- Учителю
- Ашық сабақ ана тілден Тақырыбы'Ақша қар'
Ашық сабақ ана тілден Тақырыбы'Ақша қар'
Сабақтың тақырыбы: Ақша қар. Зейнолла Шүкіров
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңді түсініп оқу, мәнерлеп оқу қабілеттерін қалыптастыра отырып, өлеңнің негізгі ойын ашып, тәрбиелік мәнін түсіндіру;
2. Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөйлеу дағдыларын дамыту, салыстыру, негізгі ойды анықтау қабілеттерін жетілдіру;
3. Өлеңнің негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеуге үйрету;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау;
-
Үй тапсырмасын тексеру: «Балапан қанат қақты» мәтінінің мазмұнын сұрап, салып келген суреттерінен сурет көрмесін ұйымдастыру, ең жақсы сурет салып келген оқушыларды мадақтау;
-
«Қар жинау» ойыны:
Қыста ұйықтайтын аңдар
Қатты су
Қыста қалатын құстар
Қысқы жел
Терезеге өрнек салатын не?
Қысқы жауын
Қысқы ойын
-
Жаңа сабақ:
Жұмбақтар шешейік:
Қанттай ақ, Мамықтай жұмсақ, Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады.
(Қар)
- Қар қашан жауады?
Ол неге жауады? (өйткені табиғат құбылысы)
Қар қалай жауады?
- Қардың түсі қандай? Ақ түстен басқа түсі бар ма?
- Сонымен қысқы жауын, жерді ақ көрпеге орайтын не екен?
олай болса, бүгін біз Зейнолла Шүкіровтың «Ақша қар» деген өлеңімен танысамыз
4. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, әр шумақтарын тоқталып, талдап, түсіндіру; Сөздік жұмысын жүргізу
- Ақын ақша қарды неге теңеген?
даланы қалай жайнатып тұр дейді?
Ауыл үсті қандай дейді?
- Өлеңді оқығанда қандай көңіл-күйде боласыңдар?
-
Оқу түрлері:
а) Өлеңді оқушыларға іштей оқыту;
ә); мәнерлеп оқыту б) Шумақтап бөліп оқыту;
Суретпен жұмыс: (оқулықтың 64-бетінде)
Берілген суретке зер салайық. Бұл қандай жер? (ауылды жер) Ауылға қандай қар жауыпты?
-
Суретте тағы нелер бейнеленген? Тау-тас, сай-сала не жамылған? Қандай қыстап қалатын құсты көріп отырсыңдар? Осы суреттегі қысқы ауыл көрінісі адамға қалай әсер етеді?
-
Сергіту сәті:
-
Торғай, торғай, тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап
-
Бүріседі, дірілдеп, шиқ-шиқ етіп, шиқылдап.
-
Жаңылтпаштар: (93 бет)
Жаңылтпаштарды оқытып, оқудың бірнеше түрін пайдалана отырып, жаттату:
-
Жаңылтпаштар не туралы екен? бірінші жаңылтпашта қардың қандай түрлері болады дейді? (сұр қар, сүр қар, қырбық қар, құрғақ қар) Қардың түрлері туралы сұрап, білімдерін толықтыру:
-
Сұр қар - көктемге қарай кір шалған қар. Сүр қар - әбден тапталып қатты болып қалған алғашық кездерде жауған қар. Қырбық қар - жұқа жауған қар. Құрғақ қар - жабыспайтын, сусып түсетін қар.
-
Дәптермен жұмыс:
а) Қар түрлеріне қарама- қарсы мағыналы сөздер жазу:
Сүр қар - ақша қар, сұр қар - таза қар, қырбық қар - қалың қар, құрғақ қар - дымқыл қар.
ә) Өлеңнен ақша қарды теңеген теңеу сөздерін теріп жазу:
Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібек, ақ көрпе.
-
Қорытынды: Өлеңді хормен оқыту:
-
Өлеңнен не туралы білдік? Қандай қардың түрлерімен таныстық? Ақын ақша қарды неге теңеген?
-
Мәтінге сүйеніп өз ауылдарыңа жауған қар туралы айтып беріңдерші
-
Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?
10. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу;
11. Бағалау