7


  • Учителю
  • Жануарларды қыста күтіп - бағу

Жануарларды қыста күтіп - бағу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Малды қыста бағып-күтуге дайындық жасау. Құстардың қысқа дайындығы.

Мақсаты:

Білімділік: Төрт түлік жайында түсініктерін кеңейту. Жұмбақтар, төлдер

туралы тақпақтар айтуға, оларды ажырата білуге үйрету. Жануарлардың қысқы дайындығы туралы түсіндіру. Құстар тіршілігінде маусымдық өзгерістер, қысқы тіршілігі жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың үй жануарларына байланысты сұрақтар

арқылы сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың жануарларға, құстарға деген сүйіспеншілігін

арттырып, оларды күтіп -бағуға , қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, еңбек

Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік әдісі, Венн

диаграммасы, сәйкестендіру, топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері»

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз

Топқа бөлу

1-топ: «Құлыншақтар»

2-топ: «Қошақандар»

3-топ : «Ботақандар»

Сұрақтар қою

1-топ: Құлыншақтарға: Жабайы жануарларды ата.

2-топ: Қошақандарға: Тиін немен қоректенеді?

3-топ: Ботақандарға: Тышқанның зияны не?

Үй тапсырмасы

Аңдардың күзгі тіршілігі

Борсық, аю, кірпі, тиін, тышқан, қоян.

Топтарға сұрақ қою

1-топ: Құлыншақтар:

Борсық немен қоректенеді?

Кірпі не жейді?

2-топ: Қошақандарға:

Аю немен қоректенеді?

Тышқанның зияны қандай?

3-топ: Ботақандарға:

Тиіннің азығы не?

Қоян қысқа алай дайындалады?

Үй тапсырмасын қорыту, бекіту.

Аңдардың түлеуі деген не?

Олар қысқа қалай дайындалады?


Ой қозғау

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Далада ауа-райы қандай?

  • Қыс мезгілінің неше айы бар?

  • Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

Дидактикалық ойын: «Жануарлар қалай дыбыстайды?»


Топтарға жұмбақ жасыру.

1-топ: Құлыншақтарға:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

2-топ: Қошақандарға:

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар

3-топ: Ботақандарға:

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім


Жаңа сабақ

  • Біз нелер туралы жұмбақтар шештік?

  • Олай болса, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Малды қыста бағып-күтуге дайындық жасау» және «Құстардың қысқы дайындығы»

Оқулықпен жұмыс:5-6 оқушы мәтінді оқиды.

Сурет бойынша әңгіме

Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндір.

  1. Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.

  2. Мал семіз болса, төл егіз.

Жер семіз болса, дән егіз.

  1. Қыста малыңды бақ, жазда шөбіңді шап.


  • Қыста малды қалай күтеді?

  • Қыста малдың азығын қалай дайындайды?


Сергіту сәті.


Адамдар, жануарлар сияқты құстар да қысқа дайындық жасайды екен. Ендеше құстардың қысқа дайындығы туралы әңгімелейміз.


Жұмбақтар жасыру

Судан шықса баладай,

Тәй - тәй асып қалады - ай.

Ұшқаны қызық жалпылдап

Өзі сондай қарқылдақ


Топтарға сұрақ қою

1-топ: Құлыншақтарға:

Үй құстарын ата.

2-топ: Қошақандарға:

Жыл құстарын ата.

3-топ: Ботақандарға:

Қыстап қалатын құстарды ата.


Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты»

Мәтінмен жұмыс

«Сәйкесін тап!» ойыны

Сәйкестендіру.


Сабақты қорыту.


  • Құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?

Жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы Венн диаграммасына түсіреміз.

  • Ендеше, балалар біз құстарды ажырата аламыз ба?

  • Сендер құстарға, жануарларға қалай көмек бересіңдер?

  • Құстардың қандай пайдасы бар?

  • Үй жануарларының қандай пайдасы бар?


Үйге тапсырма: Мәтінді оқып келу. Соңындағы сұрақтарға жауап беру.


Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал