7


Тәрбие сағаты 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Еңбек түбі - берекеМақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.Әдісі: постер,әңгімелеу, сахналық көріні
предварительный просмотр материала

Күні

21 cәуір 2015 жыл Математика 2сынып

Саабақтың тақырыбы

Заттың бағасы. Заттардың сан және құны

Жалпы мақсаты:

Көбейту мен бөлу амалдарының дәл мән-мағынасын ашу жұмыстарын жалғастыру.Оқушыларды заттың құны, саны және бағасы ұғымдарымен байланысты есептерді шығарумен таныстыру.

Міндеті

Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар есептер, әр түрлі тапсырмалар орындау мақсатында заттың бағасын, санын, құнын тауып үйренеді.

Сілтемелер

Математика « Атамұра» баспасы 2013жыл, интернет материалдары, ресурстар, суреттер, кестелер.

Тапсырмалар

1. Психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Таңдау» әдісі

3. топқа бөлу.

4 «Дүкен» ойыны

5.Дәптермен жұмыс

6.Оқулықпен жұмыс

7.Сергіту сәті «Шығармашылық тапсырма»

8.Жұптық жұмыс

9.Кестемен жұмыс

10. Қорытынды. Топтық жұмыс

Сабақтың жүру барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

I.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық

Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №6 Қолына стикер жапсырған 4 оқушылар үй тапсырмасын оқиды.


Сыныпты «Сиқырлы стикер» арқылы .

Тұсау кесер. «Дүкен» ойынын ойнау.

Балалар дүкенге барып, барлық ақшаларын жұмсады. Кім не сатып алды?

Болат 350тг, Әдия 500тг , Бақытжан 270 тг.


II.Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

21 cәуір

Заттың бағасы. Заттардың саны және құны.

1. Ақша туралы түсінік /ақша суреті/
Ол не үшін қажет, бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма т. б. туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтау.
Теңгенің шығу тарихы туралы түсінік беру /1993жылы15қарашада ұлттық валютамыз айналысқа енді/

III.Оқулықпен жұмыс

1. Сурет бойынша жұмыс.

-Ахмет неше қарындаш сатып алды?

-1 қарындаш қанша тұрады?

-Қарындаштардың құны туралы не айтуға болады?

-Есепке сұрақ қой.

-Қосуды көбейтумен алмастырып, нәтижесін есептейік.

Бағасы-20тг

Саны- 3

Құны-?

Шешуі: 20+20+20=20*3=60 тг.

Жауабы: 60 тг төледі.

2 Кестемен жұмыс.


Бағасы

Саны

Құны

А

10тг

?

50тг

Ә

?

3

30тг


3 «Бірге ойлаймыз» әдісі

1 үй-60 пәтер

?

2 үй-? 30 пәтер артық

Шешуі: 60+(60+30) =150

Жауабы: барлығы 150 пәтер.

IY.Сергіту сәті Шығармашылық тапсырма.

4.

Қосындыны көбейтіндімен алмастыр, оның мәнін тап:

1-топ:2+2+2+2=2*4=8 2-топ:5+5+5+5=5*4=20

4+4+4+4=4*4=16 7+7+7+7=7*4=28

3-топ: 1+1+1+1=1*4=4

3+3+3+3=3*4=12

5 Жұптық жұмыс.

Көбейтіндіні қосындымен алмастыр да, мәнін тап:

2*2 4*2 6*2 8*2 1*2


7

Кестемен жұмыс.

1-топ

Азайғыш

90

а

900

Азайтқыш

8

10

80

Айырма

82

а-10

820

2-топ:

Азайғыш

98

980

980

Азайтқыш

b

900

80

Айырма

98- b

80

900

3-топ:

Азайғыш

980

с

98

Азайтқыш

10

8

10

Айырма

970

С-8

88


Сабақты қорытындылау

1-топ:


Бағасы

Саны

Құны

қалам

5тг

?

20тг


2-топ:


Бағасы

Саны

Құны

тоқаш

?тг

2

30тг


3-топ:


Бағасы

Саны

Құны

доп

50тг

1

?тг


Бағалау.


Аты-жөні

1

2

3

4

5

7

Шығарм.

Тапс.

Бағасы





































Критерийлер:

3 балл-5

2 балл-4

1 балл-3


Үйге тапсырма

№6 222 бет

Сәлемдесу. Оқушылар СМАРТ бейджиктегі есімдер арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын артыру мақсатында психологиялық дайындық жүргізу.

Ойын арқылы өз ойларын айтады.

Дәптерге күннің жадын жазады


(3 қарындаш сатып алды)

20 теңге тұрады.

Кестені пайдаланып есепті шығарады, дәптерге жазады.

Оқушылар есепті түсіндіре отырып шығарады.

Оқушыларды сергіту.

Топта орындайды.

Әр топ оқушылары өздеріне берілген тапсырманы жұпта орындайды.


Оушылар тақтадағы жұмысты ауызша орындап шығады.

Оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қорытады.


Сабақты қорытындылау


Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.


,үйге тапсырмасын түсініп, белгілеп алу.

Еңбек түбі - береке


Мақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.

Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: постер,әңгімелеу, сахналық көрініс

Көрнекілігі: даналық сөздер, слайд, бейнебаян

Барысы: І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. «Сыйлық сыйлау».

ІІ.Кіріспе бөлім. Еңбек туралы жалпы түсінік беру,әңгімелеу.

Еңбек - адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы,өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып,тиісті құрал-саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі.Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері,байлықты жасаушы.Ұлы ақын Абай атамыз: «Тамағы тоқтық,жұмысы жоқтық,аздырар адам баласын» деп,еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап берді және «Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап»-деп,шегелей түседі. Демек,адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарады.Еңбек - адамның жан дүниесін жаңғыртып,жігерін жанып,ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдіретті күш.Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді», - деген екен.

Даналығы түпсіз терең,тарихи тәжірибесі ұшан-теңіз халық:

«Асық ойнаған - азар,доп ойнаған - тозар» деп,еңбектен аза бойы қаза болып қашатын еріншектерді «жатыпішер жалқау» деп жиренген.

ІІІ.Негізгі бөлім.

а) әдеби монтаж


Ақниет: Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.

Диас: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей
Жарамайды қатты болу тікенектей
Білімің болсадағы ұшан - теңіз
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

Сүлеймен: Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген - еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.

К. Асылай: Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.


Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны тамашалаңыздар.

Ардақ (автор): Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.

Айгерім (қуыршақ): Қайдан келдің бауырсақ?
Гүлмамыр (бауырсақ): Дүкеннен келдім нан сатқан.
Айгерім (қуыршақ): Дүкенге келдің қай жақтан?
Гүлмамыр (бауырсақ): Наубайдан келдім нан жапқан.
Айгерім (қуыршақ): Наубайға келдің қай жақтан?
Гүлмамыр (бауырсақ): Дирменнен келдім ұн тартқан.
Айгерім (қуыршақ): Дирменге келдің қай жақтан?
Гүлмамыр (бауырсақ): Даладан келдім жан - жақтан
Жер - анам мені көсілген
Дихандар мені өсірген
Бейнебаян Нан туралы

Ән: Дастархан.

ә) тапсырмалар

1. топқа бөліну. «Айналмалы бекет» әдісі

2-тапсырма. «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

1 бекет:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
(Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.)
2 бекет
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
(Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.)
3 бекет:
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
(Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.)


3- тапсырма: Топтастыру.

Сүйікті іс шынығасың


Тәрбиелейді жігерлендіреді


Дос табу ақша

қуаныш өмір сүруге үйретеді


4- тапсырма "Жұмбақ шешу"
- Әр топқа мен мамандықтар туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып, оның мағынасын ашып айтасыңдар. Жауаптарың дайын болса жалау көтересіңдер. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда басқа топтан ойыншы жауап беруге болады.
Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)


Жалтылдап қалағы,
Салатын кiм қаланы? (Құрылысшы)

Оның тiккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)

Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

Шәкірттердің тірегі,
Мектептердің жүрегі. (Мұғалім)

Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы,
Жер астынан сұйығы
Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)


Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)


Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

Зымыранды ерттеген,
Ай - жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)


Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)

«Кім болам» бейнебаян көрсету.

-Ал сендер кім болғыларың келеді?

Оқушы ойлары: тақпақтар айтады.


5- тапсырма. Мақал-мәтел.

Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса, татқаның ... болар.
2. Еңбек түбі - береке,…(көптің түбі - береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген - алар,…(еккен - орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).


«Сынып тынысы» Бейне баян көрсету.

Қорытынды. Еңбек Анет Айгерім

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал