- Учителю
- ӘДебиеттік оқу сабақ жоспары 'Туған тілім'
ӘДебиеттік оқу сабақ жоспары 'Туған тілім'
3-сынып. Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Туған тілім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өлеңнің негізгі ойын ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға машықтану, жатқа оқуға дағдыландыру
Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамиды, өз бетінше ізденуге талпынады, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айтуға, сөйлей білуге машықтанады.
Тәрбиелік: тілдің құдіретін сезінеді, оқушылар отан сүйгіштікке, сөз өнерін құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиеленеді.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: «Әдебиет үйірмесі », ой қозғау, лездеме сұрақтар , РАФТ
Оқыту нәтижесі: Д. Әбілов туралы қысқаша мағлұмат алады, Оқышылардың тілге, халқына, Отанға деген сүйіспеншілігі, құрметі арта түседі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй жұмысын тексеру
-
Кесте көмегімен
-
Сиқырлы қаламың болса қандай жақсылық жасар едің елге?
-
Қиялыңдағы қылқаламды сөйлет
Тақырыбы
Түрі
Оқиға орны
Кейіпкерлер
Оқиғаның аяқталуы
І. Қызығушылықты ояту
Лездеме сұрақтар
Сабақтың бастығы --------------
Сыныптың басшысы ---------------------
Сабақтың бітуі --------------------
Сабақ арасы ----------------------
Бүгінгі мереке ---------------------
Тіл қажеті ------------------------
Яғни бүгінгі біз не жөнінде айтамыз?
-
Дұрыс, тіл туралы сөйлесіп, ой бөлісеміз
-
Мұғалімнің әңгімесі:
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заң» қабылданды.
ІІ. Мағынаны тану
Әдебиет үйірмесі
Қазір біз өз саламыз бойынша бөлінеміз
-
Оқырман - Әли
-
әңгімелеуші - Ділназ
-
зерттеуші - Кәмилә
-
Суретші - Тілеген
-
Сұрақ қоюшы - Ернұр
Мұғалімнің түсіндірмесі: - Дәптерге жазып алу
Әбілев Дихан (26. 12. 1907 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылды қыстауы) - ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы.
Туған тілім
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ ,
Деген кім бар «Өз тіліңді ұстанба!»
ІІІ. Сергіту сәті «Көңілді күн»
ІV. Ой толғаныс
-
Мақал мәтел
-
Ана тілің алпыс тілге татиды.
-
. Ақынның тілі қылыштан өткір.
3. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
4. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де - тіл.
5. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
-
Біз сендермен бірлесе отыра аңыз құраймыз
-
Аңыз деген не?
« Басқа пәле тілден»
Ерте -ерте ертеде бір қария болыпты. Оның үш ұлы болған екен.
Уақыт өте ол қартайыпты. Бүр күні ұлдарын сынамақ болып, олардың жанұяларына қонаққа барады.Әр ұлы өз алдарына отбасы құрған , балалары бар. Әкелерінің келгеніне қатты қуанған бірінші ұлы қой сойып, әкесінің алдына тосады. (ары қарай жаластырып, аяқтау)
Сабақты осы аңыз желісімен пысықтап, оқушылар білімін бағалау
Үйге: 31 бет жаттау РАФТ яғни кейіпкерге бүгінгі сабақтан алған әсері туралы хат жазып келу.