- Учителю
- Урок по казахскому языку для 2 класса
Урок по казахскому языку для 2 класса
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Сын есім мен зат есімнің байланысы»
Пән мұғалімі: Токаева А.С
Қарғалы 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Сын есім мен зат есімнің байланысы
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік. Сын есімнің зат есіммен байланысы туралы түсінік беру, жаттығу орындай отырып білімдерін қалыптастыру.
-
Дамытушылық. Білімге деген қызығушылығын, танымдық қабілетін,ойлауын дамыту.
-
Тәрбиелік. Зейінді, ұқыпты, сабырлы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер,интерактивті тақта,сызбалар және суретер
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтығ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық. Оқушыларды топтарға бөлу.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
456 - жаттығу. Тірек сөздер бойынша әңгіме құра.
Оқушылардың жауаптарын салыстыру.
ІІІ. Өткенді пысықтау. «Ой қозғау»
- Сөздер мағынасына қарай неше сөз табына бөлінеді?
- Қандай?
Сөз табы
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
-
Біз осылардың ішінде қайсысын өттік?
-
(зат есім, етістік, сын есім)
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Зат есімнің сұрақтары?
-
Етістік дегеніміз не?
-
Етістіктің сұрақтары?
-
Сын есім дегеніміз не?
-
Сын есімнің сұрақтары?
-
Сан есім дегеніміз не?
-
Сан есімнің сұрақтары?
IV. Мақсат қою кезеңі.
- Балалар, сөз таптары бір-бірімен байланысып сөйлем құрайды
Мысалы: Сыныпта жиырма бес оқушы бар.
V. Жаңа сабақ.
- Балалар, қазақ халқында қандай сандар қасиетті сандар болып саналады?
- үш, бес, жеті
Бес қару: Бес жаратылыс:
Бес ақыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпанды білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай Құнанбаев
Жеті қазына: Жеті жоқ
Жеті күн: Жеті ата:
Дүйсенбі Бала
Сейсенбі Әке
Сәрсенбі Ата
Бейсенбі Арғы ата
Жұма Баба
Сенбі Түк ата
Жексенбі Тек ата
Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Ққ
қала
457-жаттығу.Өтірік өлеңдерді оқып, сан есімдерді тап.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
458 - жаттығу. Сандарды сөздермен жазып сөйлемдерді көшір.
тоғыз жаста. Ағасы он бір жаста. Ал қарындасы жеті жаста.
459 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
'' '' ' ''
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Метограммаларды шешу
Қыста суды қаптаймын, Алғашқы әріп ауысса,
Онысыз тамақ татпаймын
Бірақ жазда жатпаймын.
(Мұз - тұз)
Анаграмма шешу.
Бірінші менің бөлегім,
Шұңқырмын екі - ақ әріппін.
Екінші менің бөлегім,
Бір түсті жұртқа таныспын.
Екеуін қоссақ жайымен.
Орасың тіпті онымен.
(Орақ)
Логикалық тапсырмалар.
Ақтөбеде біреу, Өскеменде жоқ.
Алматыда үшеу, Астанада төртеу.
-
Ол не?
Жауабы: А әрпі
Мұғалім дауыстап мақал-мәтел оқиды, жоқ сөздердің орнына керекті сан есімдерді оқушылар тауып айтады.
1. Бір ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2. Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын.
3. Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
5. Жаздың бір күні ұлыстың мың күнін асырайды.
6. Жеті өлшеп бір кес.
VI. Түсінгендерін тексеру.
461-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра.
VII. Сабақты бекіту. Семантикалық карта.
Қ/С
Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
1
Бесінші
+
2
Дәптер
+
3
Қызыл
+
4
Көңілді
+
5
Сызғыш
+
6
Жазды
+
7
Он
+
8
Айнұр
+
9
Келді
+
10
Қалам
+
11
Алты
+
VIII. Үйге тапсырма
460 - жаттығу
Сөздерге сұрақ қой, Неліктен сол сұрақты қойғаныңды дәлелде.
Оқушыларды бағалау.