7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәні бойынша әңгімелер

Әдебиеттік оқу пәні бойынша әңгімелер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Екінші рет тар жерде жолдасын тастап

қашатын адаммен

жолдас болма.

Осыдан көп жылдар бұрын, бір елде екі отбасы бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрген екен. Осы отбасыларында екі ұл болған. Әрине екеуіне де тәрбиені жақсы берген. Олар әкелерімен әрқашан қырға барып, уақыттарын қызықты өткізетін. Ай өтеді, айдың соңынан жылдар өтеді.

Екі бала ер жетіп, отандық борышын атқаратын уақыт келеді. Екі баланы ел болып әскерге жібереді. Балалар бір жерге яғни Қытай Халық Республикасына отандық борышын атқару үшін аттанады. Екі жыл тыныштықта, еш алаңсыз тар жерде жүрген балалар бір күні мардымсыз бір уақиғаға тап болады. Бірде екеуін ну орманға дәрілік қасиеті бар шөп алып келуге жібереді. Олар көп жүреді, әбден шаршайды, қарындары ашып әбден әлсірейді. Сөйтсе жолдастардың біреуінің дорбасында тығып алған наны бар екен, бірақ ол досымен бөліскісі келмейді де жолдасының ұйықтағанын тосады. Досы ұйықтап қалған да, әлгі жігіт дорбасындағы нанды алып, жеп біраз әл-қуатын жинап алады да ұйқыға кіріседі. Таң атысымен екеуі ары қарай жол жүруге әзірленіп жатқанда, тамақтанбаған жігіт есінен танып қалады. Одан шошынған екінші жолдасы оны тастап кері қарай қаша жөнеледі. Ол рота бөлімшесіне келіп, шөпті таба алмағаны жайлы және жолдасының қаза болғанын естіртеді.

Әлгі жас жігіт біраз ес түссіз жатқан соң тұрса, жанында жолдасы жоқ екен. Ол жолдасы үшін әбден алаңдап, біраз жеміс -жидек теріп жеп, жолдасын іздеуге кіріседі. Сөйтіп жүргенде әлгі дәрілік шөпке тап болады. Оны дорбасына салып алып, көңіл -күйі болмай бөлімшеге қайтады. Бөлімшеге жақындай бергенде лейтенантқа тап болады. Лейтенант:

  • «Сенің аман-есен келгеніңе өте қуаныштымын, бірақ сен қайтып тіріліп келгенсің, жолдасың сені қаза болды,» - деп айтқан болатын, - деді.

  • Қалайша, ол бөлімшеге оралды ма?- деп таңқалды.

  • Әрине және ол сенің бір жазылмас дертке душар болып содан қаза болғаның жөнінде айтты.

Лейтенант пен жолдасының сөйлесіп келе жатқанын көрген жігіт өте қобалжып, алаңдап, досының көзіне тіке қарауға ұялып, не айтарын білмей қалды. Бірақ біраздан соң жолдасына жақындап:

  • Сен Лейтенантпен не жайлы сөйлестің? - деп сұрады.

  • Лейтенант маған өте жақсы кеңес берді «Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын адаммен жолдас болма» деді.



Алакөл жалпы орта білім беру мектебінің

8 а сынып оқушысы

Льясова Махаббаттың шығарған әңгімесі





Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың.

«Сәуірдің 20-сы жақындап келе жатыр. Қызық менің туған күніме ата - анам не сыйлайды екен. Әкем алдында мен көрген әдемі ұялы телефонды сатып әпереді ме екен!?...» - деп қиялдап отырған Әселді есіктің тарс етіп ашылғаны селк ете түсіреді. Бөлмеге кірген кіші бауыры Айсұлтан екен. Ол:

  • Әсел, жүр екеуіміз ауланы сыпырып, жинап қояйық. Әкем мен анам жұмыстан келген кезде оларға тосын сый болады, - дейді.

  • Туу, Айсұлтан, соны өзің-ақ жасай салмайсың ба? Әйтеуір даланың жұмысы ер баланың мойнында емес пе? - деп еркелей жауап берді Әсел.

  • Маған әжем ақша берген болатын, соның жартысын саған беремін - дейді, бауыры.

  • Қанша? Сенде қанша ақша бар? - деп бас салды Әсел.

  • Маған әжем 200 теңге берген. Егер тура қазір барып аула жинауға кіріссек, соның тең жартысы сенікі - деді Айсұлтан.

  • Ол ақша ма екен? Маған барлығын берсең онда мен ауланың біраз бөлігін жинасуға келісемін. Ал бұған келіспесең мазамды алмай бар өзің, аула жинайсың ба, доп ойнайсың ба өзің біл, - деп қатты жауап берді Айсұлтанның әпкесі.

Балалардың бұл сөзін есік сыртында тұрған әжесі естіп, немересі Әселдің шын жүзін көреді. Әрине, немерсінің бұл қылығы үшін әжесі қатты ұялады. Бірақ Әселдің бұл мінезін әлі жөндеуге болатынына сеніп, бір айла ойластыра бастайды.

Айсұлтан бөлмеден өте ашулы болып шығады. Ол есіктің сыртында тұрған әжесін байқамай өтіп кетеді. Есіктің сыртында тұрған әжесі, бөлмеге жайлап басып кіреді.

  • Қызым, сен жай отыр екенсің ғой, жүрші менің саған тапсыратын бір шаруам бар, - дейді әжесі.

Әжесінің өтінішін аяқ асты ете алмаған Әсел, кәрі шешесінің артынан жүріп отырып, аула сыртына шығады. Аула сыртына шыққан соң әжесі:

  • Қызым-ау, осы көптен бері мына маңайдағы «арам» шөптер мазамды алып жүр. Қазір қар еріп, жер жұмсарған уақыт, қурап тұрған «арам» шөптерді жұлу оңай. Сен осы жерді не де болса кешке дейін жұлып, сырт жаққа шығарып таста. Айсұлтан «ауланың ішін жинап болған соң, достарыма барам,» - деп айтқан, ол сенен кішірек қой, сонысына да рахмет.

  • Әже, мен барып оған көмектесейін, содан соң бірігіп бұл жұмысты да тындырамыз. Екеулеп істеген іс жеңілірек, әрі жылдамырақ болады ғой, әжетай, - деді Әсел.

  • Қарғам, әлгі уәзірде саған келіп Айсұлтан не жайлы сұрағаны есіңде ме? - деді. Осы кезде Әсел төмен қарады, ақша беті қып-қызыл болып кетті. Немересінің өз қателігін мойындағанын көрген әжесі:

  • Әсел, есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың» - дейді.

Алакөл жалпы орта білім беру мектебінің 5 а сынып оқушысы Караталова Наргизаның шығарған әңгімесі



Екінші рет тар жерде жолдасын

тастап қашатын адаммен жолдас болма

Көшеде бір топ жігіт келе жатыр. Олар өте мәз. Ішіндегі арықтау келген жігіт оларға бір уақиғаны баяндап келе жатыр. Әлгі топ көшенің ортасындағы шамның астында біраз тұрды дағы, балалар үйді үйге тарады.

Таң атты. Ел күнделікті тіршілігін жасай бастады. Жан-жақта жұрт бір нәрсені айтып талқылап жатқанын аңғарып қалдым. Көршілерден не болғанын сұрасам. Кешкілікте біздің елдің шетіне қасқыр тиіпті. «Өткен түнде болған бір топ жігіттің екеуі, яғни екі жолдас ауыл шетінде тұратын. Олар үйлеріне қайтып бара жатқанда бір қасқырды көреді. Жолдастардың біреуі келіп қалған үйге зытып кіреді де есікті жауып алады. Аулада қалған екінші досы қайда барарын білмей, бір орында қатып қалады. Қасқыр қасына келіп иіскелеп тұрған мезетте қораның ішінен қойдың маңырағаны естіледі. Аш қасқыр сол мезетте қораға қарай жүгіре жөненеледі. Есікті ақырын ашып жолдасының аман-сау екенін көрген жігіт:

  • Қасқыр, қалалйша екеумізі жайпап салмады? - дейді.

Сонда екінші жігіт:

  • Жоқ, қасқыр маған жақсы кеңес беріп кетті. Ол маған: «Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын адаммен жолдас болма» деді. Әлгі жігт шынында ақылды екен» - деп жұрт шулап жатыр

Осы уақиғаны естігенде төбемнен біреу суық су құйғандай болдым.

Алакөл жалпы орта білім

беру мектебінің

5 а сынып оқушысы

Ибрагимова Ильгизаның

шығарған әңгімесі













Азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың.

Күз. Ауа райы керемет. Күннің шуағы денеңе сондай жылу береді. Осы күні атасы мен немересі тоғай аралауға шығады. Тоғайдың іші өте әдемі. Қызыл, сары, бірер жердегі жасыл жапырақтар тура адам көңіліне керемет қуат беретін сияқты. Атасы жерде бір нәрсені байқап, іздеп келе жатқандай болады. Бір уақытта:

  • Балам, анау жерде саңырауқұлақ өсіп тұр, соны жұлып, қапшығыңа салшы, - дейді атасы. Немересі оған мән бермей көкке қарап ұшып жүргендей болады. Біраздан соң атасы:

  • Анау жерде, жалғыз алма ағашы өсіп тұр соннан алма жұлып алайық. Кішкентай болса да оның дәрмені бар, аз да болса ол тамақ - дейді. Күзгі табиғаттың әдемілігіне әлі тоя алмай жүрген немересі, ол ағашқа жәй ғана қарап жемістің аздығын менсінбей ілгері жүріп кетеді. Атасы болса барып қалтасына сыйғанша алма жұлады.

Біраз жүріп, табиғаттың сұлулығына тойынған немересі, атасының бір нәрсені жеп келе жатқанын көреді, бірақ сұрауға ұялды, себебі әлгіуәзірде атасы берген кеңесті елемеген болатын. Атасы болса бір алманы түсіріп алады, оны үндемей немересі көтеріп жеп қояды. Тағы бір алма түсіп қалады, оны да бала ақырын ғана жеп қояды. Сөйтіп бала он шақты рет еңкейіп алманы тереді. Сол кезде атасы бұрылып:

  • Балам, көрдің бе бағана мен айтқан кезде теріп алсаң осыншама шаруа атқарар ма едің? Келесі жолы есіңде болсын «азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың» - дейді.

Алакөл жалпы орта білім

беру мектебінің

5 а сынып оқушысы

Абишева Заринаның

шығарған әңгімесі







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал