7


Ана тілі Малдың төлді сүюі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 1 «Ә»

Тақырыбы: «Малдың төлін сүюі»

Мақсаты:

Білімділігі: Төрт - түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқуға үйретіп, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды толық меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын байыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту

Тәрбиелігі: Қазақ халқының өмірін төрт - түлік малмен байланыстыра отырып, оларды қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: Ашық сабақ

Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, түсіндіру.

Нәтиже: 1. Оқушылар төрт түліктің ерекше қасиеттерімен танысады.

2. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды меңгереді.

Көрнекілігі: Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттері, мақал - мәтелдер,

тыйым сөздер жазылған қағаздар.

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Оқу - құралдарын түгендету;

  • Назарларын сабаққа аудару;

Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңбері»

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

- Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа барлығымыз толық қатысамыз. Сабағымыздың мақсаты төрт - түлік малдар туралы толық мағлұмат ала отырып, жуан және жіңішке дауысты дыбыстармен жұмыс жасаймыз. Қазір біз топқа бөлініп алайық. Мына ағаштағы алмалардың біреуін аламыз. Сол алманың артында жасырылған

төрт - түліктің пірлері бойынша топтасып, орнымызға отырып, оқу - құралдарымызды түгендеп, жақсылап жайғасамыз.

І топ - «Қамбар ата»

ІІ топ - «Зеңгі баба»

ІІІ топ - «Шопан ата»

ІҮ топ - «Ойсылқара»

ІІ. Өткенді пысықтау кезеңі:

-Балалар, өткен сабақта «Әнші» төлдер тақырыбын өтіп, үйге мәнерлеп оқуға берген болатынмын.Олай болса, мәнерлеп оқуды бастайық.

  1. - 5 оқушыдан сұрау)

-Жарайсыңдар балалар! Сонымен өлеңде қандай төрт - түліктер жайлы айтылған екен?

(Оқушы жауабы тыңдалады)

-Балалар! Бір сәт көзімізді жұмып, мына әуенді зейін қоя тыңдайық.

(Әуен ойнап, мұғалім сөзі оқылады)

-Жаз ... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Жаздың алтын нұры ойнаған, жайма - шуақ күні еді. Өзен жағасы жібекке тіккен көк ала кесте сияқты. Сылдырап аққан өзен суы құлақ құрышын қандырғандай.

Бүгінгі таң мен үшін ерекше атты. Таң шапағының таза ауасымен тыныстап, жасыл желектің балғын шығын жалаң аяқ баса жайлауға беттедім. Себебі ...

(Оқушы ойы тыңдалады)

II. Жаңа сабақ

-Міне балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз төрт - түліктің төлін сүюі жайында болмақ. Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазып, жаңа сабақтың тақырыбын түсіріп алайық.

(Суреттер арқылы балаларға төрт - түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде алатын орнын түсіндіру.)

Балалар, «Қой төлімен жарасты, Жапырақ гүлімен жарасты», «Бота ойнақтаса - молшылыққа, Тайлақ ойнақтаса - тоқшылыққа» деген халық нақыл сөздерінен - ақ қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт - түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады. Қазақ халқы ежелден - ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік ету сырын, жай - күйін, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақ халқының ұлттық ойындарында да төрт - түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.

Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.

Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.

Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді. Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт - түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде пайдалана білуіміз керек.

-Енді бір сәт оқулыққа назар аударып, «Малдың төлін сүюі» өлеңін мәнерлеп оқып шығайық.

(Балалар өлеңді тізбектей мәнерлеп оқиды.)

-Балалар, өлеңде не жайында айтылған?

Олай болса әр топтан бір оқушы шығып, тақтадағы адасқан түліктердің төлдерін тауып, сол түліктердің аттарын жазып, дауысты (жуан, жіңішке) дыбыстарға талдау жасайды.

(Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды.)

І топ - «Қамбар ата». Жылқының атасы, төлі - құлын.

ІІ топ - «Зеңгі баба». Сиырдың атасы, төлі - бұзау.

ІІІ топ - «Шопан ата». Қойдың атасы, төлі - қозы.

ІҮ топ - «Ойсылқара». Түйенің атасы, төлі - бота.

-Оқушылар, енді назарымызды өлең шумақтарының астындағы тыйым сөздерге аударайық. Әр топ берілген тыйым сөздердің мағынасын ашады. (Оқушылардың пікірі тыңдалады)

ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау:

-Балалар, өлең шумағының соңғы 2 тармақтарына назар аударайық. Қандай түлік жайында айтылған? Ол түлік жайында не білеміз?

(Постермен жұмыс жүргізіліп, оқушы жұмыстарын қорғайды, мұғалім тарапынан қосымша мағлұмат айтылады.)

Үй тапсырмасын беру:

«Малдың төлін сүюі» өлеңін жаттап келу.

Оқушыларды бағалау:

Үй тапсырмасын орындау деңгейі мен жаңа сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай бағалау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал