7


  • Учителю
  • ҚОсындыны санға көбейту (3сынып)

ҚОсындыны санға көбейту (3сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әбілбашарова Әзиза

Қызылорда облысы

Жаңақорған кенті

№51.М.Қаратаев атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту

(Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Мақсаты:

Білімдік: Қосындыны санға көбейту тәсілдерін үйрету, оқушылардың

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Математикалық тілін дамыту, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге,

Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, суреттер, тапсырма жазылған слайдтар.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Психологиялық дайындық.

2. Өткен сабақтарды пысықтау.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда қызықты саяхатқа шығамыз. Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында қайда баратынымызды анықтаймыз.

4*5 А 8*2 л 9*3 м 7*4 а 5*9 т 6*6 ы


63: 9 А 49:7 з 30:5 и 40:8 а 72: 9 д 27:3 а


3. Жаңа сабақ.


-Азияда дегеніміз не? Ол қай кезде болады ? Неше елден спортшылар келеді? Қанша медаль үшін тартыс болады? Қандай ойын түрлері болады?

1. Шаңғышылар.

2. Мәнерлеп сырғанаушылар.

3. Конькишілер.

4. Биатлоншылар.

-Балалар, ендеше Алматыға бару үшін пойызға отырамыз. /Интерактивті тақтадан пойыз суретін көрсету, дыбысын таспадан естірту/

№1. тапсырманы орындасақ Алматыға жетеміз.

  • Балалар, тақтада қандай фигура берілген ? /Тік төртбұрыш/

-Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз? / Қарама-қарсы қабырғалары тең/

-Неге тік төртбұрыш дейміз? /Себебі оның бұрыштары тік/

А 3см В 6см С



М К Е

Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылғанын түсіндірейік.

1 тәсіл: 3*2 + 6*2

2 тәсіл: (3+6)*2

Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек.

Ал, балалар, Алматыға да келдік . /интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/

Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға медаль жинауға көмектесеміз.

/интерактивті тақтадан машина суретін көрсету, дыбысын естірту/ №2 тапсырманы орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.

Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу:

(3+2)*5 (6+7)*3 (9+5)*4

(3+6)*3 (4+2)*6 (5+8)*7

  1. Конькишілер жарысына қатысып медаль жинайық.

Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Өрнектерді құрып, олардың мәндерін табу.

  1. 3 және 4 сандарының қосындысын 5-ке көбейт.

  2. 6 және 2 сандарының қосындысын 7 есе арттыр.

  3. 5 және 6 сандарының қосындысын 3-ке көбейт.

  4. 4 және 5 сандарының көбейтіндісін 6-ға арттыр.

-Балалар, алғашқы медальдарымызды жинадық.

-Енді , мәнерлеп сырғанаушылар жарысына қатысайық.

Ол үшін №4 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Кестені толтыр:

а

2

3

4

5

6

(3+2)*а







Қоржынымызға тағы да медальдарымызды салдық.

-Балалар, енді шаңғышылар жарысына қатысайық.

№5 тапсырманы ауызша орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.

Амалдарды орында:

10*5 300*2 900:3-250

20*3 200*4 150:5+70

40*2 500*2 420-400:2

Кім дұрыс орындаса медальға ие болады.

Жарысты ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен, соның кейбір сөздері желмен түсіп қалыпты.

Соны табайық. «Шынықсаң - ... боласың.»

Ол үшін №6 тапсырманы ауызша орындаймыз.

Өрнекте:

1) сантиметрмен: 3м 2см; 8м 12см; 5м 3дм 1см;

2) метр және дециметрмен: 850см; 900см; 340см;

-Балалар , әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу керек. Дене шынықтыру жаттығуларынан басқа дұрыс тамақтанудың да орны ерекше. Біздің спортшыларымыз да, өзіміз де күш жинап алу үшін №7 тапсырманы орындаймыз.

Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар:

  1. Күн сайын отбасы таңертеңгі аста 12 түйір қант және кешкі аста 8 түйір қант жейді. 2 күнде отбасы неше түйір қант жейді?


Енді, балалар, биатлоншылар жарысына қатысамыз. Ол үшін №7 тапсырманың 2-сін орындаймыз.

  1. Килограмы 60тг тұратын 6кг сәбіз және осы бағамен 4 кг пияз сатып алынды. Сатып алынған барлық көкөніс қанша тұрады?

-Енді , жарысымыздың қорытындысын шығару үшін олимпиада ауылына қайтып, қанша медаль алғанымызды есептейік.



Алтын


Күміс


Қола


Конькишілер




Мәнерлеп сырғанаушылар




Шаңғышылар




Биатлоншылар





Барлығы:




Аулымызға оралайық. Ол үшін ұшаққа отырайық.

/Интерактивті тақтадан ұшақ суретін көрсету, дыбысын естірту/

№9 тапсырманы ауызша орындасақ сыныбымызға келеміз.

Бақша тік төртбұрыш пішінді. Оның ұзындығы 30м, ені 20м. Алаңның оннан бір бөлігіне гүл егілген. Неше квадрат метр жерге гүл егілген? ( Есеп үш амалмен шығатындай етіп, сұрақ қой.)


  1. Сабақты бекіту.

Қосындыны санға қалай көбейтеміз?

(9+8)*4

6. Оқушыларды бағалау.

7. Үйге тапсырма:

№8, №10




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал