- Учителю
- 2 Сыныптың қазақ тілі пәніне арналған 'Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі' тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар
2 Сыныптың қазақ тілі пәніне арналған 'Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі' тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі.
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру.
Білімділік мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылықтарын арттыру
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық, бағдаршам,
Әдіс-тәсілдері: тақырыптық түйінді сөздер, бағдаршам
Күтілетін нәтиже: У дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын ұғады.
Жұмыс кезеңдері
Уақыт
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру түрі
Бағалау
Қолданылатын модуль
Мотивация
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
1 мин.
Сыныптың сабаққа дайындығы.
-Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Түрлі-түсті кәмпиттер арқылы топқа бөліну.
2-жаттығу
Сахналық көрініс.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
Қызығушылығын ояту
5 мин.
«Адасқан әріптер» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастыру.
1 қатар - У әрпі сөздің басында айтылатын
2сөз жазу.
2 қатар - У әрпі сөздің екінші әрпі болатын
2 сөз жазу.
3 қатар - У әрпі сөздің соңында болатын
2 сөз жазу.
жеке
мадақтау
АКТ
Білу
5 мин.
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын у дыбысы дауыссыз болады.Әуе, Зәуре.
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады.Сурет, жазу.
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
жеке
смайлик
СТО
Түсіну
Сергіту сәті
5 мин.
Семантикалық карта
Сөздер --------- Дауысты -------- Дауыссыз
ну ---------------+
уыстау ----------------------------------+
жауын -----------------------------------+
ауыз -------------------------------------+
умаждау ------------+
жусан ---------------+
жұптық
бағдаршам
АКТ
Қолдану
15 мин.
Дәптермен жұмыс.
жеке
мадақтау
ЖЕБО,
ОүБ
Талдау
10 мин.
Топпен жұмыс.
1) І топқа: У дыбысы дауысты болатын сөздерді теру.
2) ІІ топқа: У дыбысы дауыссыз болатын сөздерді жазу.
3) ІІІ топқа
Топтан бір оқушы жауап береді.
Постерге жазып 1 оқушы қорғайды
топтық
Бас бармақты жоғары көтеру
Басқару және көшбасшылық,
Жинақтау
3 мин.
Тақырыптық түйінді сөздер
-Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
-Дыбыс дегеніміз не?
-әріп дегеніміз не?
-Дыбыстардан не құралады?
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атау
-У дыбысы қай уақытта дауысты болады?
40 дыбыс, 42 әріп бар
Дыбысты естиміз, айтамыз
Әріпті көреміз, жазамыз.
Дауыссыз дыбыстан кейін
Қазақ тілінде 12 бар
жеке
мадақтау
ТжДБЖ
Бағалау
1 мин
Оқушылармен кері байланысқа шығу
-Бүгінгі сабақта не қиын болды? Не қызық болды? Сабақты қалай түсіндің?
Критериге қарап бағалау.
ОБ
ОЖТ
Үйге тапсырма : 20 бет 4--жаттығу