7


  • Учителю
  • Доклад на тему 'Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы ой-өрісін дамыту'

Доклад на тему 'Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы ой-өрісін дамыту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бүл баяндама өз білімімді жетілдіру тақырыбым бойынша жыл бойы оқушылармен жүргізген жұмыстарымды қортындылау.Оқушынын танымдық әрекетін ұйымдастыру, ой-өрісін дамыту, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Тәрбие мен білім берудегі басты қағида -жалпы білім беретін мект
предварительный просмотр материала

« Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7мектеп-гимназия » КММ





Тақырыбы: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы

ой- өрісін дамыту.


Байбакина Несіп Сагымбековна

бастауыш сынып мұғалімі


Екібастұз қаласы

2015 жыл.


Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:

«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек». Өркендету жолдары мыналар:

1. Баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттердің көп болуына ыждаһат қылу керек. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қасиет жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.

2. Бала заттарды, көріністерді ұқсас сандары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы: дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сияқты. Бірақ бала заттарды, көкөністерді топ-топқа бөлу. Топ-топқа бөліп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.

3. Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды, олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету.

Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшеліктері әсер етеді. Бастауыш мектептегі оқытудың мазмұнына ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілін үйрену - сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру өзгеру заңдарын білу ғана емес, бала тілдің заңсыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін арттыру арқылы ой-өрісін дамытады.

Оқушының танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі әсер ететін сыртқы және ішкі күштер не себептер болады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларды танымдық белсенділік дегеніміз- оқушының оқуға, білімге деген ынта ықылысының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Тәрбие мен білім берудегі басты қағида - жалпы білім беретін мектептерде жеке тұлғаны ұлттық ерекшелігіне сай тәрбиелеу мен өзіндік ой-өрісін кеңейтетін білім беру. Жастарға үздіксіз білім беру жүйесінде бастауыш ең басты буын болып табылады. Өйткені, бастауыш мектепке оқушылар білімнің негізін ғана меңгеріп қоймай, сонымен қатар жаңа білімді меңгерудің әдіс- тәсілдерімен танысып өзін-өзі бақылауға ,жөнге салып отыруға, өзінің сезім әрекетін билеуге, өзін дұрыс ұстай білуге үйретеді.

Қазіргі кездегі бастауыш мектептің алдында тұрған ең негізгі міндеттердің бірі - бастауыш сыныпты бітірушілер орта буында қиналмай оқып кетуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бастауыш сыныпта мұғалім бала үшін ең беделді тұлға екені белгілі, оның сөзі-заң. Сондықтан, мұғалім оқу-тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Оның іс-әрекеті,қимылы,тұла бойы мәдениетке үйлесімді, өмірі үлгілі- өнегелі, рухани сапасы жоғары болуы қажет. Мектепте оқушының денсаулығын сақтауға, оның көңіл- күйінің көтеріңкі болуына, жүріс-тұрыс, іс-қимылы еркін, мұғалімдер тарапынан психалогиялық қысым көрсетілмеуіне жағдай жасап, олардың өзара қарым- қатынасын мейрімділік пен достыққа, өзара түсіністікпен қарастыру ескертіледі.

Педагогиканың іргелі мәселесі іс-әрекет. Оқушының іс-әрекет арқылы танымын жетілдіріп, тәжірибе мен адамгершілік құндылыққа ие болады. Бастауыш сынып оқушыларының ерекше қасиеттерінің бірі - үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы. Қызығу танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші.Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып,дарыны ұшталады,өз күшіне сенімі, мүмкіндігіне сенім артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарғаие бола бастайды. Таным қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы ескеріледі.

Біріншісі - оқытудың мазмұны, мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы,таңдандыратын тарихи деректер,бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы.

Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын,құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын интербелсенді тақта, электрондық кітаптар және көрнекті құралдардың тиімділігін арттыру. Танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудың кері байланысын жетілдіру.

Үшіншісі - мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.

Танымдық қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана, әрі сапалы орындайтын болады. Бала ойынсыз өсіп - өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойын үстінде өмірдің өзегіндей қуанып ренжиді. Ойын баланы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, тез ойлауға баулиды.

Мен өз сабақтарымда, әсіресе, математика, қазақ тілі сабақтарында әр түрлі ойын түрлерін жиі өткізіп отырамын. Мысалы: «Өз орныңды тап», «Балық аулау», «Кім шапшаң», «Кел, ойнайық!», «Сөз құрастыр», «Көкөніс жина», «Зияткерлік ойын».

Баланың логикалық ойлау қабілетін, оның есеп шығару ерекшеліктерінен тез байқауға болады.


Сондықтан оқушылардың ой-өрісін дамытуды төмендегіше таңдап таңдап алдым:



ойын

Логикалық ойын

Қимыл-әрекет ойыны



Ұлттық ойын


әрекет

Білімі, сауаттылығы


Пәнге қызығушылығы




Дүниетанымы кеңейеді

Сөздік қоры


Оқушының логикалық ойлау деңгейін анықтап отыру мақсатында сабақта оқулық мазмұнын әр түрлі ойындар , шығармашылық тапсырмалар, миға шабуылға арналған сөзтуымдар мен сөзжұмбақтар т.б материалдарды қолданып түрін өткізу заман талабына айналған. Осы тұрғыда педагогика- психологиялық маңызы зор.

Логикалық ойын - ребус, сөзжұмбақ, « Бұл қандай зат?» үндемес ойындары жатады.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады:

Біріншіден - жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарады.

Екіншіден - ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді.

Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүрлеріне, әдет- ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады.Сондықтан ұлттық ойындарды көп ойнатамын. 1-2 сыныптарда Қамза Бекболат деген оқушыммен «Асық» ойынын ойнау тақырыбымен ғылыми жоба дайындап мектепішілік, қалалық жарыстарға қатыстық. VІІІ жас зерттеушілер жұмыстарымен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» байқауының облыстық кезеңінде 3 сыныпта Қамза Бекболат «Жаһан жаршысы» номинациясына ие болып марапатталды.

4 сыныпта «Қазақтың ұлттық ойындары» деген тақырып бойынша Мұхтарбек Асел мектеп оқушыларының қалалық «Ғылыми күні» ғылыми практика конференциясында сертификатқа ие болды.

«Бүркіт құсы» тақырыбы бойынша Кульбекова Меруерт «Ғылыми зерттеуде алғашқы қадам» номинациясына ие болды. Старт в науку. А.Р.Бейсембаевтың баспа кітабына жарияланып өз жұмысымызды қорғадық.

Оқушылардың белсенділігін, саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңуді, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс.

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күні ілгері дайындалып қойылуы тиіс.

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.

  3. Ойынның жүру барысында мұғалім балаларға түгел қатысуын қадағалаумен қатар,олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетілуі керек. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.

Оқушының қисынды ойлау қабілеті-комплексті жұмыс. Ол оқу тәрбие процесінің барлық бағыттарында іске асырылады. Оқу ісі оқушының ақыл-ойын дамыту процесімен қатар жүргізіледі.

Оқушы ақыл ойын дамыту салыстыру тәсілін қолданудың маңызы зор, сондықтан да математика сабағында есеп шығару процесінде әр түрлі амал -тәсілдер бір-бірімен салыстырылып, фактілердің байланысы мен ұқсастығын ажырата білуге баса назар аударылады. Мәселе есептерді шығаруда әр алуан әдіс, амалдарды қолдана білу оқушы ой-өрісінің тереңдігіне байланысты. Оқушылардың ақыл - ойының дамуын айқын көрсететін фактордың бірі ойлау жүйесінің анализдік (талдағыштық) және синтездік (біріктіргіштік) сипаты.

Талдау дегеніміз - білуге тиісті заттар мен құбылыстардың елеулі мәні мен басты қасиеттерін айырып көрсету.

Біріктіру дегеніміз - нәрсе мен құбылыстардың жіктеліп көрсетілген елеулі белгілері мен тұрақты тұрақты қасиеттерін өзара ұштастырып, ой арқылы біріктіру. Талдау мен біріктіру немесе анализ бен синтез өзара байланысты ой әрекеті болып табылады. Адам ойының анализдік және синтездік салыстыру, дерексіздендіру (абстракциялау), нақтылау, жіктеп саралау, жүйелеу және жалпылау сияқты тәсілдермен тығыз байланысты. Бала ақыл-ойын дамытуда осы салыстыру тәсілін қолданудың да маңызы зор.

Бастауыш сыныптарда көрнекіліктерді, ойын түрінде қолданылып отырса, бала ойнай отырып, ойлауға, яғни ой-өрісін дамытуға үйренеді.

Оқу-танымдық іс- әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілетінің мынадай элементтері дамиды: зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі. Оқушылардың танымдық іс- әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылаатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық, ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптпсуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен сипатталады. Өзім сабақ беретін 2 сыныпта математикадан «Зияткерлік ойын» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырдым. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық білімдерін кеңейтіп, ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін тереңдету. Сыныптан тыс жұмыс жоспарыма: білім мазмұнына сәйкес қиялды, логикалық ойды дамытатын, тапқырлықты талап ететін тапсырмалар жүйесін енгіздім. Нәтижеде: оқушылар сыныптан тыс жұмысқа жүйелі түрде қатыса отырып, білімі мен танымдық қасиеттерін толықтырумен қатар, төмендегідей дағдыларды меңгерді:

- Өз жұмыс орнын ұйымдастыра біледі.

- Берілген жұмысты талап, салыстырып, жүйелеп, нақтылап, негізгі бөлімін, қосалқысын ажырата алады;

- Жұмыс барысында өзінше ізденуге мүмкіндіктер алады, алдына нақты мәселе қояды оның шешімін табуға әрекеттенеді.

Өз сабақтарымда көзімнің жеткені оқушыларға;

  • еркін ойлауға мүмкіндік беріледі

  • ақыл ойын дамытады

  • шығармашылық белсенділігі артады

  • ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді

  • тіл байлығы жетіледі

  • жан-жақты ізденеді

  • өз ойын еркін жеткізеді.


Осылайша оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастырсақ, онда олар өз бетінше жұмыс істей алатынын кең пікірлейтін, ой-өрісі кең, белсенді әрі қиындықтан қорықпайтын болады.

Жалпы, сабақ үстінде және сыныптан тыс жүргізілетін тиімді іс-шаралар дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігіне ие болары сөзсіз.

Көрнекті педагог В.С.Сухомлинский: «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қалмас үшін, ол қызықты болуы керек.Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілегін ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен, сақтаушысы, кітап мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен.

Олай болса, әрбір өткізілген қызықты сабақтар- мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, көтерген белесі деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ә.Сағымбаев.Есте сақтау және ойлауды дамыту,- Бастауыш мектеп,№4,2005,

26 бет.

2.Тұрғынбаева Б.А,Шабденова Б,Ш.Шығармашылық баспалдақтары,-Алматы,2003,77-80 беттер.

3. Қамалбекова А.Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру, - Бастауыш мектеп,№5,2005,18 бет.

4. М.Аманқұлова. Логикалық ойлауын дамыту, Бастауыш мектепте оқыту, -

№4,2007,34 бет.

5.Ү.Ережепова,Г.Қашқынбекова,Оқу-танымдық қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы, -Бастауыш мектеп,№6,2009,14 бет.

6. Қалиева С.Оқушылардың ой-өрісін дамыту,-Бастауыш мектеп,№1,2003,41 бет.

7. Зұлпыхарова Т. Оқушының ой-өрісін дамыту,-Бастауыш мектеп,№4,2004,4-7

бет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал