- Учителю
- ӘДебиеттік оқу 4 - сынып
ӘДебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Толағай»
Сабақтың мақсаты: ертегі дастанды өз бетінше түсініп оқуға жағдай туғызу, халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі образдардарын салыстыру.
Сабақтың міндеттері: әдеби шығармаларды мазмұндау, мінездеме беру
арқылы көркем, шебер сөйлеу дағдыларының дамуына жағдай туғызу,
батырлық, ерлік қасиеттерін бойына дарыту арқылы туған елін, жерін,
Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.
Жабдығы: жұмыс парақтары, оқулық, дәптерлері, кестелер, мультимедиялық проектор.
І. Ұйымдастыру - 2 минут. Психологиялық ахуал.
Қолымызды қысайық,
Бестік баға алайық.
Басқа білім толтырып,
Үйге қуанып қайтайық.
Топтағы тәртіп ережелері:
-Көзіммен қараймын және көремін.
-Құлағыммен тыңдаймын және естимін.
-Алдымен ойлаймын, сосын айтамын.
-Сыныпта жалғыз емес екенімді білемін.
-Достарымның пікірлерін тыңдаймын.
-Уақыт тоспайды!
ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы - 8 минут.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Туады ерлер ел үшін…
Тоқтай алмай барамын
Ағайын туған ел үшін.
-Бұл өлең жолдарын естігенде, көз алдарына не елестейді?
-Бүгін өтетін тақырып неге байланысты болады деп ойлайсыңдар?
-Ол үшін кестелер беріледі, соны шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығамыз
1.Дана
Сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, автордың аты шығады.
-
3542
183
2391402
82445
6348524102
113000
871342826
б
Ә
л
д
а
і
д
2.Жайна
Сөздерді алфавит ретімен орналастырсаңдар, автордың фамилиясы шығады.
-
бала
гүл
дала
ана
вагон
ғарыш
есік
әке
ж
б
е
Т
і
а
в
ә
3Алтынай
Апта күндерін ретімен орналастырсаң, шығарманың аты шығады.
-
сәрсенбі
дүйсенбі
жұма
бейсенбі
жексенбі
сенбі
сейсенбі
л
Т
ғ
а
й
а
о
Сонда бүгінгі өтетін тақырыбымыз Әбділда Тәжібаевтың «Толағай»
Сонда сабақ мақсаты қандай болмақ?
- Дастан дегеніміз не?
- Ертегі дегеніміз не?
ІІІ. Мағынаны ажырату сатысы-
Бейнекөрсетілім.
Әбділдә Тәжібаев туралы.
Ақын Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көптеген газет журналдарда ,
баспада жауапты қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңдері «Сыйлық» атты
жинақта жарияланған.
Бейнеролик « Толағай » мультфилмі
Сөздік жұмыс.
Аңның сұсы басты - аңнан қаймықты, үрейленді
Күйрететін- сындыратын
Жұбайы- әйелі
Тасты уатты- тасты үкті
Көзін тікті -қарады
Аңғармапты -байқамапты
Арбасуға төзе алмады- шыдамады
Көк құрақтар -шөп
«Қонақ топтарға» отыру.
Өз бөлімін оқу.
Өз бөлімі бойынша бір сұрақ дәптеріне жазу.
Жұпта талқылау.
Бір біріне сұрақ қою арқылы тексеру.
ІҮ . Ой толғаныс сатысы
Семантикалық карта толтыру.
Әр кейіпкерге қатыстысына + таңбасын қойыңдар.
Шығарма кейіпкерлері
Жолбарысты дөңгелетті, Ойнағандай шыр айналып
Даңқы шыққан мерген екен
Жеті жаста садақ тартты
Ақша беті айменен тең
Талай жерді көрген екен
Көркінен де ақылы басым
Саржан
+
+
Айсұлу
+
+
Толағай
+
+
Бағалау.
Үй жұмысы.
1- бата шығару
2- «Толағай» дастанының желісі бойынша сурет салу.
3- батырлар жыры мен ертегі дастанды Венн диаграммасына
салу .