7


  • Учителю
  • Көп таңбалы сандарды оқу, көбейту және бөлу 4 сынып

Көп таңбалы сандарды оқу, көбейту және бөлу 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Көп таңбалы сандарды оқу, көбейту және бөлу

тақырыптарын қайталау.


4 сынып


ДПМНО-33 тобының студенті: Олжаева М.О.


2013 жылы

Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу, көбейту және бөлу тақырыптарын қайталау.

Мақсаттары мен міндеттері:

1. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін анықтау, тиянақтау.

2. Сабақта ақпараттық комуникативтік технологияларды қолдана отырып,

оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру

3. Білімқұмарлыққа баулу.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Әдісі. Баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды сабаққа дайындау. Психологиялық тренинг.

Сабақтың мақсатын айту: Көп таңбалы сандарды оқу, көбейту және бөлу, теңдеу шығару, кубтың көлемін табу, төртбұрыштың периметрі, ауданын табу тақырыптарын қайталаймыз.

ІІ. Кіріспе бөлім.

- Біздің тұрған планета қалай аталады? Балалар сендер неше планета бар екенін білесіңдер ме? Ғарышқа ұшқыларың келе ме? Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім? Білесіңдер ме? Ендеше балалар бүгін біз де ғарышқа ұшамыз. Ал ғарышқа ұшуға дайынсыңдар ма? Ұшу үшін өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар орындаймыз.

ІІІ. Практикалық бөлім.

Интерактивтік тақтамен слайд көрсету.

1-планета Жер планетасы. Жер сияқты ешбір планета жоқ, себебі тек сонда ғана тіршілік бар. Жер шеңбері 40075 км және салмағы 6000 миллион тоннаға жуық.

Күн жүйесіндегі үлкендігі бойынша 5-ші планета.

Математикалық диктант

Өрнек түрінде жаз.

а)1486 және 8 сандарының көбейтіндісін 2 есе кеміт 1486•8:2

ә) 2574 және 9 сандарының бөліндісін 3 есе арттыр 2574 : 9 • 3

б)250124 және 25036 сандарының қосындысын 4597-ге кеміт

250124 + 25036 - 4597

В) 5489 және 987 сандарының айырмасын 2 есе арттыр

5489-987 • 2

Жердің адам үшін маңызы қандай? Жер болмаса тіршілік те болмайтын еді. Жерде біз өмір сүреміз. Яғни киім, тамақ, су барлығы жерде ғана болады. Жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме балалар?

2- планета Плутон планетасы туралы әркім біле бермейді.

Плутон-планеталар арасындағы ең кішісі, ең суық планета болып саналады. Шамамен - 235 градус суық болады.

Ауызша есеп

Жауаптары:

65000 1240

6500 2300

650 24000

65 120000

Осыдан қандай ереже шығаруға болады? Дұрыс, 10-ға бөлу кезінде бөлінгіштің сонындағы бір нөлді алып тастау керек, ал 100 -ге бөлген кезде 2 нөлді алып тастаймыз т.с.с

10-ға көбейту кезінде санның оң жағына бір нөл қосылып жазылады.

3-планета Меркурий планетасы Меркурий-күнге ең жақын орналасқан планета. Ең жылдам планета 172000 км/сағ қозғалады.
Үш таңбалы сандарды көбейту және бөлу
(Өз беттерімен дәптерлерінде орындайды және тақтадан дұрыс жауабын көрсете отырып, балалар дәптерлерін ауыстырып

бір-бірінің дәптерлерін тексереді)

508 • 72 = 36576 483 • 21 =10143

36576 :127=288 484 • 311=150524

29748 : 148 =201 23562 : 102=231

4-планета Марс планетасы. Марс -зерттеуге ең жеңіл планета, өйткені оның беткі қабатына қонған ғарыш аппаратын жаншып және балқытпайды. Марстағы температура -125 градусқа дейін төмен болады.

Теңдеу шешу

105 • 3 + х = 809

315+х =809

Х=809-315

Х=494

105 • 3+494=809

809=809


10000 - а = 4008 • 2

10000-а=8016

а=10000-8016

а=1984

10000-1984=4008 •2

8016=8016


у - 30009 = 3 • 1000

у-30009=3000

у= 30009+3000

у=33009

33009-30009=3 • 1000

3000=3000

5- планета Уран планетасы Жерден біршама үлкен планета. Уранда кем дегенде 21 ай бар.
(Интерактивтік тақтаға барып, кестені толтыру)

S= 40• 30 = 1200 см кв

Р=40+30+40+30=140 см

40:5 =8 дм

Р=5+8+5+8=26 дм

6-планета Нептун планетасы. Нептун-газ тәрізді планета. Жерден үлкенірек болғанмен онша тығыз емес. Нептун планетасын көру үшін телескоп қажет.
(Интерактивтік тақтаға барып екі оқушы 2- топтан шығып, орындайды)

Куб және параллелепипедтің
көлемін табу

а) Ұзындығы 50 м, ені 30 м, ал тереңдігі 2 м болатын жүзу бассейнінің көлемін есепте.V=50 • 30 • 2=300 м куб

ә) Кубтың бір қабырғасының ұзындығы 5 см. Көлемін тап.

V= 5 • 5 • 5=125 cм куб


7 -планета Юпитер планетасы-ең үлкен планета, бірақ оған бірде-бір ғарыш аппараты қона алмайды, өйткені онда топырақ жоқ, бар болғаны негізінен газ массасы ғана. Юпитер-жел ең көп болатын планета.
Сүзбенің көрсетілген массасына қанша төлеу керектігін анықта


Жауаптары:

200 г =80 тг

400 г = 160 тг

800г = 320 тг

Сергіту сәті.(Көз жаттығу)

8 -планета Сатурн планетасы Сатурн планетасында 18-ден астам ай бар.Ғалымдар таңғажайып болғаны сатурн сақиналары.

Бұл сақиналарды телескоп арқылы көруге болады.

(Компьютермен жұмыс)

Тест.

  1. 860050 санының дұрыс оқылуының астын сыз.

а) сексен алты мың елу

ә) сегіз жүз алпыс мың бес жүз

б) сегіз жүз алпыс мың елу

г) сексен алты мың бес жүз.

2.Биіктігі 2 см, ұзындығы х см , ал ені 3 см тік төртбұрышты параллепипедтің көлемін өрнек түрінде жазып көрсет.

3. Жаяу адам сағатына 5 км жүрсе, 3 сағатта қанша км жүреді?

А) 10 км ә) 15 км б) 20 км

4. Тік төртбұрыштың периметрі дегеніміз.

А) екі қабырғасының 4-ке көбейтіндісі В) екі қабырғасының көбейтіндісі С) Екі қабырғасының қосындысын 2-ге көбейту

Д) екі қабырғасының қосындысы деген сөз.

5. Мәні 24000-ге тең болатын өрнекті тап.

а) 9600: 3 с) 60000 ∙ 4

в) 3000∙ 8 д) 46000: 2

9 -планета Шолпан планетасы-ең ыстық планета. Шолпандағы температура -470 градусқа дейін жетеді, бұл металды балқытып жіберуге жетерлік. Шолпан баяу қозғалады. Жерге қарама-қарсы бағытта қозғалады.
Ойлан, тап.

сегіз, екі, он, бес, бірлік, сегіз

(Компьютермен жұмыс)

Сандарды оқы

74 000 586 7 890 120

40 200 650 45 124 789 44520 8 112 200

ІV. Бекіту. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Балалар өз көңіл күйлеріңе байланысты дөңгелектерді тақтадағы күнге орналастырыңдар. Кім қандай планетаға барды?

V. Үйге жұмыс: №5,6 190 бет.

VІ. Бағалау. Планета сандарына байланысты бағаланады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал