7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты «Әліппеге мың алғыс!»

Тәрбие сағаты «Әліппеге мың алғыс!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:«Әліппеге мың алғыс!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, алма ағашы.слайд

Жүргізуші мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі,бірі әзірге жалғызы,ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.

-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!



-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада: Елжас Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: ТомирисХанзада,мұның да бір себебі болар-ау!

Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Cиқыршы қыз: Айдана Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда

Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.

«Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.

(Сахнада жайлы әуен ойналады. Ортаға Әліппе шығады)

Әліппе Алина

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы халықтың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп.не білдік.

Қане.ортаға салайық!

-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.

-Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып толған ғажап.Қазір өздері де таныстырар. 2

Жүргізуші: Ал осымен әріптер,

Шежіресін бастайық

Басшысы әріптердің,

А-дан сөзді бастайық.

Зере А - Атыраудың айдыны,

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз - Астана,

Алматымыз - бас қала.

Бекарыс Б - Бейбітшілік бар адам жүрегінде

Бейбітшілік бар адам тілегінде.

Нұрбибі И - Иба, әдеп, ақыл-ой

Имандылық басы ғой.

Иісі қазақ баласын,

Инабатты дейді ғой.

Бота Ө - Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер.

Азамат С - Сыйламаған аз досын,

Сыйлай алмас өз басын.

Айша К -дегенің -күй дарын,

Домбыраның дастаны.

Аяна Е - Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.

Альбина Т - Тәп-тәтті нан таба нан,

Таба алмай қалдым табадан.

Әлисұлтан М - Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Магаулина Н - Нағашым өтінді Назардан,

«Науат әкел» деп базардан.

Кайрлиева О - Орындықта отырып,

Оқулықты оқылық.

Аружан Б Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты,

Раушан одан қорықты.

Тұрар Ұ - Ұл атану ұрыншақ,

Ұят екен ұғынсақ.

Айбибі Щ - «Щёткамен тазарт тісіңді»

Деп ағам маған бұйырды.

Нұрдәулет Ы - Ырысбек сүйер жұмысты

Ықыласпен жуды ыдысты

Сабина І - Ізбасар болар ініміз,

Ісінен оны біліңіз.

Назым Х -Хат жолдады Ахмет

«Хакім саған рақмет!»

Жусупова Д - Дәмежанға дәрігер,

Дәрі беріп әбігер.

Елдос У - Улы жыланды Уәлі,

Уақ тас алып қуады.

(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды)

Жүргізуші:Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.

Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге коп рахмет! 3

Ханзада :Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер Әліппе,сенің әріптерің енді «Әліпби» елінің тұрғындар болсын. Алма ағашын да бірге қарап,жемісін бірге жемейміз бе?

Жүргізуші:Әліппе,біздің балалар,сізге ризашылығын,рахметін айтқысы келеді.





Елдос

Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Балаң келді ортаға.

Кайрлиева

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Болашағы қазақтың

Басталады біздерден.

Тұрар Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.

Жусупова Күмбір-күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма.

Жазылған ай қыркүйек.

Бота Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Бекарыс Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.

Назым Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.

Еркебұлан Бұрқыраған білімнің,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппем.

Сабина Бар кітапқа бас болған,

Әліппе - ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Әлисұлтан Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Альбина Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

Ән « Әліппе »

Би « Вальс »

Айша «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Нұрдәулет «Әліппе» деген - алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Бектурғанова Қош бол құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Азамат Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Айбибі Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Елдос Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

Магаулина А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Нұрбиби Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Әліппе Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!

Хормен:Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиеттті Әліппем!

Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі: Рахмет саған ата-ана!

Ән: «Ақ мамам»

ӘН: «Әжетайым»

Жүргізуші: Ханзада мен ханшайым,енді біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз!

Келген бізге қонаққа,

Биші балдар алыстан.

Келген біздің мейрамға,

Өздерінің биімен.

Би « АҚҚУ »

Ән « Кел билейік »

Ханшайым:Жарайсыңдар, балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу,Ағылшын.

Мұғалім:

-Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.

(Математика) Дастан

Мынау менің кітабым,

Аса құрмет тұтамын

Шөліркесем ашып сан

Білім нәрін жұтамын

Біздің келер шамамыз

5-ке 3-ті қосамыз

10-нан 5-ті алып,

Жауабын тез табамыз.

Мұғалім:

-Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер ?

Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.

Жусупова Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Айша Қолға қалам алайық,

Қанша сан бар, жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта-қайта санайық.

Еркебұлан 0 - Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді ,

Десем «бұл нөл», ұқпайды.

Аяна 1 - Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтес тәтем жүр сауып.

Тұрар 2 - Екі аяқпен жүремін ,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ, білемін.

Елдос 3 - Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балықты ұстаған.

Альбина 4 - Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.

Сабина 5 - «Бестік» деген бағаны.

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.

Зере 6 - «Алақай!»-дер келді күн,

Алтыдамын мен бүгін.

Алты жасқа келмекші,

Алғы аптада енді кім?

Назым 7 - Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді.

Магаулина 8 - Сен де, мен де баламыз

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

Нұрдәулет 9 - Тоғыз жасқа келгенім

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің!

Бектурғанова 10 - Он жыл,он жас-он деген,

Он жас кіші он менен.

Онды жаза аламыз

Он - тұрған бір нөл менен.

Азамат 11 - Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты деп жүреміз.

Мұғалім:

Балалар, біз сандарды сөйлеттік . Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.

1. Оң қолымда 5 алма,

Сол қолымда 5 алма,

Барлығын қосқанда

Болады неше алма ?

2. 5 алманың үшеуін ,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады ?

3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ?

Мұғалім:Жарайсыңдар енді Ағылшын тілі пәнінен не үйренген екендеріңді көрейік.

Ән ағылшынша « »

Жүргізуші:Ал, кәнекей достарым,

Асқақ әнге салайық.

Думандатып мейрамды,

Шырқып-шырқап алайық - деп сахна төріне «Ана тілі» тілі әні ойналады.

( Әуен ойналып ортаға, Шимұрын келеді

Шимұрын: Армысыңдар,жас достар!Мен Шимұрынмын! Сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім. Естуімше,сендер бүгін әліппемен қоштасып жатырсыздар демек,енді сендер «Ана тілі» деген оқулық оқитын боласыңдар.әліппеден алған білімдеріңді жалғастырып, өздерің жемісінің гүлденуіне көмек берген алма ағашының жемісін ары қарай көбейтуге атсалысасыздар.Сіздер менің айтқаныма келісесіздер ме?

Хормен: Иә.

Шимұрын: Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

-Ендеше, мен сендерге сиқырлы сандықтан сыйлыққа «Ана тілі» оқулығын берейін! Және білімнің алтын кілтін тапсырамын!



Жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ата-аналар қаттырақ қол соғындар,

Балалардың өнері қандай жақсы.

«ЕКІ ДОС» көрініс

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.

Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Жүргізуші:Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,

Балаларға арналған тілегіңіз - дей келе А.Оразбаева атындағы ОЖББМ директоры: Құрманбаева Гауһар Мақсотқызына сөз беріледі.

Жүргізуші:Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.Сондықтан да бәріміз де ата-аналарымызға рахмет айтайық!

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің - деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып - оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.

Осымен «Әліппеге мың алғыс» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Зер салып,тыңдағандарыңызға рахмет!!!







































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал