7


Мысықтар мен тышқандар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: әдебиеттік оқуСабақтыңтақырыбы:Мысық пен тышқандарСабақтың мақсаты:Білімділігі: Ертегі мазмұнын түсініп оқу ,идеясын ашу. Ертегінің мазмұны менидеясын түсіндіру. Ертегідегі нақыл сөздіңмағынасын дұрыс ұғыну.Дамытулығы: Ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың кө
предварительный просмотр материала

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ертегі мазмұнын түсініп оқу , идеясын ашу. Ертегінің мазмұны мен идеясын түсіндіру. Ертегідегі нақыл сөздің мағынасын дұрыс ұғыну.

Дамытулығы: Ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.

Тәрбиелігі: Жан - жануарларды құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ - жуап, СТО әдіс тәсілдері

Көрнекілігі: Тышқан, мысық суреттері, жылжымалы тақта


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қызығушылығын ояту - психологиялық дайындық

Мұғалім: - Көз не үшін керек?
Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Оқушы: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

Мұғалім: - Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру

Өткен «Шал мен балалар» әңгімесін бірнеше оқушылардан сұрап пысықтай түсу

Балалар шалға не деді?
Шал не деп жауап берді?
Балалар неліктен ұялды ?
Мәтінді басқаша тағы қалай атауға болады ?

Жұмбақ шешу

Мысықтан қорқады

Түнде жортады

( Тышқан)

Тонын кие туған

Жалап бетін жуған

( Мысық)

ІІІ. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

-Балалар мысық туралы не білесіңдер?

Үй хайуанаты

Тышқан аулайды

Мысық сүт ішеді

Жылы жерде ұйықтайды

- Тышқан туралы не білесіңдер?

Тышқан кеміргіш

Тісі өткір

Қатты теседі


Ендеше «Мысық пен тышқандар» туралы ертегіның электронды нұсқасын тыңдап көрейік.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс


а) тізбектей оқыту
ә) рөлге бөліп оқыту

Сөздік жұмыс

а) Делебесін -алып ұшты,желікті

ә) Елігіп -қызығу

б)Лап қояды - бас салады

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.


ІҮ.Бекіту


Ертегіні сахналау.


Y. Қорытындылау

- Балалар, бүгінгі өткен «Мысық пен тышқандар» ертегісі, ертегінің қай
түріне жатады ?

YІ. Бағалау

YIІ. Үйге тапсырма беру.

Берілген суреттерді ретімен орналастырып,

өз ойыңша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Төр түліктің кеңесі.

Сабақтың мақсаты:

Төрт түлік түрлерімен таныстыру, оларды қалай шақыру керек, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып, мәтінді рөлге бөліп , мәнерлеп оқыту.

Тіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын,

шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру.

Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеу, малды ұрмауға

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, кесте, мақал - мәтел, жұмбақ, жылжымалы тақта.

Әдісі: диалог, түсіндіру,сто,бағалау, интерактивті әдістер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: білімді жетілдіру.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

«Қайырлы күн»- деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Түйенің төлін қалай атайды?

- Сүтін ше?

-Түйе қандай шөпті жақсы көреді?


ІІІ. Өткен сабақты пысықтау және бекіту:

Өлеңді жатқа сұрау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

/ Түйе / .

Батырға көлік болған,

Сүті-қымыз,
Жегенге тамақ болған,

Тағамен жүріс

/Жылқы/


Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.

/Сиыр/


Аласа ған бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

/ Қой / .

Сабақтың тақырыбын анықтау және мақсатын қою.

Ү. Жаңа сабақ:

Төрт түліктің кеңесі

Қой, Сиыр, Жылқы, Түйе - төртеуі бір күні жиылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді ?» деген сөзді айтысады - мыс.

- Қалың қорыс нуға бітем,

Қоры үзілген қуға бітем.

- Күнгейлі қара тасқа бітем,

Шаруа қуған басқа бітем.

- Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем.

- Жалмаң құлақты сорға бітем,

Ел ішіндегі зорға бітем.

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.


ҮІ. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу:

Кестемен жұмыс:

Берілген сөздер

Мәтіндегі осы сөздердің мәні

Тұрмыс жағдайы төмен адам


Еңбекқор адам


Батыл, өжет адам


Шаруасы жақсы, бай адам

ҮІІ. Сабақты бекіту:



ҮІІІ. Үйге тапсырма: Төрт түліктің кеңесі мәнерлеп оқу және сахналау.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал