- Учителю
- 2014 – 2015 Оқу жылы бойынша оқу және оқыту жұмысына талдау
2014 – 2015 Оқу жылы бойынша оқу және оқыту жұмысына талдау
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
Нурпеисова А.Б. Сабақ беретін сынып 3 «А»
2014 - 2015 оқу жылы бойынша оқу және оқыту жұмысына талдау
3 «А»сыныбына 2014-2015 оқу жылының жылдық жұмысына талдау
Менің әдістемелік жұмыс тақырыбыма сай осы оқу жылында төмендегідей деңгейде «Сыни ойлау - танымдық түсінік негізі » тақырыбына жұмыс жасадым.
Жұмысымның мақсаты: өз ойын, өз пікірін айта алатын тұлға қалыптастыру болды, ол мақсатты алу себебім , мен осы тақырыпты зерттей отырып іс - әрекет жасау негізінде жетістіктерге жетемін, өз сабақтарымда өзгертемін үйретемін деп болжадым.
Осы ойда төмендегідей іс - әрекеттерді жоспарлы түрде жасадым. Тоқтала кетер болсам;
Өз кәсіби біліктілік білімімді жоспарлауда, пәндік басылымдарды, Әдістемелік нұсқаулық хат құжаттарға сүйене отырып жасаймын.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сонда мен кәсіби біліктілік жоспар мен әдістемелік тақырыптың мектеп тақырыбына сай жұмыстары негізінде оқу сапасы артуы үшін Джигсо, Араласып кеткен оқиғалар, Қар кесегі, Ыстық орындық, Автор орындығы,Еркін әңгіме, Данаүкі, 10 сұрақ, Жуан, жіңішке сұрақтар, Карусель, жұптық әңгіме,ББҮ,БББ , «Иә, Жоқ», «Бес жол өлең», «3 минуттық үзіліс», «Өрмекші» әдістерін, әр пән бойынша әдістемелік құралдарын тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыра оқыту жұмыстарын жасадым, осының негізінде сынып бойынша оқушылардың білім сапасы 1 - тоқсан 42% болса, 2- тоқсанда 53%, себебі 2 тоқсанда келген екі оқушы да екпінді болды, 3-тоқсанда 53%, 4-тоқсанда 53 %, жылдық - 53 %.
Білім сапасын 1- тоқсанмен салыстыру:
Пәндер
І тоқсан
ІІ тоқсан
Көтерілу,түсу себебіне қысқаша түсінік
ІІІ
тоқсан
ІV тоқсан
жылдық
Қазақ тілі
42%
53%
2 тоқсанда келген Хасанова Айнара, Мұратқызы Нұрдана екеуі де барлық пәндерден жақсы оқиды, екпінділер қатарында.
53%
53%
53%
Әдебиеттік оқу
50%
60%
60%
60%
60%
математика
57%
60%
60%
60%
60%
дүниетану
50%
60%
60%
60%
60%
І тоқсанда қазақ тілінен сапа 42 % көрсетсе, жыл аяғанда 53 % көтерілді, себебі
І тоқсанда Валиханова Тоқжан үздік баға алса, оған ІІІ тоқсаннан бастап тағы бір үздік оқушы қосылды, ол Асембекова Алуа. Әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндері бойынша оқу сапасының І тоқсанға қарағанда жыл соңында көтерілді, себебі сыныпқа келген оқушылар барлық сабақтардан да жақсы оқиды, екпінділер қатарында.
Математика пәнінен екі рет «Өтілген материалды пысықтау», «Баға, саны, құны» тақырыптарында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша есептер шығару арқылы алған білімдерін пысықтау. Оқушыларды өз бетінше ойлауға, есептер шығаруға дағдыландыру.
Сабағымда топтық жұмыстарды жиі ұйымдастырамын.
Осыған қоса мектеп өзгеріс тақырыбына сай оқытудағы топтық жұмыста сыныбымда оқушылардың бір-біріне көмектесуге, бірінің ойын бірі бөлмей тыңдауға, біреудің пікірімен санасып, өз пікірін де білдіре білуге, бір-бірін бағалауға үйренді. Оқушылардың бойында сабаққа деген жауапкершіліктері арта түсті.
Мен өзімнің сабақтарымда топпен жұмыстарды жиі ұйымдастырып отырдым, әсіресе қазақ тілі, әдебиет, математика, дүниетану сабақтарында. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ мәселе болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады, талдайды. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады, кеңейте алады.
Зерттеушілік әңгіме барысында.
Сабақ тиімділігін арттыру үшін сабақта әлеуметтік өзара іс - әрекет тудыратын сияқты жұмыстардың түрлерін пайдалана отырып оқушылардың сыни ой айтуына көңіл бөлу арқылы балалардың өз ойын айта білуіне жағдай туғыза отырып оқуға деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру Осы тәсілді пайдаланып, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. «Өмірде жақсылық пен жамандық бірге жүре ме, қалай ойлайсың?»деген сұрақ қойдым. Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама -жауап - кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталды. Бұл әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.Оқушылар өз ойларын айта алды. Мысалы: «Жақсылық» деген сөзге айтылған жауаптары: тәртіпті болу, өтірік айтпау, біреудің затын рұқсатсыз алмау керек т.б. «Жамандық» деген сөзге айтылған жауаптары: өтірік айту, ағашты сындыру, үлкеннің сөзін тыңдамау. Ал кім қандай жақсылық жасады? Үйде анама көмектесемін, кішкентай інімді қараймын, бір әженің ауыр сөмкесін үйіне апардық деген жауаптар айтылды. Сондықтан үйде болсын, далада болсын жақсылық жасай білу, көмектесу керек деген түйіндеме жасадым. Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері , зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтың мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Мәтінді оқымас бұрын ойды тиянақтап бір жүйеге келтіру мақсатында «ББҮ» әдісі арқылы кестені толтырды.
Топпен жұмыс
Алғашқы сабақтарда оқушыларының бойынан еркіндік көрінбесе,кейінгі сабақтарда оқушылар сынып ішінде еркін қозғалып, ойларын еркін жеткізе бастаған.Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, Қолдау көрсететін ересек адам « рефлексивті агент» ретінде жұмыс істей отырып, оқушының әрекетіне жауап береді және оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағыттаушылық дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді.
Өзін -өзі бағалау. Топқа бөлу
Палеткамен жұмыс. Өздік жұмыс.
Сынып оқушылары топпен жұмысқа дағдыланды, топ ережесін біледі, сақтайды, бір-біріне сұрақтар қойып, жауап талап ете алады, , оқушылар бағалау барысында не үшін 5,4,3,2 деген баға қойғандарын талдап айтып береді ,топтық бағалауда әлде де көмек керек деп ойлаймын, өз ойларын еркін жеткізуге тырысады. Бейсенова Жазира оқу деңгейінде әріптерді таниды, бірақ шатастырады, аз мөлшерде біледі. Сөздегі буындарды қоса алмайды, түсінбейді.Бұл оқушы психологиялық- дәрігерлік-педагогикалық кеңестің анықтамасы бойыншаоқытылуда. Бұл оқушымен қосымша жұмыстар жүргізілуде.
3 «А»сынып бойынша оқу жылдамдығы
І ж.ж 55- 60 сөз, ІІ ж.ж 60-65 сөз
№
Оқушылардың аты-жөні
Сөз саны
оқу қарқыны
І тоқсан
Оқу қарқыны
ІІ тоқсан
Оқу қарқыны
ІІІ тоқсан
Оқу қарқыны
ІV тоқсан
оқу желісі мен баяндау желісі
1
Асембекова Алуа
60-65 сөз
72 сөз
71 сөз
74 сөз
77 сөз
мәнерлеп оқиды
2
Байеке Алихан
60-65 сөз
68 сөз
72 сөз
71 сөз
73 сөз
Баяу оқиды
3
Бейсенова Жазира
60-65 сөз
11 сөз
0
5 сөз
7сөз
Әріпті таниды, бірақ жүргізіп оқуға қиналады.
4
Валиханова Тоқжан
60-65 сөз
101 сөз
140 сөз
138сөз
141сөз
түсініп, мәнерлеп оқиды
5
Жумабаев Темірлан
60-65 сөз
67 сөз
63 сөз
65 сөз
68 сөз
мәнерлеп оқиды
6
Джусупова Камила
60-65 сөз
58 сөз
41 сөз
56 сөз
61сөз
Баяу оқиды
7
Искаков Жасұлан
60-65 сөз
66 сөз
90 сөз
88 сөз
92 сөз
Мәнерлеп оқиды
8
Каржауов Райымбек
60-65 сөз
59 сөз
34 сөз
57 сөз
60 сөз
Баяу оқиды
9
Мурзабеков Санжар
60-65 сөз
100 сөз
100 сөз
99 сөз
105 сөз
Мәнерлеп, түсініп оқиды
10
Рақым Нұрислам
60-65 сөз
104 сөз
110 сөз
113 сөз
117 сөз
Мәнерлеп, түсініп оқиды
11
Темержанов Айтуар
60-65 сөз
57 сөз
60 сөз
64 сөз
68 сөз
Мәнерлеп оқиды
12
Төлеген Данияр
55-60 сөз
56 сөз
65 сөз
64 сөз
67 сөз
Баяу оқиды
13
Халиканов Алихан
55-60 сөз
84 сөз
114 сөз
112 сөз
117 сөз
Мәнерлеп оқиды
14
Мұратқызы Нұрдана
-
-
90 сөз
97 сөз
101 сөз
Мәнерлеп, түсініп оқиды
15
Хасанова Айнара
-
-
79 сөз
82 сөз
91 сөз
Мәнерлеп, түсініп оқиды
3 «А» сынып бойынша барлық оқушылар саны - 15, кеткені -1, Берманов Саян. келгені - 2, Хасанова Айнара, Мұратқызы Нұрдана.
І тоқсанда бойынша оқу қарқынының сапасы 57 % болса, ал ІІ тоқсанда 80%, ІІІ тоқсанда 83% , ІV тоқсанда 83 % құрайды. І тоқсанға қарағанда оқу жылдамдығының сапасы 26 пайызға көтерілді.Келген оқушылар да оқу жылдамдығының да сөз санынан жоғары оқиды. Мәтінді тез , түсініп оқитын оқушылар: Валиханова Тоқжан, Мурзабеков Санжар, Рақым Нұрислам, Мұратқызы Нұрдана, Хасанова Айнара. Бұл оқушылар мәтінді оқығанда мәнерлеп, тыныс белгілеріне тоқталып оқиды және оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелеп бере алады. Искаков Жасұлан, Байеке Алихан , Асембекова Алуа мәтінді баяу , мәнерлеп, түсініп оқиды, оқыған мәтін бойынша мазмұнын қысқаша әңгімелеп бере алады. Темержанов Айтуар, Төлеген Данияр оқыған мәтіндері бойынша мазмұнын айтуға қиналады. Джусупова Камила, Каржауов Райымбек оқу жылдамдығының сөз санын орындай алмайды.
Бейсенова Жазира оқу деңгейінде әріптерді таниды, бірақ шатастырады, аз мөлшерде біледі. Сөздегі буындарды қоса алмайды, түсінбейді.Бұл оқушы психологиялық- дәрігерлік-педагогикалық кеңестің анықтамасы бойынша оқытылуда. Бұл оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізілуде.
2014-2015 оқу жылы бойынша оқушыларым математика, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен аудандық олимпиадаға қатысып, ІІІ орындарға ие болды, мақтау қағазымен марапатталды.Олар: Хасанова Айнара қазақ тілінен, Валиханова Тоқжан математика пәнінен, Асембекова Алуа Орыс тілі пәнінен қатысты. «Ақбота -2015» марафонына Мурзабеков Санжар, Валиханова Тоқжан қатысты. Математика , қазақ тілі, дүниетану пәндерінен тест жұмысы болды, бұл оқушылар сертификатқа ие болды. 3- 4 сыныптар арасында «Алтын жабағы» атты сайысқа Мұратқызы Нұрдана, Асембекова Алуа, Валиханова Тоқжан, Хасанова Айнара, Мурзабеков Санжар қатысып, сертификатқа ие болды.