7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу 3 - сынып. Ашық сабақ Тақырыбы: Шілде (Міржақып Дулатов)

Әдебиеттік оқу 3 - сынып. Ашық сабақ Тақырыбы: Шілде (Міржақып Дулатов)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 08.04.16

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Шілде» Міржақып Дулатов

Мақсаты: а) оқушыларға мәтінді түсіндіру;

ә) автор туралы мәлімет беру;

б) оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту;

Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап,

Көрнекілігі: слайд, автор суреті, жаз мезгілінің суреттері;

Күтілетін нәтиже: оқушылар мәтінді түсінді. Автор туралы мәлімет алды. Сабаққа деген қызығушылығы оянды.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Амансынба, ұстазым!

Амансыңба, достым!

Бүгін алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Бүгінгі күндеріңіз сәтті өтсін.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Жаз «Абай Құнанбаев»

Жазғытұрым «Мағжан Жұмабаев»

Жаз «Жамбыл Жабаев»

Біздің жақта күн ыстық «Мұзафар Әлімбай»

Абай Құнанбаевтың қара сөздері.

ІІІ. Өткен материалды қайталау отырып жаңа сабаққа кіріспе.

«Сиқырлы ақ парақ» (4 топқа ақ парақ беріледі. Берілген ақ парақты оқушылар аквариль бояуымен бояу керек. Сонда сиқырлы сөз шығады)

І топ - Қыс мезгілі

ІІ топ - Көктем мезгілі

ІІІ топ - Жаз мезгілі

ІV топ - Күз мезгілі

Жыл мезгілерін қорғап шығады.

Сұрақ - жауап.

  • Оқушылар біз не туралы әңгімелеп жатырмыз?

  • Неше жыл мезгілі бар?

  • Әр жыл мезгілінің айларын атаңдар?

  • Бір жылда неше ай бар?

  • Бір жылда неше күн бар?

  • Біз қазір қай мезгіл туралы өтіп жатырмыз?

Міне, оқушылар біз қазір жаз мезгіліне тоқталып жатырмыз. Жаз мезгілінде күн ыстық, қапырық болады. Жаз мезгілінің 3 айы бар. Олар маусым, шілде, тамыз.

ІV. Жаңа сабақ.

Бүгінгі жаңа сабағымыз жаз айларының бірі Міржақып Дулатовтың «Шілде» айы туралы мәтінің өтетін боламыз. Ен алдымен автор туралы мәлімет алайық.

Міржақып Дулатов (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Туған жері - Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан

мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi - ұстаз, бipi - ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасыАхмет Байтұрсынұлының</<font face="Times New Roman, serif"> үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.



Міржақып Дулатовтың «Шілде» мәтінді тізбектеп оқыту.

Сергіту сәті



V. Сабақты бекіту.

Дидактикалық тапсырмалар

1 - тапсырма

Мәтінді бөліктерге бөл: 1. Басы (І топ)

2. Ортасы (ІІ топ)

3. Соңы (ІІІ топ)

Әр бөлікке ат қой.

ІV топ - автор шілде айын қалай сипаттап жазған.



2 - тапсырма

Жоспар бойынша шілде айы туралы әңгімеле.



VІ. Қорытынды.

  • Бүгін қандай тақырып өттік?

  • Мәтіннің авторы кім?

  • Автор туралы не айта аласың?

  • Жаз айларын ата?

  • Автор шілде айын қалай сипаттаған?

VІІ. Үйге тапсырма

«Шілде»

VІІІ. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал