7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Атай өлеңі' ана тілі 2 сынып

Сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Атай өлеңі' ана тілі 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Атай» өлеңі

Садуева Ақжол Базыловна

«Бақыршық орта мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгеру, өлеңнің мағынасын түсіну, идеясын ашу.

Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу, ақыл ойын дамыту, белсенділіктерін арттыру, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Үлкен адамдарды сыйлауға, құрметтеуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Сөздік жұмыстары, сұрақ-жауап пікірлесу, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, салыстыруға жетек сұрақтар.

Сабақ түрі: Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.

Пән аралық байланыс: Дүниетану, тарих.

Көрнекілігі: Слайдтар, қимақағаздар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Қызығушылықтарын ояту:

Мұғалім: -Балалар, өткен сабақта Жәнібек Карбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесін өттік.

- Әңгімедегі баланың аты кім еді?

-Жауап

-Анасы не деді?

-Алтай жолықпаса бала не істер еді?

(жетек сұрақтар беру)

-Сонымен, Алтайға мінездеме берейік.

Мейірімді


Алтай

кім?


Ақ көңіл Жақсы бала

2. Қорытынды.

-Сонымен, балалар, әңгіменің бізге берер тәрбиелік мәні зор екен. Алтай сияқты бір-бірімізге қамқорлық жасап жүрейік! Алтай сияқты бала көп болу керек.

-Қане, сыныпта осындай бала бар ма? Кімді атай аласыңдар?

(жақсы бала атты өлең шумақтарымен аяқтау)

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Өткен сабақтағы «20 тиын» әңгімесіндегі Алтай сияқты адамгершілігі мол балалар қайдан тәрбие алады? Үлгі- өнегені кімдерден бойына таратады?

-Әрине, балалар қазақ шаңырағының қай үйінде болмасын қазыналы қариялар ата мен әжелер бар. Алтай да үйіндегі апасынан тәрбие алады. Ендеше, бүгінгі сабағымыз да осыған сәйкес «Атай» туралы.


Қанеки, нелерің бар, аталарым?

Ұрпағыңа ұран ғып апарамын.

Сенімдерді ақтаймын, ақтаймын да,

Сендердің мұрагерің атанамын!

(М.Мақатаев)-деп жырлаған ақиық ақынымыз «Аталарым, мен сендердің мұрагерлеріңмін. Айтатыныңды маған сеніп тапсырыңыздар. Мен сенімдеріңізді ақтаймын, болашаққа өлеңмен жазып кетемін»- деген ақын аталар аманатын орындады. Қара өлеңімен ұрпаққа аталар қасиетін жеткізеді.

Сұрақ.

-Балалар «ата» деген сөз сендерге қандай ой тастайды?

-«Ата» туралы не айта аласыңдар? (2-3 баладан сұрау)

Мұғалім: -Сонымен, сендерге балалар ақыны Ә.Дүйсенбив «Атай» атты өлеңін жазған екен. Бүгінгі тақырыбымыз да осы.

(Слайд Ә.Дүйсенбиев «Атай»)

Мұғалім: -Кітапты ашыңдар (мәнерлеп оқуды тыңдау, енді өздеріне мәнерлеп оқыту)


Сын тұрғысынан ойлау (СТО)

-Жылдың неше мезгілі бар?

Өлеңде жылдың қай мезгілі айтылған?

Көктем қандай уақыт?

(Оқушылардың жауабын толықтыру. Слайдтан көктем суретін көрсетіп, сызбамен жұмыс жүргізу)

(суреттер қою)


Аңдар оянады

Көктем Ағаштар бүр жарады

Құстар жылы жатқан келеді

Ауа райы жылына бастайды

Қар еріп, су ағады


-Осы көктем айында қолына шотын алып, бағбандықпен айналысатын кім?

-Жауап-


Сөздік жұмысы:

Шот-топырақ түптеуіш

Түптеу- кітапты бүтіндеу


Кітаппен жұмыс. (Кітапқа қарап қара сөзбен айтқызу)

Мұғалім: -Атай тағы қандай жұмыстар істейді?

-Атай қандай батырмен ұрыста болған?

(Амангелді Имановтың суретін слайдтан көрсетіп, қасына түсінік жазу)

«Амангелді Иманов- қазақ даласында 1916 жылғы ұлт азаттық күресті бастаған батыр»

Мұғалім: -Міне, балалар, ақын суреттеген атай қандай?


Жинақтау: (слайдпен)

Қарт адам

Атай Еңбекшіл

Ұста, бағбан

Батыр


(Тақтаға бәйтерек суретін ілу)

-Мына ағашты білесіңдер ме?

-Дұрыс бәйтерек.

-Бәйтерек қандай ағаш?-

-Бәйтерек тамыры тереңге жайылған, түбі мықты ағаш, құламайтын, берік.


Ой тастау.

Бәйтерек ағашы мен атайдың арасында ұқсастық бар ма?

Салыстыру, Венн диаграммасын құру:

Бәйретек Атай

Ағаш, Берік, тамыры терең Адам

Міне, біздің аталарымыз да ұрпағын өсірген, үрім бұтақты мықты адамдар.

-Мен сендерге ата туралы тақпақтар дайындаңдар деп едім, кім дайындады?

-Жауап-

-Сендер осындай аталардың жалғасысыңдар! Ендеше, әр қазақ баласы атасының 7 ұрпақтан тұратынын білу керек.

-Жеті атаңды білесің бе? (3-4 оқушыдан сұрау)

Мақал-мәтел (3-4 оқушыдан сұрау)


ІҮ. Қорытындылау: Құрметті оқушылар! Қарт кісілерді құрметтеу, сыйлау, оларға көмектесу керек. Қарттар ол біздің өткеніміз , біз олардың жалғасымыз.

Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата-қыран қялы

Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін

Атаң саған ұзақ өмір қияды. (М.Мақатаев)

Аталар жолын жалғастыру үшін, сендер жақсы оқыңдар! Үйдегі ата-әжелеріңнің әр сөзін ұғып, өсиетін саналарыңа ұстаңдар!


Ү. Бағалау.


ҮІ. Үйге тапсырма: Аталарыңның портретін салу. «Мен атамды сүйемін» ойтолғау.

bastauysh@rambler.ru



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал