7


'42 әРіп' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Алфавит


Сабақтың мақсаты: Балаларды алфавитпен таныстыру.Әріптерден сөздер құрауға үйрету.Сөздерге дыбыстық талдау жасауға уйрету.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Жыл мезгілдерін атау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қай айы қонақта ?

Өтілген тақырыпты қайталап айтып өту.


Жаңа сабақ.


Жаңа сабақты жұмбақ айту арқылы бастау.

Алфавит туралы жұмбақ айту.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


-Ия бұл алфавит. Қазақ алфавитінде 42 әріп бар (40 әріп, 2 таңба).

-Балалар, бізге қонаққа алфавитпен бірге «Мақта қыз» ертегісіде келіпті.


Мақта қыз ертегісін айтып беру.


-Ал енді балалар «Мақта қыз» ертегісіндегі мысық бізден көмек сұрап тұр екен. (Осы жерде бір оқушыны мысық етіп сөйлету керек).


Мысық: Маған көмек беріңдерші? Мақта қыз құйрығымды қайтып беруі үшін сендердің бүгінгі танысқалы тұрған «Алфавит» тақырыбы арқылы сұрақтарға жақсы жауап берсеңдер, менің құйрығым өзіме қайтып келеді.


Тәрбиеші: Көмек береміз бе мысыққа?


Балалар: - Ия, көмек береміз.


1.- тапсырма: ағаштың тапсырмасы:

1. Алфавит қай дыбыстан басталады? (А дыбысынан). Алфавитті айту (хормен).


2. Ойын «Сөз ойла, тез ойла». (Тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздер айтады. Мысалы : А дыбысы (алма, ай, алмұрт, асқабақ, т.б ))


2. - тапсырма: Сиырдың тапсырмасы:

Ай, алма, шана сөздеріне дыбыстық талдау жасату.


А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/

Й - дауыссыз /көк текшемен көрсету/


А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/

Л - дауыссыз /көк текшемен көрсету/

М - дауыссыз /көк текшемен көрсету/

А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/

Ш - дауыссыз /көк текшемен көрсету/

А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/

Н - дауыссыз /көк текшемен көрсету/

А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/


3- тапсырма: Қыздардың тапсырмасы:

Қыздар сендермен ойын ойнағысы келеді екен.


«Сөзжұмбақ»


Суреттердің біріншісі әріптерінен сөз құрандар.

«Бақа» сөзі пайда болады.


Сергіту сәті орындалады.


4 - тапсырма: Дүкеншінің тапсырмасы: (карточка таратылады)

(Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтып өту керек)

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бояу.

А,Ш,Б,Ү,И,I, т.б.

5 - тапсырма : Тауықтың тапсырмасы: Сиыр, тышкан, дүкенші,ағаш сөзінде неше буын бар, неше дыбыс бар?

Сиыр - 2 буын, 4 дыбыс.

Тышкан - 2 буын, 6 дыбыс.

Дүкенші - 3 буын, 7 дыбыс.

Ағаш - 2 буын, 4 дыбыс.


6 - тапсырма: Тышканнның тапсырмасы: Дыбыстарға арналған жұмбақтарды шешу.


  1. Сақинаны, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді,

Бастап тұрған қай әріп,

Сапсыз орақ тәрізді. /С дыбысы/


  1. Шананың да, шардың да,

Мен тұрамын алдында ,

Менімен ғана басталар,

Шұғыла да, шалғын да. / Ш дыбысы/


  1. Уық деген немене?

Уыз жегің келе ме?

Қай әріптен аулар

Басталып тұр атаңдар / У дыбысы/


  1. Ұя, ұлу, ұшақтың

Басын бастап беремін,

Құс, жұмыртқа, бұтақтың

Ортасында келемін / Ұ дыбысы/


  1. Өнеге мен өнерді,

Өсімдік пен өренді,

Менен бастап жазасың

Өрнек пенен өлеңді /Ө дыбысы/


  1. Қоянда бар, түйеде жоқ,

Шаянда бар, биеде жоқ,

Аязда бар, боранда жоқ,

Ол қай әріп? /Я дыбысы/


Сабақты қорыту.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мадақтау .




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал