7


  • Учителю
  • Математика Тақырыбы: 2217*205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері

Математика Тақырыбы: 2217*205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: 2217*205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Төрт таңбалы санды үш таңбалы санға жазбаша көбейту амалының әдіс-тәсілдерін үйрету. Дамытушылық: Оқушының білімі арқылы интеллектісін дамыту,есептеу машықтарын
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 2217*205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша

көбейту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Төрт таңбалы санды үш таңбалы санға

жазбаша көбейту амалының әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушының білімі арқылы интеллектісін

дамыту,есептеу машықтарын жетілдіру , жеке топтық

жұмыста шапшаңдық танытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік : Сабақ барысында халық педогогикасын

қолдану арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі: СТО, сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: ойқозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: үлестірмелі кеспелер

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушының құралдарын түгендеу

Психологиялық даярлық

Үлкенге де біз ,

Кішіге де біз

Сәлем бердік сіздерге ,

Құрметпенен біз.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,тексеру

Ойашар

Қас қағым сәт

1.Екі нүктенің арасындағы түзу

2.Шеңбердің центрі арқылы өтетін түзу

3.Сыйымдылықты немен өлшейміз?

4.Көбейтудің заңдарын ата.

5.Көбейтудің ауыстырымдылық заңы деген не?

6.Қозғалысқа берілген шамаларды ата.

7.Уақыт өлшем бірлігін ата.


Қызығушылықты ояту.

-Балалар , мен бүгін Абайдың қара сөзінен бастамақпын.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем,жесем, ұйықтасам деп тұрады.

Біреуі білсем екен демек.Не көрсе соған талпынып ,ол немене,бұл немене бұл неге бүйтеді деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық бермейді.Мұның бәрі білсем екен дегені,үйренсем екен дегені.

Балалар , біз де уақытымызды тек білімге арнайық,білгенімізді ортаға салайық.

Кім біледі? ойыны

1.Үстелдің төрт бұрышы бар,егер бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрыш қалады?

2.Қандай санды оң оқысаң да ,сол оқысаң да сол сөз шығады?

3.Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса жел пойыз түтінін қай жаққа айдап апарады?


ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгін төрт таңбалы санды үш таңбалы санға көбейтуді үйренеміз.

2217*205 түріндегі үш таңбалы санға жазбаша көбейтеміз.

-Ең кіші төрт таңбалы санды ата.

-Ең үлкен төрт таңбалы санды ата.

-Бір таңбалы сандарды ата.

-Осы сандардың ішінде кіші сандар бар ма?

-Кіші сандарға сабақ барысында жеке -жеке тоқталып өтеміз.

1-мысал

Бір санына байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Білекті бірді жығар, Бір кісі қазған құдықтан

Білімді мыңды жығар. Мың кісі су ішеді.

Кім жылдам? ойыны.


1235*201=248235 2541*205 = 520905

5261*105 =552405 2311*203 =469133

4078* 103 =420034 4703 * 201 = 945303

2-мысал

Екі сөзі кездесетін мақал- мәтел айту.

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

Екі қайықтың басын ұстаған суға кетер.

Екі саны жұп, қос, бірге, егіз деген ұғымға сәйкес келеді.


Жұптық жұмыс


1290*309+4725*204 = 398610 +963900 = 1362510

1732 *502 +3511 *106= 869464+ 372166 = 1241630


Ойқозғау

Төрт санымен байланысты қандай сөздер бар?

Дүниенің 4 бұрышы, 4 амал т.б.


4-есеп

І топ

Барлығы - 40000 д Ш:40000-8000= 32000 (т.д)

Жолды д -8000 -? есе кем 32000:8000 =4

Торкөз д -? Ж: Жолды дәптер 4 есе кем

ІІ топ

Барлығы -40000 д Ш: 40000-8000 =32000

Жол дәптер -8000 32000:100 = 320

Тор дәптер -? , 100 данадан Ж: 320 қорап тор дәптер сатылды.

Тор дәптер -? қорап


Сергіту сәті.

Бес деген жақсы баға,алады оны жақсы бала.

Ой қозғау

-Бес саны кездесетін қандай сөздер бар?

-Абайдың бес асылын, бес дұшпанын айтып өтейік.

-Сонымен қатар аптаның бесінші күні қандай күн?

-Бес саны кездесетін қандай мақал-мәтел білесің?


5-есеп

Ашықхат -50 тг Ш: 50+30= 80

Хатқалта -30 тг 1600 тг 1600:80=20

Әрқайсысына - ? тг төледі 50*20=1000

30*20 =600

Ж: ашықхат -1000 тг, хатқалта -600 тг


Сыңарын жалғастыр.

1.Алтау ала болса, ............................................

Төртеу түгел болса, ..........................................

2.Алты алашты ата.


6-мысал

І топ

169208:х = 78096:24 а*73 =64244-28547

169208 :х =3254 а*73=35697

х =169208:3254 а=35697:73

х =52 а= 489

169208:52 =78096:24 489*73=64244-28547

3254= 3254 35697 =35697

ІІ топ

32*в-59=453 398+4907:к =405

32*в=453+59 4907:к=405-398

32*в=512 4907:к=7

в=512:32 к=4907:7

в=16 к=701

32*16-59=453 398+4907:701=405

453=453 405=405


Ойқозғау

-Қазақта жеті саны киелі сан деп аталады. Жеті санымен байланысты сөздерді ата.

-Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз дың жетінші қара сөзінде :

«Қашан бала ғылым-білімді махабатпен жеңерлік болса ,сонда ғана оның аты Адам болады» - деген.


Логикалық есеп.


Ізденген ..................... мұратқа.


8- мысал

Өз бетінше іздену

Шаршының әр қабырғасын 2 есе арттырса ауданы неше есе артады?

Жауабы: 4 есе артады.


ІV. Сабақты қорытындылау.

Мен не үйрендім?

  1. Салмақ өлшем бірлігін ата.

  2. Көбейтудің компонентін ата.

  3. Барлық қабырғасы тең төртбұрыш не?

  4. Аудан бірлігіне не жатады?

  5. Перпендикуляр, параллель түзу дегеніміз не?


V. Оқушылардың білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру .

7- мысал Тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал