7


  • Учителю
  • 'Ең үздік математик' сайысы (4 класс)

'Ең үздік математик' сайысы (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сайыстың тақырыбы: «Ең үздік математик»

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.

Көрнекілігі: тапсырмалар, парақшалар.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді көрермендер! «Ең үздік математик»сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын сайыс түрінде өтеді.

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгін сайыс төріне,

Математика тілінде,

Есеп шешіп таласып,

Жұмбақ айтып аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Кең пейілді жігер мен,

Келеді міне көп білген-дей келе, бұл жеңіс менікі деп артынған 4 класс оқушылары ортамызда тұр.

Сайыс үш бөлімнен тұрады.

Жоспары:

«Ғажайып жетілік» Апта күндерін таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

«Дода»ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

«Бәйге» жұмбақтар мен мақалдарға жауап беру.

Жүргізуші: Енді сайыскерлеріміздің білімі менөнеріне баға беретін әділ қазы алқасы мен таныстырып кетейін. Оқу ісі меңгерушісі Калдыгулова Гүлзина апай.

Ойын барысы бойынша сайыста сендерге қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі . Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға тезірек ойланып, жауап берулерің қажет.

Жүргізуші: Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп,

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау.

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек,-деп, «Ғажайып жетілік»бөлімінде әркім өзі таңдаған ұяшықтарындағы апта күндерінің берілген сұрақтарына жауап береді.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Дүйсенбі:

Бұрышты өлшейтін құрал.. Транспортир.

Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.... мм, см, дм, м, км.

Сейсенбі:

Көбейтудің қасиеттерін ата. Ауыстр. Терімд, үлестірімд.

Уақыт өлшем бірліктерін ата. Сек. Мин. Сағ. Тәул. Ай. Жыл,ғасыр.

Сәрсенбі:

Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды. Түйеқұс ұшпайды.

Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? 1,2,3.

Бейсенбі:

1.Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? Х

2. Ең үлкен уақыт өлшемі? Ғасыр

Жұма:

2-ге бөлінетін сандар не деп аталады? Жұп сандар.

Ғасырдың жартысы неше жыл? 50жыл.

Сенбі:

1.2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? Тақ сандар.

2. Бойы 2 қарыс, сыйып тұр 25 арыс. Сызғыш.

Жексенбі:

1.90 литр сүтті 3литрден неше ыдысқа құямыз? 30 ыдысқа.

2. ойлаған санды 4-ке бөліп, оған 26-ны қосқанда 30 шықты. Ойлаған санды ата. 16.

Бүгінгі күн сайыста,

Ешкімнен сен қалыспа.

Білімі кімнің көп болса

Сол озады сайыста. Дегендей келесі бөліміміз «Дода» деп аталады.

Бұл бөлімде 10-нан бастап 40 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды.Әркім өз таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға уақыт беріледі. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда оның қарсыластары қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.Кез келген жағдайда сұрақтар\ көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.

Тақырып: «Математикалық жұмбақтар»

10 ұпай.

11 түйе , 5 жылқы,

2 сиыр , 5 ешкі ,

2 қоян , 3 түлкі

Таба алмасаң бол күлкі ! ( барлығы - 28 )

Алманы төртке бөлдік ,

Бір бөлігін жеп те көрдік .

Қалған үлкен үш бөлігін ,

Қасымдағы үш досқа бердім .

Қанша болды ? ( 0 )

ұпай

Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма .

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма ? ( 24 )

Атадан он баламыз ,

бір -бір жастан арамыз .

Қосылып кейде басымыз ,

Азайып кейде қаламыз .

Бөлініп кейде арамыз ,

Көбейіп те аламыз . ( Цифр )

ұпай

Бір отбасында 4 қыз және әр қыздың

бір -бірден бауыры бар .Отбасында барлығы неше бала бар ?

( 5 бала )

Қайыңда 10 бұтақ бар

Әр бұтақта 4 алмадан .

Барлығы қанша алма ? ( қайыңда алма өспейді )

40 ұпай

Екі сабақтың ортасында не бар ? ( үзіліс )

Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі ( Кесінді )

Тақырып : «Сандар »

10 ұпай

Табақта жеті өрік

Қолымда бес өрік .

Қосқанда барлығы ,

Болады неше өрік ?( 12 өрік )

Аулада 5 үйрек

Қорада 3 йрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? 8-1-1 3 үйрек.

20-ұпай: 1. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? 50 саусақ.

Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады.12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады? 12\22

30-ұпай: 1. 9 бен 27 сандарының арасында неше жұп сан бар? 9 жұп сан бар.

Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер бұл қандай сан? 8 саны.

40-ұпай.1. Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? 1сағ 30минут- 90минут бар.

2.Жанұяда 7 ер баланың бір- бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? 8бала.

Тақырып: «Тұлғалар.»

«Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындаған күйші кім? Құрманғазы.

«Көксерек»әңгімесінің авторы кім? М. Әуезов.

20- Ұпай:

Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы кім? Б. Момышұлы.

Ән ұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев, Ж. Нәжмиденов.

30-Ұпай:

Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсарин.

Атаға әлемге әйгілі қазақ палуаны кім? Қ. Мұңайтпасов.

40-Ұпай:

1.Пулеметші, өзінің мергендігімен көзге түскен, Қазақтың қаһарман қызы кім? М. Мәметова.

2.Қазақтың ұлы ақыны кім? А. Құнанбаев.


ІІІ-тур. Бәйге. Жұмбақтар:

1.Сағат сайын соғылады

Мектептен табылады. Қоңырау-звонок

2.Тұмсығымен қозғалар

Соңынан аппақ із қалар. Бор-мел.

3.Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен пияз-лук.

4.Үсті толы ине,

Бірақ та, іс тігіп,

Қадамайды түйме. Кірпі-ежик

5.Ашылып жабылады,

Әр үйден табылады. Есік-дверь.

Мақалдар.

Шарты қойылған сұрақтарға оқушылар мақалмен жауап беруі тиіс.

1.Жыланды інінен қалай шығарамыз?

«Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады».

2.Инемен құдық қазуға бола ма?

«Білім- инемен құдық қазғандай».

3.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

«Көз қорқақ, қол батыр».

4.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін , отқа түс күймейсің.

5.Аппақ қарға бола ма?

Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұсағым дер.

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділқазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды.

Қорытынды.

Әділқазыға сөз беру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал