7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары ' Бунақденелілер'

Сабақ жоспары ' Бунақденелілер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бунақденелілер

Мақсаты:

1.жәндіктер жайлы, олардың тіршілік ету ортасы, тіршілік ету ортасына бейімделуінің қажеттілігін түсіндіру. Жәндіктердің буынаяқты жануарлар тобына жататынын түсіндіру,

2. оқушылардың тілін, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту,

3. таным белсенділігімен қатар жануарларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

Сабақтың көрнекіліктері: плакат, суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс, ана тілі

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың жүрісі.

  1. Ұйымдастыру

Оқушыларды тыныштандыру, сабаққа назарын аудару.

Оқушыларды топқа бөлу, жұмбақ арқылы топтың атын анықтау;

1-топ: Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,

Сусыз оның күні жоқ.

Жүріп кетсе соңында

Қалып жатқан ізі жоқ. (балық)


2-топ: Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды. (жапалақ)


3-топ; Тарпаң, тарпаң тарбиған

Түрі жаман жарбиған. (бақа)


2. Өткенді тиянақтау

1.Балаларын сүтпен асырайтын жануарларды қалай атайды?

2.Қанаты, мамығы бар жануарларды қалай атады?

3.бақаларды неге қосмекенділер деп атайды?

4.Жорғалап жүретін жануарларды қалай атайды№

5.Суда ғана тіршілік ететін жануарларды қалай атайды?


Ойын «Қайсысы артық?»

1.Аю, арыстан, қасқыр, түлкі, арыстан, тиін (тиін-жыртқыш емес)

2.Қой, сиыр, жылқы, түйе, марал (марал-жабайы, қалғандары үй жануарлар)

3.Жылан, кесіртке, бақа, (бақа- жорғалаушы емес)


Ауа-райы календарымен жұмыс:

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Қысқы айларды атаңдар.

3.Өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?

4.Тірі табиғатта қандай өзгерістер болады?

3. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

-Бүгін біз жануарлардың тағы бір тобымен танысамыз. Ал, осы топқа қандай жануарлар жататынын мына жұмбақтарды шешу арқылы біле аласыңдар.


Ойын «Жәндікті тап»

Гүлден-гүлге қонады,

Шаршаса демалады. (көбелек)

Әр жерде бар мекені,

Өзінен зорды да

Көтеріп алып кетеді. (құмырсқа)

Ат басты, арқа мүйізді,

Бөрі кеуделі, бөкен санды. (шегіртке)

Кеш батса ызыңдайды, жылан емес,

Бірақ шақса оңдырмайды. (маса)

Құс емес қанаты бар

Гүлден-гүлге ұшып жүріп,

Бал жинайды. (ара)

Әр жауап айтылған сайын, жәндіктердің суреттері тақтаға ілініп отырылады.

-Осы жануарлардың тобы қалай аталады?

Тақтаға жәндіктер деп жазылады.

-Ендеше біз бүгін жануарлардың тағы бір тобы жәндіктермен танысамыз және ерекшеліктерімен танысамыз.


Жәндіктер-үлкен, кішкене болады. Олардың біреулер ұшады, біреулері секіреді, біреулері жорғалайды. Кейбіреуі бірнеше жыл тіршілік етсе, кейбіреулері 1-ақ күн тіршілік етеді. Кейбіреулері топырақ арасында, кейбіреуі ауада, кейбіреуі суда тіршілік етеді.Олар бар жерде кездеседі: ыстық елдерде, солтүстіктегі мұзды аймақтарды.

Жәндіктердің пайдалысы да, зияндысы да болады. Өздерің қалай ойлайсыңдар?

-Қандай жәндіктер зиянды? (маса, шыбын)

-Қандай жәндіктер пайдалы? (ара,шегіртке)


Осыған байланысты мен сендерге қазір ертегі оқып беремін.

Ертегі: «Жануарлардың айтысы»

Ормандағы аңдар бір күні жиналып, жануарлардың қасысын жоғалтып, қайсысын алып қаламыз деп дауласа бастайды. Аю айтады: "жер «етінде жәндіктер өте көп. Жануарлар оларға қарағанда аз. Тек қана пайдалысын ғана алып қалайық. Әйтпесе шыбындар тамағымызды ластап, маса шаққанды ғана біледі.Соналар араларды тонап, менің балымды ұрлайды. Тек қана көбелек пен араны ғана қалдырайық.» Сол кезде бақа мен құстар орындарынан тұрып, «Бұл саған ғана шыбындар мен маса бөгет жасайды. Ал, егер олар болмас біз өліп қаламыз. Бұлар біздің тамағымыз ғой. Біз осы жәндіктермен қоректенеміз емес пе?» дейді.... Жануарлар қандай шешімге келді деп ойлайсыңдар?

Қорытынды: Табиғатқа жәндіктердің бәрі керек.

Жәндіктердің белгілерінанықтау (Тақтаға жәндіктің суреті ілінеді)

1 белгі

«6 аяғы бар»

-Әр түрлі жануарларжа аяқ әр түрлі мақсаттарға пайдаланылады. Мысалы: аралар табандарымен гүлдердің шырынын жинайды.Шегірткелер осы аяқтарымен секіреді., қоңыздар суда жүзеді.

Сонымен жануарлар басқа жануарлардан аяқ санымен ерекшеленеді екен

2-белгі

-тақтадағы суреттен жәндіктердің денесінің қандай ерекшеліктерін көріп тұрсыңдар?

-Басы, кеудесі, құрсағы - 3 бөліктен тұрады.(тақтаға басы, кеудесі, құрсағы) деген сөздер ілінеді)

-Денесі 3 бөліктен тұрады.


Сергіту сәті


Мұғалім:

-Менің қолымда шприц, губка,, тістеуік бар. Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл заттардың қажеті қанша?

Шегірткенің жақтары шөпті жегенде осы тістеуік сияқты тістейді.

Маса осы шприц счияқты теріні тесіп, қанды сорады.

Шыбынның ауыз қуысы сұйықтықты осы губка сияқты сіңіріп алады.

3- белгі

-Түнгі көбелектер қоректенгенде өсімдіктің иісіне келеді. Ал, түнде иіс жоқ қой. Сонда өсімдікті қалай табады? Өздерінің мұртшаларымен (тақтаға мұртшалар деген сөз ілінеді)

4 -Белгі (екі жұп қанаты бар)

Суреттерді қарап тағы несімен ерекшеленетінімен танысыңдар. Құстарда қанат нешеу? Ал жәндіктерді екі жұп, яғни төртеу (тақтаға 2 жұп қанат деген сөз ілінеді)

-Енді жәндіктің барлық белгілерін атап беріңдар.


4.Сабақты бекіту: (Топпен жұмыс)

1.Берілген сипаттама бойынша жануарды табу

-Ал, ендіжәндіктердің қалай қыстайтыны туралы ойланыңдар.

Жаз аяқтала бастасымен жәндіктер және басқа жануарлар қыстауға дайындала бастайды. Бұл әртүрлі болады.

Көптеген жануарлар қысқа жетпей өліп қалады. Өмір сүру ұзақтығы бірнеше айдан 1-2 күнге дейін ғана болады. Кейбір жәндіктер қуыршағынан шыға сала өздері жұмыртқа салып, сол мезетте өледі. Кейбіреуі қысқы суыққа қарамай ағаш қабығында жата береді. Ал, көктемге дейін тірі қалу үшін кейбір жәндіктер денесіндегі май мен судан арылады. Барлық судан айрылып қалмау үшін денесі қатып қалмайтын зат түзеді.


2.Өлеңнің ұйқасын тап

Ра, ра, ра

Гүлге қонды бір....... (ара)


Са, са, са түні бойы

Ұйықтатпады бір..........(маса)


Бын, Бын, бын, ұшып кірді

Үйімізге көк......... (шыбын)


3.Карточкамен жұмыс (жекелей жұмыс)


Мұғалім:

Жәндіктерді қорғау туралы әңгіме

1.Қызыл кітап туралы айтып кету

2.Жәндіктерді қорғау және табиғаттағы орнын айтып кету


5. Сабақты қорытындылау: (Сөйлемді жалғастыр)

1.Мен білдім: (жәндіктер туралы жаңалық)

2.Мен қайталадым: (жануарлар топтарын)

3.Мен таңғалдым: (қалай қыстайды,қалай қоректенеді)

4.Мен есімде сақтадым. (басқа жануарлардан қандай айырмашылықтары бар, оларды қорғау керек)


6. Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма: 77-76 бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал