7


  • Учителю
  • Әліппемен қоштау тәрбие жұмысы 1 сынып

Әліппемен қоштау тәрбие жұмысы 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы Бурабай ауданы

Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин

атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі:

Абишева Гульназ Балтабайқызы

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, әріптер, слайд, видео, фото, видео, камера, фотоаппарат, интерактивтік тақта, интернет


Балалар ортаға шығады. Оқушылар шеңберге тұрып, «Ризамын бүгінге» әнін орындайды

Қожанасыр келеді:

Так,так,так

Бәрің бері қараша Бүгін бізде

Болмақ қандай шара?

Зарина: (жүргізуші)

Тағзым етем, тақсырым,

Айтайын мен жан сырын

Естідім ұзынқұлақтан

1 «К» сыныбынан

Келеді бүгін ертекке

Ән салып, би билеуге

Қоштасқалы отыр екен,

Сүйікті кітап әліппемен.

Қожа:

Ал ендеше балалар,

Ақ батамды берейін:

Талаптарын зор болсын

Білім алып, оқыңдар

Үлкен, үлкен белестерге

Қиналмай ақ жетіңдер.

Ылғи бестік алыңдар.

Ата - аналарыңды құрметтеп, ақ сүтін ақтаңдар!

Ұлы ұстаздардың еңбектерін ақтаңдар! Аумин!

Мұғалім:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Оқу ісі жөніндегі орынбасарына сөз берейік.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

Олай болса балалар, ортаға әліппені шақырайықшы.

Балалар: Әліппе!

Әліппе:

Менің атым әліппе

Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.

Оқушылар тақпақ айтады:

Ақмарал:

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашар ол сүйікті әліппе!

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз

Дияр:

Күмбір-күмбір қоңырау

Соғылған ай қыркүйек

Қалам ұстап қолыма

Жазылған ай қыркүйек.

Дамир:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Жансая:

Арта берді кітапқа

Бойымдағы қуатым

Бірге жүрген қасымда

Кітап болды сыңарым.

Тимур:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе - білім бесігі

Амир:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырмысып бақ намысқа

Ержас:

Үйретті бізге әліппе

42 дербес әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке

Арғын:

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін ашып білімнің

Ертеңгі сауле жарықпен

Ақерке:

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді\

Ұстазым оның кілтін алып берді

Адильжан:

Алфавиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане, айтысты

Жібермейік намысты

Ақмарал:

Алфавиттің "А" турады басында

Әрқашанда "Ә" турады қасында

Байқадың ба "Б" турады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

Жансая:

"А" деген ол - аналар ғой ардақты"

"Ә" деген ол - әкелер ғой салмақты"

"Б" деген ол - Балалар ғой ардақты"

Біздің елде үшеуі де кәделі

Дильназ:

Дастарханда марқайып

Дала күйін тартайық

Дала жырын төгілтер

Домбырада қай халық

Мариям

Ерлер аңсап еркіндік

Ел болуға бекіндік

Елжесі биік елімнің

Елордамыз желкіндік

Амир:

Қош бол, құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Вальс биі

Ортаға Дымбілмес келеді:

Ой, ой, ой! Қандай тамаша!Мұнда не болып жатыр?

Зарина: Әліппемен қоштасу мерекесі болып жатыр.

Дымбілмес:

Мен де болайыншы

Зарина: Жарайды

Әліппе:

Балалар мен сендерді сынап көрейінші, Қане, кім оқиды?

Дымбілмес: Мен, мен, мен!

Жарайды, қане оқы:

(Бала сөзін көрсетеді)

Дымбілмес: Балмұздақ! Балмұздақ! Балмұздақ!

Әліппе: Дұрыс па, балалар?

Балалар: Жоқ, Бала

Әліппе: (ана сөзін көрсетіп,) Кім оқиды?

Дымбілмес: Ақша! Ақша! Ақша!

Кәмпит! Кәмпит! Кәмпит!

Ойыншық! Ойыншық! Ойыншық!

Әліппе:

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ!

Балалар санамақ айтады. (хормен)

Санамақ

Ән «Менің атым, менің атым әліппе

Зарина:

Жиналған қауым таң қалсын

Ән бимен шашу шашылсын

Мың бұралған бишілер

Бименен кешті жалғасын

Қыздардың орындауында

«Балапан» биі

Көрініс: «Әже мен немересі»

«Рахмет саған әліппе!» әні

Амир:

Қош бол, құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын

Кір шалмасын беттерін

Таза болсын оқулық пен дәптерің

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің 5-ке толсын! (әліппе сыйлық таратады)

Қожа: Ана тілі келгенше қарсы болмасаңыздар мен, «Арынғазы» күйін тартып берейін.

Ана тілі:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеткен

«Мектебім, аяулы мектебім» әні

Ана тілі:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар

Шашу шашу

Уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге рахмет!

Марапаттау

Ата аналарға сөз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал