- Учителю
- '8 саны мен цифры' (дайындық)
'8 саны мен цифры' (дайындық)
Оқу іс әрекеті : Математика
Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: 8 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: Балаларды 8 санымен таныстыру. Бірден сегіз санына дейінгі сандарды кері және тура санауға үйрету. Сегіз санына байланысты есептер шығаруға үйрету. Артық, кем белгілерін ойын тәсілі арқылы баланың ой- өрісін ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Сандар кестесі, слайд
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Айналамыз тағы біз
Алақанды соғамыз
Ашық болсын айымыз
Тату болып халықтар
Аман болсын балалар
Мұғалімнің созі: Б
-
Балалар біздерде бүгін кандай сабақ?
-
Өте жақсы математика
-
Балалар біздің бүгінгі сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр.
Қане ендеше қонақтарға амандасайық.
-
Балаларды сабаққа даярлау
1.Ұйымдастыру кезеңі :
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
-
Қыс
-
Қыс мезгілігінің қазір қай айы қонақта?
-
Қаңтар
-
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
-
Кун суық болады, қар жауады.
Мұғалімнің сөзі: Өткен сабағымызда біз математика сабағынан
нешеге дейінгі сабақты өттік:
7 саны мен таныстық
Қазір осы 7 санына қатысты айырмашылығын тап ойынын ойнаймыз:
Санату: 1 2 3 4 5 6 7
Кері санау: 7 6 5 4 3 2 1
-Балалар сендерге бүгінгі санды өтпес бұрын жұмбақ жасырамын :
Баспайда бар бес іні
Естайда бар үш іні
Үш пен бесті қосқанда
Қанша болар шешуі.
Иә дұрыс бұл 8 саны
8 санын жазып корсету.
-Балалар мына суретте ненің суретін коріп тұрмыз:
-Бауырсақтың.
Тақтада неше бауырсақ тұр.
7- бауырсақ. Оған 1 бауырсақ қосамыз, неше бауырсақ болды?
7+1=8
-Балалар бізге қонаққа Бауырсақ ертегісі қонаққа келіп отыр.
-Балалар енді осы бауырсақтар бізден көмек сұрай келіпті.
Біз енді бауырсақты аман алып қалу үшін осы ертегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап беруіміз керек.
Олай болса бауырсақ 1 -ші қай аңды кездестіреді?
-
Қоянды?
1.Қоянның тапсырмасы:
-8 санына дейін тура және кері санау. Әр санға байланысты суретті табу ойыны.
2.Қасқырдың тапсырмасы: Логикалық есеп (ауызша)
Қарап алда анап ал
Екі ешкінің аяғы
Қане қанша болды?
(сегіз )
Себетке құлпынай есептеп салу ойыны ( сегіз санына байланысты)
3.Аюдың тапсырмасы: Сегіз таяқшадан балықтың фигурасын жасау /неше үш бұрыш бар? /
4. Түлкінің тапсырмасы : Сегіз санына байланысты есептер шығару /4+4=8. 3+5=8. 6+2=8 кері есеп шығару 8-5=3. 8-6=2. 8-4=4/
Серіту сәтті
-Балалар біз бауырсақ ертегісіндегі кеіпкерлердің барлық тапсырмаларын түгел және дұрыс орындап шықтық па?
Қортындылау: Күтілетін нәтиже. Білу керек, сегіз санын жаза білуі керек. Есеп шығара білу керек.