7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл' (1 класс)

Сабақтың тақырыбы: 'Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл' (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл

Мунарбаева Нургуль Рахымбаевна,

№8 орта мектеп

Бастауыш класс мұғалімі



Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тәрбиелеу. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

Формасы: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері,

Сабақ барысы:

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.

  • Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі

  • Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі

IV. Қорытындылау.


І. Мұғалім сөзі: «Дені сау адам - табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен. Балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

«Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Сол бөлімшенің заңдары мен ережелерін толық біліп меңгергесін, «Салауатты әдеттер бөлімшелерінің» толыққанды, тең құқылы азаматы боласын.

Сонымен саяхатымызды бастайық.

Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады. Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау - бұл әркімнің - ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

- Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.


Тері тазалығы.

Адам денсаулығының кепілінің бірі - тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ ,денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері - дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

А дәрумені


Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.



В дәрумені.



Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан -ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің қуатын көтереді.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы;

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық - гигиеналық нормаға сай болуы

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:

1

Таңертеңгілік ас

7.30 - 8.00

25%

2

Таңертеңгілік ас

11.00 - 11.30

10%

3

Түскі ас

14.00 - 14.30

35%

4

Түстен кейінгі ас

16.30 - 17.00

10%

5

Кешкі ас

19.00 - 20.00

20


Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:

- Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;

- Біркелкі тамақтанудан;

- Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;

- Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;

- Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;

- Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;

- Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі

Спорт (франсуз тілінен алынған) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт түрлері: Қысқы спорт түрлері:

1. Велоспорт 1. Биатлон

2. Ат спорты 2. Тау шаңғысы спорты

3. Жеңіл атлетика 3. Шаңғы жарыстары

4. Гольф 4. Мәнерлеп сырғанау

5. Теннис 5. Фристайл

6. Футбол 6. Хоккей

7. Суда жүзу 7. Шорт-трек т.с.с.


Қорытынды

Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Біздің саяхатымыздың соңында сіздерге айтарым:

Біз саяхат жасаған бөлімшелердің ішінде қайсысы ұнағаны, қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен, бауырларыңмен бөлісіп, не білгеніңді ортаға саларсың.

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Тіршіліктің негізі - салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал