- Учителю
- Ашық сабақ ' Жер қыртысының топырақ қабаты'
Ашық сабақ ' Жер қыртысының топырақ қабаты'
«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі»КММ
Өткізген: Есімханов М.А
География пәні мұғалімі
Аскар.С.А .
Бастауыш сынып мұғалімі
2014 - 2015 оқу жылы.
Дүниетану 3 - 4 «А» сынып
Күні: 14.02.2015ж
3 «А»- сынып
4 « А» -сынып
Тақырыбы:
Жер қыртысының топырақ қабаты
Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Мақсаты:
1. Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру.
2. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу;
3. ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға , топырақтың құнарлылығын сақтай білуге тәрбиелеу
1. Оқушылардың таулы жер өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау жайлы білімін тереңдету, тақырып мазмұнын меңгерту.
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жеке шығармашылығын дамыту.
3. Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғай білуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ типі: Кіріктірілген сабақ
Әдістері: Ізденушілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,СТО
Пәнаралық байланыс: Ана тілі ,география
Көрнекілігі: слайд, суреттер
Сабақтың барысы:
Ескерту: ** - мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс.
* - оқушылардың өзіндік жұмысы.
1. ** Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар бір-біріңе қарап жымиыңдар және менің айтқанымды қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жылуым мол бойымда.
Жан дүниемде күн нұрлы
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын
Менің оқығым келеді! Білімді ,алғыр , болғым келеді!
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда білімді ,алғыр екенімізді көрсете білейік
2. ** II - Үй тапсырмасын тексерукезеңі:
-Үйге « Пайдалы қазбаларды қорғау.» тақырыбын оқып, мазмұнын түсінуге берілген.
- Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек?
- Оларды қорғау үшін не істеу керек?
- Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады?
Топтау, жеке жұмыс
* - оқушылардың өзіндік жұмысы.
1. Таулы жер өсімдіктері
2. Таулы жердің жануарлары
3. Таулы жер құстарына сипатта беру
** - III - Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
-Балалар бүгін сендермен мына сөзжұмбақты шешсек ерекше төркөзден бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы шығады
1. Астың онсыз дәмі жоқ /тұз/
2.тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын пайдалы қазба /фосфорит/
3. қазіргі кезде машина бөлшектерінің, күнделікті пайдаланылатын заттардың көпшілігі неден жасалады?
4.кенді пайдалы қазба
5. түйіршікті деген мағынаны білдіреді
6.жердің терең қойнауындағы жатқан кенге жету үшін не қазады?
7. бос тау жынысы
Т ұ з
Ф о с ф о р и т
п л а с т м а с с а
М ы с
Г р а н и т
Ш а х т а
қ ұ м
-Демек , бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жер қыртысының топырақ қабаты. Топырақтың ерекшелігі және құрамы» деп аталады.
-Тау жыныстары мен топырақтың айырмасы - таза тау жыныстарына өсімдік өспейді.
-Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Топырақтың негізгі белгісі оның құнарлығында. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдік пен жәндіктердің қалдығы - қарашірік.
-Жер астында көптеген тірі ағзалар тіршілік етеді . Олардың әрқайсысының өзінше пайдасы бар . ( слайд арқылы түсінік беру.)
IV-кезең Шығармашылық тапсырма.
* - оқушылардың өзіндік жұмысы.
Топырақ сөзінен сөздер құрастыру.
**Сергіту сәті . Би:
V - Бекіту кезеңі:
* - оқушылардың өзіндік жұмысы.
РАФТ стратегиясы
Рөл
Жауынқұрт
Борсық
Аудитория
Орман жұртшылығы
Форма
Хат
Тақырып
Топырақты қорғау
** VI - Сабақты қорытындылау :
-балалар бүгін біз сендермен жердің құнарлы қабаты топырақ жайында кеңінен мағлұмат алдық
-Топырақ адамдар , жалпы жер бетіндегі тіршілік иелері үшін өте қажет, себебі барлық тіршілік иелеріне қажетті қорек осы топырақта өседі
- Сондықтан ,біз топырақта қорғап, сақтап қалуға ат салысуымыз қажет.
Оқушыларды бағалау.
VI **- Үйге тапсырма беру. 77-78 бет оқу,мазмұндау
.
** III - Жаңа материалды түсіндіру
кезеңі:
Кербез де сұлу бұғмаралдар, қуатты-мықты арқарлар мен таутекелер, алып қозықұмайлар, паң да епті барыстар мекендейтін таулар әлемін сақтап,келесі ұрпаққа жеткізу үшін Қазақстан Республикасында бірнеше қорықтар ұйымдастырылған.
Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда "Қызыл кітапқа" тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі.
Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады.
Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да "Қызыл кітапқа" тіркелген құстар бар.
Барсакелмес қорығы. Арал теңізіндегі өзі аттас аралда құрылған. Онда шөлейтті және шөлді аймақтың табиғаты қорғалады. Қорықта құландар мен қарақұйрықтар мекен етеді.
Қорғалжын қорығы. Ақмола облысының көптеген көлді алқабының табиғат байлығын қорғау мақсатымен құрылған. Бұл өңірде қоқиқаз, дуадақ, ақбас тырна мен басқа құстар тіршілік етіп, мекендейді.
Марқакөл қорығы. Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аю, қара дегелек, Алтай ұлары, кәмшат және басқалары тіршілік етеді.
Үстірт қорығы. Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлдің табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Қорықта сирек кездесетін жорға дуадақ, қарақұйрық, ителгі тіршілік етеді.
IV - кезең: * - Оқулықпен жұмыс.
Іштей оқу.
Дәптермен жұмыс
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты - қорық деп атайды
** Сергіту сәті . Би:
V -Бекіту кезеңі:
* - оқушылардың өзіндік жұмысы.
Эссе жазу. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қажеттілігі.
** VI - Сабақты қорытындылау
Сауаланамалық тест.
Оқушыларды бағалау, мадақтау.
VI - Үйге тапсырма беру. 108-109 бет оқу,мазмұндау