7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Әліппемен қоштасу' 1 класс

Тәрбие сағаты 'Әліппемен қоштасу' 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 198 жалпы білім беретін мектеп


Ертеңгіліктің тақырыбы:

«Қош сүйікті, әліппе»

Сыныбы: 1 «Б»

Сынып жетекшісі: Кулшыманова Кулмхан Шарипахыновна


Алматы қаласы 2014-2015 оқу жылы


Қош бол, сүйікті Әліппем!


Мақсаты:

1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушылардың іс-әрекеттері арқылыикемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

3. Оқуға, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ұстазы мен ата-аналарының өздеріне сіңірген еңбегіне құрметпен қарау.

Көрнекілігі:

Тақырыпқа орай жасалған байнер, слайдтар, әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, көгершіндер, фотомонтаждар.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ақ жаулықты аналар, ұстаздар мен оқушылар бүгін 1 «б» сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Әліппе кітабы білімге бастайтын алғашқы жол. Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын.

Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласын мақтанады.

Өзі жазып, оқитын қалге жетті,

Құтты болсын білімі балаңыздың!

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші

Бүгін біздер үшін қуанышты күн, өйткені 1 «б» сынып оқушылары тұңғыш рет сауатын ашқан әліппені бітірді. Сондықтан қуаныштарыңыз құтты болсын!

3-жүргізуші

Әріптерді таныған

Өңкей білгір балдырған

Өсті білім ойларың

Құтты болсын тойларың.

4-жүргізуші

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Тойға келген қуанып,

Қонақтар, сізге

Хормен: Мың сәлем!


I-Бөлім


Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Мұғалім:

Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Хормен: «Әліппе»

1-жүргізуші

Шұқшитқан кеп әуелі

Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі,

Бұл қай кітап?

Хормен: «Әліппе»

- Әліппенің ең бірінші бетінен кімді көрдіңдер?

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты

Хормен

Бақытты мен ұланмын,

Әр күнім күлім ататын.

Елбасы Нұрсұлтан атаның,

Алдым мен ақ батасын.


М:

Басыңа бір сұлулық жиналғандай

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай

Жарқ етіп шыға келген ел алдына

Бишілер ғажап едің биің қандай.

Қыздар тобының орындауында: «Қазақ биі»

1-жүргізуші

Осы ертеңгілігіміздің басты кейіпкері «Әліппе» досымыз келе жатыр екен, кәне қарсы алайық!

- Сәлеметсіз бе! Әліппе той осында, төрлетіңіз!


Әліппе: Ау, достарым, мен кешіккен жоқпын ба?

Армысыздар ата-аналар!

Бармысыздар жас достар!

Әліппең келді ортаға,

Болашаққа жол бастар.


Жақсы білім - көріндік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қәне ортаға салайық!

Хормен:

Алфавитті үйрендік

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Сүйікті әліппеміздің құрметіне арналған «Әліппе әнін» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші

- Иә, Әліппе біз сенің әріптеріңмен толық танысып, жүргізіп оқуға, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазуға үйрендік.


Хормен

Үлкенді силауды, кішіге қамқор болуды үйрендік.

Біз кім боламыз? Елін, жерін сүйетін, ұлтжанды ер, ақылды ару боламыз.

Әліппе:

Ал әріптерім шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар!


Әрбір әріп нұрланып,

Бізге шұғыла шашады.

Әрқайсысы бір сырдың,

Мағынасын ашады.


Әріптер сөйлейді:

Даулетбек

А - дегенің ардақты жан -ата, апа, аналар,

Бәріне оның құрметпен қараңдар!

Дана

Ә - А-дан кейін кезекпенен келемін,

Әдеппенен иіліп сәлем беремін.

Қ.Мирас

Б - дегенің болады екен Білім,

Білімменен игересің ілім.

Перизат

Г - дегенің бақшада жайқалған Гүл,

Балалықтың бағында жайна да күл.

Мадияр

Д - дегенің Дәптер болады, іші жазуға толады.

Нұрбек

Ж - дегенің Жазу және Жаттығу,

Жазған кезде жарамайды аптығу.

Ж.Мирас

З - дегенің Көкке самғар зымыран,

Мініп алып ғарышқа мен қыдырам.

Назерке

Е - дегенің Ерлік және Еңбек,

Қиындықты еңбек қана жеңбек.

Ләйлә

И - дегенің Ибалылық, Икемділік,

Тәртіпке кеп жатырмыз икемделіп.

Д.Ерасыл

К - дегенің болады екен көмек,

Жөні оның әрқашан да бөлек.

Жанатбек

Қ - дегенің туған халқың - Қазағың,

Ортаймасын, асқа толсын қазаның!

Е.Ерасыл

Л - дегенің әдемі сөз - Лайық,

Ұстаздарға ұнайтын іс қылайық.

Аяжан

М - дегенің алға қойған Мақсат,

Жетсең ғана аласың жақсы ат.

Әлібек

Н - дегенің ас атасы Нан,

Болады екен нан болса ғана ән.

Томирис

О - дегенің ойын емес, Ой болсын,

Ойға сәйкес өсетұғұн бой болсын.

Хорлан

Т - дегенің болады екен Талап,

Ізде оны жүрегіңмен қалап.

Айзере

Ұ - дегенің болады екен Ұғымталдық,

Әліппеден барлығын ұғып қалдық.

Бибол

Ш - дегенің Шадыман-Шаттық,

Мектептен біз бәрін таптық.

3-жүргізуші

Әліппе әріптеріңізді түгендеңіз, жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі біздің даусымыз шықпайды, бұл тойда бізге не бар деп, сыртта жүр.

Әліппе: Шақырыңдар оларды, орталарыңда жүрсін. Өздерінің орны бар. Оларсыз сөздер дұрыс болмайды. (ь,ъ орындарына келіп тұрады).

Мұғалім

Бастарыңнан өткерген

Осынау төрт ай қызықты.

Парақтап қәне, көрейік,

Әзілге де кезек берейік.

Көрініс: Атасы мен немересі

Алдарыңызға биші болуға талпынған бір топ қыздарымыз чунга-чанга биін ұсынады, қабыл алыңыздар.

Би: Чунга-чанга

Индиголардың әңгімесінен...


II-Бөлім Әліппеге мың алғыс


4-жүргізуші

Біз қазақ баласы дәріптеген

Қоштасамыз сүйікті Әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Әр түрлі әріптермен

Құрметті Әліппе! Балалар сізге жылы лебіздерін арнайды.

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе. (Қ. Мирас)


Бар әріпті үйреткен,

Міне, менің Әліппем.

Жақсы оқимын сабақты,

Әріптерді танып мен. (Жанатбек)


Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы. (Дәулетбек)


Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа. (Дана)


Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан,

Әліппе білім бесігі. (Томирис)


Қолыма алып Әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

«Тіл ашар» боп Әліппем,

Жол тұсауын кестің сен. (Назерке)


Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құраған әр әріп,

Білім нұрын шашады. (Е.Ерасыл)

Көрініс: Саңырауқұлақ саясында

Мұғалім:

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың демекші, балалар, сендер осы саңырау құлақ сияқты

кіп-кішкене бүлдіршін кезде мектеп есігін ашып, біраз уақыт өте келе бойлары мен ақыл-ойлары толысқан сымбатты ұл мен қызға айналасыңдар.

Мектеп сендердің алтын бесіктерің,

«Мектебім»» әнін қабыл алыңыздар.


III-Бөлім

Енді қолға ана тілін аламыз

Әліппемен қош айтысып қаламыз.

Әліппе:

Ризамын, құрметті шәкірттер!

Меңгердің оқуды, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты міне, әкпем бар,

Сендерді ары қарай жетектеп әкетер.

Мұғалім:

Қош, Әліппе биіктеткен асқарға,

Қанат берген шарықтауға, аспанға.

Қоштасса да ұмытпайды өзіңді,

Тапсырады, іні-қарындастарына.


1-жүргізуші

Ал балалар сүйікті Әліппемізбен қоштасар сәт те келіп жетті. Әліппеге шексіз алғысымызды айтамыз. Ұлтуар апай мен Айнұр апайдың дайындық тобындағы бүлдіршіндеріне Әліппені құрметпен табыстаймыз. Әріптерді әлі танымаған балаларға Әліппе асығып отыр екен.

Хормен:

Әліппем, менің Әліппем,

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!

Ән: Рахмет, саған әліппем!


Ана тілі:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің Ана тіліңмін.

Байытам жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Енді сендер мені оқитын боласыңдар.

2- жүргізуші

Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар!

Хормен

Ана тілім өркенде,

Бола бер күшті, көркем де!

3- жүргізуші

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын

Болармын күні ертең мақтанышың

Білім алып, тер төгем, еңбек етем

Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.

ән: Ақ көгершін.

Мұғалім өлеңнің ортасында сөйлейді.

4- жүргізуші

Шашу, шашу шашыңдар,

Ақ сандықты ашыңдар,

Бұл мереке бұл тойдың,

Бастанғысын жасаңдар.

(Ата-ана шашу шашып, құтықтайды)

Слайдқа

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздерге арналған «Қош бол, сүйікті әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Келесі жүздескенше аман-сау болыңыздар!

Мектеп басшыларына, ата-аналарға сөз беріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал