7


Алғашқы қоңырау -2015 сценарии

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алғашқы қоңырау - 2015


1. Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.

Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

2. Күзгі күн шуақ шашады,

Жаз бітіп, жетті қыркүйек.

Басталды білім сапары,

Мектепте думан дүркіреп.


1. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және аяулы оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам - алғашқы қоңырау. Міне, алтын ұя мектебімізге, «Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!» салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!


2. Құрметті қауым! Бүгінгі мерекенің басты қонақтары енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі Егемен еліміздің болашақ ұрпақтарын зор қошеметпен қарсы алайық.

1. Ахметова Жанел

2. Тұрсын Арлан

3. Хамидоллова Аяжан

1.Бүгінгі біздің мерекелік жиынымызға тілектестік ниетін білдіруге келген қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1..................................................................................................................2.................................................................................................................3..................................................................................................................

2. Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы

Жас досым саған мың сәлем!

1. Балдырғандар келіңдер,

Білім үйін көріңдер.

Әріптерді таныңдар,

Бәрін жаттап алыңдар.

2.Еліміздің Ата заңының 18 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 2013/2014 оқу жылының «Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


1. Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер гимніміз!


2. Мазмұнына өнері жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіреп, әнұраны шырқалсын дей отырып, салтанатты жиынымызға Мемлекеттік Туымызды көтеру құрметі мектеп үздіктері Аширалиев Али және Куандыкова Әлияға беріледі.


1. Құттықтау сөз Озерный орта мектебінің басшысы Жақсыкелді

Жексембайұлы Шаимовқа беріледі.


2. Көрейік тек жанарлардың жарқылын,

Тыңдайықшы ағалардың ақылын.

Айтылатын ақ тілек бар қауымға,

Жақсы лебіз - жарым ырыс жарқыны.

Бүгінгі мерекенің қуанышы мен шаттығын бөлісуге және 1-сыныпқа келген бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдергелі отырған қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

.......................................................................................... ........................ ........................................................................................................... ............................ .... ........................................................... ............... .... ...........................................................................................................................................................................................

1. Көп жылын осында өткізген,

Ұстаздар - ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Құттықтау сөз 1-сынып жетекшісі Бельгубаева Сәуле Балтақызына беріледі.


2. Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты болсын қадамың.

Төбенде бейбіт күн күлсін,

Төмендемесін талабың.

Нұр шашып көкте күн,

Өміріңнің көктемін.

Гүлдендірем деп келдім,

Сәлем алтын мектебім! - деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.


1.Құттықтау сөз ата-аналар атынан ...................................... ........................................................................................................... ....... ................ ...................................................................................................

1. Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Есіңде болсын ұмытпа

Білім керек бәріне


2. Қымбатты 1-сынып оқушылары! Сіздерге өздерінің ағалық, апалық ақылын айтуға 11-сынып оқушылары ниет білдірді және сыныптастарының атынан Мантаева Алина сөз сөйлейді.


1. Озерный орта мектебі бойынша бұйрықпен таныстыру үшін сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Сақжан Маукенқызы Биляловаға беріледі.


2. Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын.

Алғашқы қоңырау соғу құрметіне ие болған оқушылары: 1-сынып оқушысы Хамидоллова Аяжанды және 11-сынып оқушысы Курманбаев Аянды ортаға шақырамыз.


1. Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар иіс гүлімен.

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Қоңырау, сыңғырла асыға,

Үн қосқан қиялдан асуға.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле сен биік шың басына.

Сыңғырла, сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.

Қоңырау әсем саз әдемі,

Өзіңді күтеміз сағына.


2. Жаңа оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкірттеріміз өрісті,

Елім дер қыз бен ұл болсын!


2015-2016 оқу жылының «Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!»» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал