- Учителю
- Урок 'Балам - менің бақытым, болашағым!' (4 класс)
Урок 'Балам - менің бақытым, болашағым!' (4 класс)
| Күні: | Ата- аналарға арналған коучинг |
Сабақтың тақырыбы: | Балам - менің бақытым, болашағым ! | |
Жалпы мақсаты: | Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
| |
Оқу нәтижелері: | - Ата - ана жасөспірім бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады. | |
Негізгі идеялар: | Тәрбиелі бала - бақытты кәрілік | |
1. «Танысу» жаттығуы
ІІ.Топқа бөлу
ІІІ.«Ротация» әдісі IV. Ситуациялық сұрақтар: «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Кері байланыс Қорытынды:
| 1. «Танысу» жаттығуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады. Мыс: Ашық Айгүлмін, дархан Динамын, кеңпейіл Камшатпын және т.б. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді. ІІ.Топқа бөлу Ата-аналарға үш түрлі конфеттер ұсынылады. Сол конфеттердің қағазы бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. Топтың ережесін құрастырады. | |
ІІІ.«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек (Ұсынылған тапсырмалар бойынша постер құрастырып, сол постерді қорғайды). | ||
IV. Ситуациялық сұрақтар: Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
| ||
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн. Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады: Үй - адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді. Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата - ана - қарым-қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді. Жол - адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы. Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді. Жылан - «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. Бокал - адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны. Шалбар мен орамал - ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
| ||
Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы Ашық айтсам...» Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________ Менің есімім_____________________________________________ Менің коучинг барысында түйгенім____________________________________
Бәрінен де маған ұнады_________________________________ ұсыныс_________________________________________________ __________________________________________________________________ Қолы__________________
Бағдаршамның суреті ілінеді. Ата - аналарға қызыл, жасыл, сары түсті стикерлер беріледі. Қызыл түс - өте жақсы; Жасыл - жақсы; Сары - қанағаттанарлық дегенді білдіреді.
Мұғалім өз сөзімен қорытындылайды. |
Хамзина Рыскелді Мұхтарқызы бастауыш сынып мұғалімі
Науырзым ауданы Жамбыл бастауыш мектебі