7


  • Учителю
  • Урок по познание мира на тему 'Ғарыш'

Урок по познание мира на тему 'Ғарыш'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Жер-ғарыш денесі.(тарау) Ғарыш дегеніміз не?Мақсаты: 1.Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. 2.Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Сатылай кешенді талдау.3.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.Сабақ типі: аралас сабақ.Әдісі: түсін
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жер-ғарыш денесі.(тарау) Ғарыш дегеніміз не?

Мақсаты:

1.Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру.

2.Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Сатылай кешенді талдау.

3.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым, Арайлап атқан күнге.

Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:

Қараңғыда жымыңдайды жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета -грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді.

Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі -Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана

. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жерді қоршаған бүкіл дүние -ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден -ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол-Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

-Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

Бекіту

Ғарыш дегеніміз не?

1.Анықтама.

Жерді қоршаған бүкіл дүние-әлем немесе Ғарыш деп аталады.

2.Тану.

Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Он кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір-бірімен қашықтығын жердегі өлшеммен, айталық, километрмен өлшеу мүмкін емес.

Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: Жұлдыздық жүйелер- галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозхаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тосқалдап таралатын түрлі сәулелер жатады.

Жер де Әлем денесі. Жерге ең жақын жұлдыз-Күн. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі-Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.

Планеталар ірі аспан денелері күнді айнадып жүреді. (Планета-грекше адасулар жұлдыз деген сөз)

Планеталар-өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Жердің серігі-Ай. 9 планета: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

3.Ерекшелігі.

Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундына күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықта жарық 4 жылда жүріп өтеді. Құрамына Күн жүйесі кіретін Ғарыштың шағын ғана бөлігі-Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жалды әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.

4.Салыстыру.

Күн-қатардағы жұлдыздардың бірі. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұрған газды шар.

Жер-шар тәрізді дене.

Күн мен Жердің арақашықтығы 150 млн. км. Жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300000 км. Тап осы қашықтық тіршілік үшін қолайлы.

Аспан әлеміне зерттуші ғалымдар Күннің көлденеңі 1400000 км. анықтаған. Бұл жердің көлденеңінен 109 есеге жуық артық деген сөз.

5.Экологиясы.

Күн жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Жерге Күн қуатының екі миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді, басқасы әлем кеңістігіне шашырап тарап кетеді. Дегенмен осы қуат мөлшерінің өзі Жерді жылытуға әбден жетеді. Күннің сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басар еді. Ғаламат суықтың салдарынан өсімдік те, жан-жануар да тіршілік ете алмас еді. Жылудың жоқтығынан булану жүрмей, су беті қатып қалады.

6.Қорытынды.

Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесін Жер шарын айнала ұшты.12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен қалды. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер Жер төңірегін екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі -Айды да зерттей бастады.

7.Нәтиже.

Автомат стансалар Күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық, т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.

Жасанды серіктер арқылы телехабар беріледі, алыс жерлермен, радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар Жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдаланылуда.


Үйге тапсырма беру кезеңі:114-117-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал