- Учителю
- Әдебиеттік оқу 4 сынып 'Жусан иісі'
Әдебиеттік оқу 4 сынып 'Жусан иісі'
Әдебиеттік оқу 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы
С. Мұратбеков. «Жусан иісі»
Жалпы мақсаты
Әңгіменің мазмұнымен танысу, әңгімеге өзіндік талдау жасау. Топтық жұмыстар арқылы достық қарым-қатынастарын дамыту
Оқыту нәтижесі
Әңгімені өз беттерімен талдау арқылы жаңа материалды меңгереді. Мәтін туралы білімдері жетіле түседі. Топтық жұмыс арқылы бірін- бірі оқытуға, сыни ойлауға, бірін- бірі бағалауға үйренеді.
Жабдықтар
Флипчарт, бағалау парағы,стикер, смайликтер, бағдаршам түстері, жусан шөбі,слайдтар
Сілтеме
Ана тілі оқулығы 4 сынып.С. Рахметова. Т. Әбдікәрімова. Р. Базарбекова, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
5 мин
Оқушылармен танысады.Туған жер туралы мақал- мәтелдермен топқа бөледі, топ басшыларына бағалау парағын таратады.
Топқа бөлінген соң, әр топ топ басшыларын сайлайды.
Ой қозғау
7 мин
Жусан шөбін көрсетеді.
-
Мынау қандай шөп?
-
Жусан туралы не білесіңдер?
Бүгін біз сендермен С. Мұратбековтың «Жусан иісі» мәтінімен танысамыз.Слайдтан, электрондық оқулықтан С. Мұратбековтың суретін көрсетеді.
С. Мұратбеков туралы мағлұматты әр топ оқушыларына таратады.
1- тапсырма.
С. Мұратбеков туралы не оқыдыңдар? Қағаз бетіне түсіріңдер.
Жусан туралы білетіндерін айтады.
С. Мұратбеков туралы мағлұматпен танысады.
С. Мұратбеков туралы постер жасайды.
Мағынаны тану
25 мин.
Ой- толғаныс кезеңі.
8 мин
ЖИГСО стратегиясын пайдаланады. Алдын- ала 4 бөлікке бөлінген мәтінді 4 топқа таратады.
Оқушыларды қайтадан 1,2,3,4 деген сан арқылы топтарға бөледі.
2- тапсырма
Мәтін бойынша әр топқа 1 сұрақтан дайындатады.
Мәтінді оқығаннан кейінгі көңіл- күйлерің қандай болды?
3- тапсырма.
«Ортада қалам» стратегиясын қолданады. Мәтін бойынша сұрақтар қояды.
-
Мәтінде қай кездегі оқиға баяндалады?
-
Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?
-
Егер Аян тірі болса, өз ауылына барып не істейді деп ойлайсыңдар?
4- тапсырма
«Аралас оқиғалар» стратегиясын қолданады. Дайын жоспар таратылып беріледі.
Барлық топқа ортақ тапсырма- мәтінге жоспар құратады.
5- тапсырма
«РАФТ» стратегиясын қолданады.
I, II- топтарға Аянға хат жазғызады.
III ,IV- топтарға Аянның атынан достарына хат жазғызады.
Электрондық оқулықтан мінездемеге сипаттама береді.
6- тапсырма
Аянға мінездеме бергізеді.
Топ басшыларына бағалатады.
Кері байланыс. «Бағдаршам»
Жасыл -сабақтан бәрін түсіндім, сары - түсінбеушілігім бар, қызыл - тапсырмалар барысында қиыншылықтар болды.
«Пікірлер ағашы»
-
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-
Несімен ұнады?
Сабақты қорытындылайды.
Оқушылар өздеріне берілген мәтін бөліктерін оқиды, жұптарымен талқылайды.
-
санын алғандар I- топқа, 2 санын алғандар II-топқа, 3 санын алғандар III- топқа, 4 санын алғандар IV- топқа барып отырады да, өздері оқыған мәтін бөліктерін бір- біріне түсіндіреді де, сосын үй тобына оралады.
Әр топ басқа топтарға 1-1- ден сұрақ дайындап, сұрақтарға жауап береді.
Смайликтер арқылы көрсетеді.
Қалам иелері сұраққа жауап береді.
Сол жоспардан әңгіменің реті бойынша 3-4 бөлімнен тұратын жоспар құрады. Тақтада оқиды.
Әр топтағы әр оқушы хат жазады, жазғандарын бір- біріне оқиды, ең үздік хат оқылады.
Аянға берген мінездемені оқып береді.
Бағдаршам түстерін көтереді.
Стикерлерге пікірлерін жазып, іледі.
Қапатаева Бақытжан Ризабекқызы.
ШҚО Тарбағатай ауданы Екпін ауылы
« Ы. Кабеков атындағы орта мектеп»КММ