7


'Сөз таптары' 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмыстары

жөніндегі орынбасары Ж.Жиенәлі

3 апта

15.09.2014жыл

Сабақтың тақырыбы

Сөз таптары 40-44 жаттығу

Сілтеме

Жоспар 4-сынып

Жалпы мақсаты:

1. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру .Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту

2.Оқушылардың ойлау,есте сақтау,сауатты жазу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

3.Өзін-өзі бағалау,шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу.Өзара топтармен бірлесіп,жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

1.Сауатты жазу,талдау

2.Сөз таптары туралы білетін болады.

3.Өзара топтармен бірлесіп,жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар:

Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.

Тапсырмалар немесе жаттығулар:

1.Топтық жұмыс

2. Жұптық жұмыс

3. Жеке жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)



I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сыныпқа жақсы психологиялық жағдай туғызу

2.Сәлемдесу (видеоролик)

3.Оқушылар топқа бөлінінеді.
І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас.
ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің - арты игі.
ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар

II.Үй тапсырмасын сұрау

39-жаттығу аукцион жүргізу

III. Назарларын жаңа сабаққа аудару

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы.
-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

-Кім толық айтып береді?

-Біз нешеуімен таныспыз?

IV.Оқулықпен жұмыс

40-жаттығу Өз үйіне қондыр! (кесте толтыру)

Ұшты,көк,жұлдыз,жаңбыр,іні,екі,қырық,орналасты,биледі,ащы,домалақ



Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Оқушыларға тапсырманы орындата отырып,ереже айтқызу



Әр топтағы оқушылар «смайлики» арқылы бағалайды

V.Жұптық жұмыс. 41-жаттығу

Әр топтағы оқушылар жұптасып отырып,кестені толтырады.Сол жазған семантикалық картаны әр топтағы жұптар оқиды

Семантикалық карта

Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Баянауыл

адам

көл

достық

Әр топтағы жұптасқан оқушылар бір-бірінің жауаптарын «саусақ көмегі» арқылы бағалайды.



VI. Жеке жұмыс.

42-жаттығу.Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап,өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз.

Кітаптың (бет)і,жаңбырдың (су)ы,қуыршақтың (көйлек)гі,бөлменің (ауа)сы,көлдің (жаға)сы,Айжанның (шеше)сі,үйдің (терезе)сі

Сергіту сәті



VII. Топтық жұмыс. 44-жаттығу

Оқушылар өздері ребус құрастырады.Құрастырған ребустарын басқа топпен алмастырады.Әр топ ребустың шешуіндегі сөзді жекеше,көпше түрде үш жақта тәуелдеп жазады



Әр топтағы оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалайды.



VIII. Қорытындылау.

Сұрақтар қою

- Сан есім кездесетін үш мақал айт

- Зат есімі бар сөзді қатыстырып сөйлем құра

- Алдына сын есім қойып, өз есіміңді айт

- Құралай гүлді матадан көйлек тікті. сөйлемді сөйлем мүшесіне талда



Кейінгі тапсырмалар

43-жаттығу «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»тақырыбына рефлексия жазып келу

Кейінгі оқу

Сөз табы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал