7


  • Учителю
  • Открытого урока «Құлын мінген бала»

Открытого урока «Құлын мінген бала»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Лицей

Бастауыш сынып мұғалімі: Темірханова Гүлнұр Нағашханқызы



Сабақтың тақырыбы «Құлын мінген бала»

Сабақтың мақсаты: Топтық әрекетте диалогтық тәсілді пайдалана отырып,

мәтіннің мазмұнын аша білу. Батырлық жақсы қасиет екені туралы ой қалыптастыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың формасы:топтық; ұжымдық

Сабақтың әдісі:

Күтілетін нәтижелер: Мәтін мағынасын түсініп, топтық жұмыстар арқылы батыр Бауыржан жайлы біледі.

Ресурстар: Оқулық, интербелсенді тақта, А3 қағазы, түрлі-түсті стикерлер.

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу б) Топқа бөлу : шыдамды, талапты, ұстамды

Қане, шеңбер құрайық,

Дөңгелене тұрайық.

Ұнатқан түсті таңдап ал,

Тобымызды табайық.

Түстер бойынша топқа бөліну. (1 минут)

Топ ережесі:

-Өзгені тыңда!

-Өзіңді тыңдат!

-Мүмкіндікті пайдалан!

-Уақытты сыйла!

-Ойыңды ашық айт!

-Өзгенің пікірі құнды!

Сабақ кезеңдері:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Психологиялық тренинг

«Бір бірінің алақандарын беттестіріп бір-біріне жылы сөздер айтады».(ақылдысың, әдемісің т,б жылы сөздер айтады) (1 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Астана»жайлы әңгімелеу (өзара бағалау жүргізеді) (3 минут)

ІІІ.Жаңа сабақ

Араб грамотасы арқылы сабақтың тақырыбын ашу. (2 минут)



Қ...л...н м...нг...н б...л...

А) Ой қозғау (3 минут)

Бейнетаспа арқылы Бауыржан Момышұлы жайлы үзінді көрсету. Бауыржан жайлы қосымша мәліметтер беру.

Ә)Мәтінмен жұмыс. (7 минут)

«ЖИГСО» әдісі (Мәтінді үш бөлікке бөліп оқыту. Топтар бір-біріна барып әңгімелейді.)

Б) Сұрақ-жауап (5 минут)

ІV. Топтық жұмыс 3 топқа 3 тапсырма беріледі. ( 15 минут)

І топ: «Веен диаграммасын» толтыру

ІІ топ: «Батыр» Синквэйн әдісі(5 жолды өлең)

ІІІ топ: Коллаж-батыр туралы

V.Сергіту сәті: « Қимылды жаттығу» әуенмен. (1минут)

VІ. Шығармашылық жұмыс (2 минут)

А3-қағазына батырлардың суреті қыстырылған. Сол батырлардың өзіне тән суреттерді тауып қыстыру.

Қорытынды: Мына жолдарды толықтыру. (3 минут)

Мен--------------------------------------------естідім.

Мен---------------------------------------------көрдім.

Мен-----------------------------------------қуандым.

Мен -------------------------------------------таңғалдым.

Мен ------------------------------------------- армандадым.

Бағалау: (2 минут)

- өзара бағалау

- «Данагөй ағашы» спикер бағалау қағазын толтырып, ағашқа кыстырады.

- мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия : «Бағдаршам» әдісі арқылы балалардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін білемін. (1 минут)

Оқушылар өздерінің қалауы бойынша түстерді көтереді.

Қызыл түс-түсінбедім

Сары түс-түсінбеген жерім бар

Жасыл түс-түсіндім



Үй тапсырмасы: Мәтінді мазмұндау

Үйде жазу: Батырлар туралы мақал-мәтелдер жазу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал