7


'Ж дыбысы мен әрпі' (1-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты : 1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. 2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту. 3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман
предварительный просмотр материала

№ 11 жалпы орта білім беру мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:





Орындаған: Ықлас А.

Тексерген: Биманова Т

2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты :

1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.
Жүрісі: І Ұйымдастыру.
- Балалар 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады.

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ Өткен сабаққа шолу.

Кубизм әдісі
1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)
6.Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
7. Ы дыбысы қандай дыбыс?
8.Бағандағы сөздер мен « Қақпашы » мәтінін оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. « Ой шақыру»
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. ( Жапырақ )
- Жапырақ сөзі қай дыбыстан басталады?
Қазір біз Ж дыбысы мен әрпімен таныс боламыз.
- Ж дыбысын дыбыстату.
- Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2. Ж дыбысымен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі.

Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс.

3. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны
Ж дыбысынан кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

4. Оқулықпен жұмыс

« Жаңа буындар қонақта »
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА ЖО ЖУ

5. « Тез, әрі сауатты оқиық! »
Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып, әр сөзге түсінік беру.
жаға- сырт киім мен көйлек-көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.

жаса- бір нәрсені дайындап, істеп шығару.

жалау- матадан қиып тігілген арнайы ту секілді белгі.
жота- биік жер, төбе немесе малдың арқасы, жоны.
жантақ- түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.
жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.
- Балаларға хормен оқыту.

- Мұғалім « Жусан »мәтінін оқып, түсіндіреді.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

6. « Кім тез? » ойыны.
( Берілген сөздерге әр оқушы қолдарындағы түсті дөңгелекшемен дыбыстық талдау жасайды ) жылан жапырақ жолбарыс
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

7. Дәптермен жұмыс.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
- Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
- Ж әрпін ауада жазу.
- Ж әрпін дәптерге көркем жазу.

8. Сергіту сәті.

Желкілдеген желменен

Жерде егін тербелер

Жинады оны дихандар,

Тамшылаған терменен.



9. « Ұйқасын тап! » ойыны.
-Іші толған шәрбат, -Сырты қандай қатты,
Дәмі қандай әйбат, Дәні сондай тәтті,
Үзесің бірден жүзін, Шағып қара таңдап,
Оның аты- …( жүзім ) Оның аты- …( жаңғақ )


-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты …(жолбарыс )
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

10. Ойын. Буыннан сөздер құрау.

(жа ға жа са жо та жор ға жа лау жү зім)

( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

ІV. Қорытындылау, мадақтау.
- Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
- Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
- Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал