7


'Әліппемен қоштасу' 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Әліппе - білім бастауы»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата - аналарға көрсету.

Дамытушылық: Өз ойларын ашық, еркін ату, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан - жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.

Тәрбиелік:Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:Әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, Әліппе шаһары.
І бөлім.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата- аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Барлық кітаптың атасы - Әліппе. Бұл кітап - бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәт әрбір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай - ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.



  1. Так,так ,так
    Бәрін бері қара.
    Бүгін бізде
    Болмақ қандай шара?

Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 «а» сыныбынан.


Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппенен.


Мадияр:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алансыз балғын шақты балалар.

Жанерке:

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларын

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

Мадияр:

Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.

Біз алғаш мектепке келіп оқу, жазу үйренген

Алғашқыоқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

Жанерке:

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Мадияр:

Қызығып қарай бердім әріптерді

Жанерке:

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Мадияр:

Ұстазым кілтін оның алып берді.



Мұғалім:

- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.

Мұғалім:

Олай болса, біздер «Әліппе шаһарына» саяхатқа барайық.Мадияр, Жанерке біздің балалар қайда кеткен?

Әліппе шаһарының уәзірлері жан-жаққа қарап тұрады.

(Дүрбімен қарап, қатты дауыспен)

Қонақтар келе жатқан көрінеді.

Дауысты мендауыссыз дыбыстар конаққа келеді.

Әліппе ханшайымы:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе шаһарынан келдім ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың басталады сендерден.

Әліппе патшасы:

Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:

Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!

Әліппе ханшайымы:
Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы балалар,

Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен:

ӘЛІППЕ! ӘЛІППЕ!

Әліппе патшасы:

Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

Балалар хормен:

Ыбырай Алтынсарин.

Әліппе ханшайымы:

Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?

Балалар хормен:

Кел, балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Нарқыз:

Менің атым - Нарқыз

Талантты қызбын, нағыз.

Нанды шашпай жеңдер

Нан көп болсын деңдер.



Асылай:

Анам мені Асылай деп атайды

Ардақтаймын сабақ берген апайды.

Аялаңдар ананы

Аялаңдар адамды.

Бекзат:

Бекзат деп қойған атымды

Рақымжан атам ақылды.

Бекзаттай боксшы атанып

Шығарсам деймін атымды.

Ақерке:

Ақерке деген ақ қызбын

Ақылдымын талапты.

Астанаға барамын

Жақсы оқып сабақты.

Нұрахмет:

Нұрахмет деген баламын

Нұрдан атым басталған.

Нұрсұлтан біздің Елбасы

Нұрланып өмір жақсарған.

Көркем:

Менің атым - Көркем

Көркеемін ертең.

Көк туды жақсы көремін

Күн нұрына бөлендім.

Гүлімай:

Гүлді жақсы көретін

Гүлдерге су беретін.

Гүлімай қыз, мен болам

Гүлге әлемді бөлейтін.

Ерсұлтан:

Ер жігіттің аттары

Ер деген сөзден басталған.

Ерсұлтан Қадырбек баласы

Тәртібі оның жақсарған.

Мадияр:

Мадияр деген баламын

Мәнерлеп оқи аламын.

Мектеп - білім ордасы

Мұғалім оның тұлғасы

Жанерке:

Жанерке деп әжем қойған атымды

Жаным нәзік, бірақ өзім батылмын.

Жұлдыз болу арманым

Жұлдыздарға самғадым.

Еңлік:

Еркелетіп өсірген

Еңлік деген қыз болам

Елігім, Еңлігім деп

Әжем мені жұмсаған.

Жәнібек:

Жауды жеңіп қайтарған

Жәнібек батыр болыпты.

Жәнібектей болсын деп

Атымды әжем қойыпты.

Жанел:

Жүзімдей тәтті,

Жақұттай қатты.

Жүзінен нұр тұнған

Жанел қызбын гүл тұнған.

Дидар:

Дидар деген баламын

Дәптерге таза жазамын.

Достарыма адалмын

Дән баласымын анамның.

Анар:

Анар-Айдос қызымын

Анамды жақсы көремін.

Анар деген жеміс бар,

Баққа барып теремін.

Серікболсын:

Серік деген бала бар

Серік деген ағай бар.

Серікболсын мен болам

Дос боп жүрген талайға.

Жаният:

Жанұямның ерке қызы

Жаниятпын жайнаған.

Жасыл орман, жаз айында

Бұлбұл құстай сайраған.

Мұқасан:

Мұқасан деген баламын

Мықты менің талабым.

Мұқасан деген әнші бар

Мен де сондай боламын.

Торғын:

Торғын деген әнші қызбын

Таңқалдырған талайды.

Әжем де менің әнші болған

Ансамбльде «Арайдың»

Ән: «Әліппе»

Торғын:
Қош бол, құтты Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Мұқасан:
Таныстырар әріппен
Мынау кітап - Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен?

Жаният:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.

Серікболсын:
Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
Анар:

Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпті.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.

Дидар:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.


Жанел:

Әліппе-даңғыл жол ашты,

Жаңадан күндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рақмет, ұстаз алғашқы!(хормен)

Жәнібек:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.

Еңлік:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.


Жанерке:
А - деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә - деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б - деген ол - балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.


Мадияр:

Әліппем, менің Әліпем!
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп - көп рақмет! (хормен)


Ерсұлтан:
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын, затын, түрін де.


Гүлімай:

Әліппем, менің Әліппем!
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.


Көркем:
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен! (хормен)


Нұрахмет:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе!


Ақерке:
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.


Бекзат:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.


Асылай:

Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадыңба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші.

Нарқыз:
А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.


Мұғалім:

  • Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Сайқымазақ келеді:

Балалар сендерде не болып жатыр?

Осы «математика» ғылымдардың атасы дейді, сол рас па?

Өмірдің өзі есептен тұрады, базарға барсан да, автобусқа мінсен де есеп.

Мен сендерге математикадан сұрақтар қоямын.

Табақта бес алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?


Енді бірге бесті қосайық, қанша болады?

Енді он саны шығуы үшін бірге нешені қосу керек?

Ал, сендер екі таңбалы санды білесіңдер ме?

Жақсы, балалар математиканы жақсы меңгерген екенсіңдер.


Ән: «Бөбектер әні»

Мұғалім:

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Әдебиет патшасы:

Балалар, ендігі сендердің жаңа достарың -Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Бекзат:

Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Анар:

Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Жанел:

Ақыл азбайды, Білім тозбайды.

Мұқасан:

Оқу инемен құдық қазғандай.

Дидар:

Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

Жанерке:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Ақерке:

Оқу- білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.

Еңлік:

Ана тілін білмеген Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген Халқын сүйіп жарытпас.

Мадияр:

Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін

Өз тіліңді құрметте.

Нұрахмет:

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Торғын:

Ана тілім - елдігім,

Ана тілім - ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Хор: «Рақмет, сағанӘліппе»

2- бөлім.

Сазды бағдарлама.

1.«Барбарики биі»

2. «Мұғалім ол-біздің » Жанерке,Асылай,Торғын,Еңлік,Нарқыз

3. Әміртемір Торғын «Туған жердей, жер болмас»әні.

4.Жиналған қауым таң қалсын

Ән бимен шашу шашылсың

Мың бұралған бишілер

Бименен кешті жалғасын.

«Кукарела биі» Жанерке, Нарқыз, Гүлімай,Асылай,Жаният,Жанел,Ақерке.

  1. Ұлдар биі

  2. Вальс

  3. Марданқызы Гүлімай «Анашым» әні

8.«Қара жорға биі»

Әдебиет ханшайымы:

Білімнің бетін жарық ет!

Ұл-қызымды білімді ет,

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып .

Өсе берсін санамыз!

Мұғалім:

Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)


Тарқамасын қазақтың шағы қызған

Таси берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен Бағдат ағайға сөз береміз,

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.


Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал