға байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

2. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын

қалыптастыру. Оқушылардың іскерлігін, шығармашылық

қабілетін дамыту.

3. Сабақ барысында жүргізілетін жұмыстар арқылы

оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, еңбек

сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ойын әдіс

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, ойын элементтері.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика, орыс, ағылшын тілдері,

өзін-өзі тану, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

а) Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау.

ә)Сабақтың ерекше екенін хабарлау.

Білімге біз тоймайық,

Шат күлкіге бойлайық,

Бәрін мықтап, қамдап ап

Кәне бірге ойнайық!


  1. Үй жұмысын тексеру.

а) 15- жаттығуды ауызша тексеру.

ә) ережені сұрау.

3. Жаңа сабақпен байланыс.





4.Жаңа сабақ


-Олай болса, оқушылар, бүгін қай шылаулармен танысамыз?

- Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары

-Дәптерімізге күннің жадын жазамыз.


Көркем жазу. Есту диктанты.

Бүгін сенбі ме, жексенбі ме? Сен жақсы оқушысың ба? Күн суық па, жылы ма?


Шылауды табу. Қандай қызмет атқарып тұр? (Мұғалімнің түсіндірмесі.)



Жаттығу жұмыстарын әр пән арқылы ойын түрінде жүргізу.


19-жаттығу. Сөзжұмбақ шешу. (әдебиеттік оқу пәні бойынша)

1


2

4


5

6


7


Сұрақтар: 1.Кекілбайдың есімі.

2.Әлия Молдағұлова туралы әңгіме.

3. «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі басты кейіпкер.

4. «Тау қыраны» әңгімесі кім туралы.

5. Қырғыз жазушысы есімі.

6.Мәншүктің шын есімі.

7.Іздеген жетер ...


-Ерекше тор көздерден қандай сөз шықты?

-Іске сәт

-Олай болса істеріңе сәттілік тілей отырып, сабағымызды жалғастырамыз.


  • Жұмбақты оқып, шешуін табу.

Өңім бе бұл, түсім бе,

Адамы көп ішінде.

Бір ғажайып жәшік тұр,

Барлық сырды шашып тұр.

(теледидар)

Шылауды табу, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын байқау.

20-жаттығу. «Гүл» ойыны. (Математика пәні бойынша).

Шешуі: 15, 1913, 2,

30, 700.

2000-87

75:5


100:50


380+320 90*3

-Есептің шешуін таптық. Енді жаттығу жұмысын орындаймыз.

  • Сөйлемдерді көшіріп жазу.

1.Күн ашық па? 2.Жер көктеді ме? Мал көкке тойынды ма? 3.Құстар туған жерге оралды ма? Сен оларға сәлем бердің бе?

  • Шылаудың астын сызамыз. Олардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту.


21-жаттығу. «Ол кім? Бұл не?» ойыны. (Орыс, ағылшын пәні бойынша)

Тақтадан сурет көрсету. Орысша, ағылшынша атауларын айту.

1.Алма-яблоко-apple

2.Гүл- цветок-flower

3.мысық- кошка-cat

4.Үй-дом-home

5.Ит-собака-dog

6.Шәй- чай-tea

  • Жаңылтпашты оқып, жатқа айт, шылауды табу.

Ақ матадан ақ мақта ақ па?

Ақ мақтадан ақ мата ақ па?


Сергіту сәті. Әуен ырғағына дене қимылын қозғау.


22-жаттығу. Құрақ құрау. (Еңбекке баулу пәні бойынша)

Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларын қатыстырып, әр шылауға сөйлем ойлап,құрақ құрау.

Мысалы: 1.Сөз ауыр ма, тұз ауыр ма? 2. Марат, бүгін келдің бе? 3.Бұл оқушы үздік пе, екпінді ме?...


23-жаттығу. Тест тапсырмалары. (Дүниетану пәні бойынша)

1. Көне дәуір адамын кім деп атады?

А) маймыл адам Ә) есті адам Б) алғашқы адам


2.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?

А) 5-орында Ә) 15 орында Б) 9-орында


3.Қайсысы ең биік тауға жатады?

А) Алтай Ә) Алатау Б) Тянь-Шань


4.Еліміздегі ең терең көлді білесің бе?

А) Байкал Ә) Зайсан Б) Балқаш


5.Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не деп аталады?

А) карта Ә) глобус Б) шар


Тест кілті: 1 А), 2 Б), 3 Б), 4 А), 5Ә.


  • Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыр. Сұраулық шылаулардың жазылуы туралы өзің қорытынды жаса.

Киіміңе мақтанба. Сен мына кітапты оқыдың ба?

Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. Сабақ басталды ма?

Ешқашан өтірік айтпа. Ол сабағын оқып па?

Кісіге қарап күлме. Айгүлді көрдің бе?


  • Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары өзі қатысты сөздерден бөлек жазылады.


5. Сабақты қорыту.

Жүректен - жүрекке (Өзін-өзі тану пәні бойынша)

Жүректегі сұрақтарға жауап беру.


- Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының қызметі қандай?

  • Қайталанған ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының арасына және соңғысынан кейін қандай тыныс белгі қойылады?

  • Сұраулық шылаулар қалай жазылады?


Барлығы бірге: Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл-бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін.


6.Үй жұмысы

24-жаттығу.Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.


7.Бағалау

Оқушыларды әр ойында әр түрлі белгілермен бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал