7


  • Учителю
  • «ТАБИҒАТ –ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ» тәрбие сағаты

«ТАБИҒАТ –ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ» тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Көкшетау қаласы

№13 мектеп-гимназиясы




Мұғалім: Молдоханова Ж.Ж.

Сынып сағаты 18.02.2013

Сабақтың тақырыбы:

«Табиғат -денсаулық пен әсемдік әлемі»

Білімділік мақсаты: бірлік ұғымының адамгершілі құндылығы ретінде мәнін ашу және дстық адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, бірлік туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: көпшіл болу іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Табиғат - анамыз

Табиғат ол - анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

  • Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?

  • Адам табиғатты түсіне ала ма?

  • Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?


Күн мен гүлдер

Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

- Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.

Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:

- Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.

- Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

- Қазір, ашайын көзімді, қазір...

Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

- Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

- Жарайды, - деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»

Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

- Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

- Қазір, алтын Күн!

Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.

Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.

  • Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

  • Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.


Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Нәтиже:














 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал