- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Білім күні'
Тәрбие сағаты 'Білім күні'
Тақырып: Республикалық бейбітшілік пен келісім.
Сабақ мақсаты: Жас жеткіншек бойында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, СТО, ЖЕ, ДОЖ, Диалог оқыту, көшбасшылық, бағалау.
Сабақтың жабдықталуы: Интербелсенді тақта,жұмыс парағы, доп, альбом.
Жұмыстың формасы: жұппен, топпен.
Сабақ барысы:
1. Тақырыпқа шығу
Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты анықтау. / жақсы, болмас, озады, ортақ, досы, ынтымақ, түбі, туады /
а/ ... адам - елдің ырысы, ә/ Бірлік болмай,
Жақсы жер - жанның тынысы. Тірлік ... .
б/ Бірлігі жоқ ел тозады, в/ Күн ортақ, ай ... , жақсы ортақ
Бірлігі күшті ел ... . д/ ... көпті жау алмайды,
е/ Ырыс алды - ... Ақылы көпті дау алмайды
қ
а
з
а
қ
с
т
а
н ж/ Ынтымақ ... - бірлік з/ Ер жігіт ел үшін ... ,
Ел үшін өледі.
з/ Ердің көркі ... ,
Отан көркі жерімен.
2. Қазақстан деген сөзге тірек сызба ұсыну.
/ Тұжырымдамалық карта арқылы Қазақстанға сипаттама береді/.
Қазақстан
3. «Константинополь» әдісі.
Бүгінгі / Қазақстан / негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.
Мысалы: Қаз, ақ, қазақ, ата, қан, азат, сақ т.б.
4. « Синквейн» әдісі. Бес жолды өлең жазу. /Отан, тәуелсіздік, Астана, тіл /
* Бірінші жолда тақырып бір сөзбен аталады (зат есім)
* Екінші жол - бұл тақырыпты екі сөзбен сипаттау (екі сын есіммен)
* Үшінші жол - бұл үш сөзбен осы тақырып көлемінде іс әрекетті сипаттау
* Төртінші жол - бұл тақырыпқа қатыстылығын көрсететін төрт сөзден құрылған сөйлем
* Соңғы жол - бұл тақырыптың мәнін қайталайтын бір сөзден құрылған синоним
5. «Серпілген сауал» әдісі. /Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарға жауап алу./
а/ Қазақстан Республикасының Туының авторын ата.
ә/ Тудың көгілдір түсі нені білдіреді?
б/ Елтаңбаның авторларын ата.
в/ Шаңырақ бейнесі нені білдіреді? т.б.
г/ Мақал - мәтел айту.
6. Қорытынды.
Бүгінгі сынып сағатын « Мен өзімді қалай сезінемін » , эмоциялар символдары (смайликтер) арқылы бағалады.
№ 19 жалпы орта білім беру мектебі
Өткізген: Шаханова Н.Т.
2 «Ә» сыныбы