7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Ана-өмірдің гүлі'

Тәрбие сағаты 'Ана-өмірдің гүлі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: 1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту;

2) Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;

3) Студент бойында ізгілік, инабаттылық, биазылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Әр курс студенттері шығарған қабырға газеттері, шармен безендіру, нақыл сөздер, гүлдер, техникалық құралдар.


Барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар!


2-ж: Бүгінгі мереке 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!


1-ж: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құтықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!


2-ж: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.


1-ж: Көктем күні көрікті,

Күн шұғыла төгіпті.

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

Көктем күні қуатты,

Шашты әлемге шуақты.

Наурыз өзі өмірді,

Нұрландырған сияқты.


2-ж: Наурыз келді,

Анажан серпіліңіз.

Шуақтанып,

Шаттанып, желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр,

Сізден жылу әлемін күткеніміз.

Ана есімін ауызға алмайтын адам балсы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адам затқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.


1-ж: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құрметті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің білі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Біз мәңгілік сіздерге, анадар, борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!


2-ж: Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірігейі де біздің қазақ».

Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Ән: «Анашым».


1-ж: Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, - деп,

«Аппақ гүлдер» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Аппақ гүлдер».


2-ж: Бойынңа бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрден құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдына,

Биші қыз ғажап еді биің қандай!


1-ж: Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге, - дегендей келесі кезек бишілерде.


2-ж: Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана - перзент тәрбиелеуші,

Ана - қызметкер,

Ана - ғалым,

Ана - ғарышкер,

Ана - зейнеткер.

Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың құрметіне «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Асыл әжем».


1-ж: Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем, ашылады қабағым,

Ана десем, әділдікті ұғынам.


2-ж: Домбырам мұнша шешен болдың неге?

Күй болған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - дегендей Конселхан Жайнагүлдің орындалуында халықтық күйін қабыл алыңыздар.


1-ж: Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз,

Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,

Ұлы Ұстаз-ана мына отырған өзіңіз.


2-ж: Бүгінгі күн жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеулі, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Адам бар ма ана сүтін таттапағ,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.


Кәмен Нарғыздың орындалуында: М.Мақатаев: «Шеше, сен бақыттысың».

Шеше!

Сен бақыттысың, жыламағын,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын.

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасындамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын,

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа.

Екі жыр жаззам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді.

Шеше!

Сен бақыттысын, тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді...


1-ж: Ана - адамзат мекен ететін жер шарының әр түпкірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Ана деген адамға Атамекен,

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен, - деп кезекті әнге береміз.

Ән: «Анашым».

2-ж: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал