- Учителю
- Пәні: Дүниетану. 1 Сынып
Пәні: Дүниетану. 1 Сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді түсіндіру, жансыз табиғатта болған өзгерістердің жанды табиғатқа тигізетін әсерін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: жансыз табиғат пен жанды табиғаттың байланысын түсіндіре отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
б) Тәрбиелік: құстарға қамқорлық жасауға, сыйластық, адамгершілік қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. «Ой қозғау»
2. СТО- топтастыру
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Жағдаят шешу
2. Оқулықпен жұмыс.
3. Суретпен жұмыс
4. Дәптермен жұмыс
ІV. Сергіту сәті.
Сабақты қорыту.
1. «Сөзжұмбақ» шешу
2. СТО-топтастыру
3. Үйге тапсырма: Құстардың туған жерге оралуы-түсінік айту және бақылау жүргізу.
Бағалау: Оқушылардың мақтап, мадақтап, баға қою
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
1.Ой қозғау:
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді ?
- «Малды көктемде бағып-күту.»
- Мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыра отырып кім айтады ?
- Көктемде мал да төлдейді.Оларды арнаулы қорада төлдетеді.Төлді басқаларынан бөлек бағып-күтеді.Төлдерін қосымша қоректендіреді.Соның арқасында жас төлдер тез көтеріледі.
- Малды адам қалай бағып-күтеді ?
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
-Өз үйлеріңде қандай үй жануарлары бар ?
-Олардың көктемдегі тіршілігі қандай ?
Үй жануарлары:
Төлдейді, көбейеді.
Қоректенеді, өседі
-
Жабайы аңдардың үй жануарларынан көктемгі тіршілігінде қандай өзгерістер бар?
Баласынан айыруға болмайды
Жабайы Қолда ұстауға көндікпейді
аңдар Емін еркін өседі
-Балалар, енді үй жануарларының қандай ерекшеліктері бар екенін білу үшін алған білімдерімізді жинақтап, топтастырайық.
СТО- топтастыру
Адам күтім жасайды
Сүтқоректілер
Көбейеді Пайдалы
Қоректенеді
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жағдаят шешу:
- Балалар, құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктің күні не болады ?
- Біздің өлкеден ұшып кеткен құстар қалай аталады ?
- Жыл құстары
- Адамдар көктемде «жыл құстары» үшін не жасайды ?
-Ұя жасайды.
- Жылы жақтан ұшып келген құстар кішкентай «үйлерге» орналасып, ұя салып, балапандарын шығарады.
2. Оқулықтармен жұмыс:
а) Оқулықтағы мәтінді тізбектей оқыту.
ә) Оқылған мәтін бойынша әңгіме жүргізу.
- Көктем құстар үшін қандай мезгіл ?
- Туған жерге оралатын мезгіл.
- Ең алдымен қандай құстар келеді екен ?
- Алдымен қараторғай, содан соң қарлығаш, сарыалақаз, тырна, бозторғай ұшып келеді.
- Көктемде құстар ұя салуға не іздейді ?
- Ыңғайлы орын іздейді
- Құстар ұяны неден жасайды ?
- Батпақтан, шөп-шалам, жүн-жұрқадан ұя жасайды.
3. Суретпен жұмыс: - Суретте қандай құстардың тізбектері бейнеленген ?
А) Шығармашылық тапсырма:
«Күншіл үйрек» ертегісінің мазмұнын айту және «күншілдік» жаман қасиет екенін түсіндіру.
- Құстар балапандарын қандай азықпен қоректендіреді ?
бунақденелілер
Құстардың жемі
дернәсілдер
Семантикалық карта
Құстар
Жыл құсы
Үй маңына салады
Қыстап қалады
Адамға дос
Балапандарын қорғайды
Сезімтал құс
Сауысқан
+
+
Қарлығаш
+
+
+
+
+
4. Дәптермен жұмыс:
Жыл құстарының аттарын жаздыру: қараторғай, қарлығаш, сарыалақаз, тырна, бозторғай.
Сергіту сәті. Үнтаспадан «Қос қарлығаш» әнін тыңдау.
Сабақты қорыту. Ойын: «Құс балапандарын тап»
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз қандай тақырыппен таныстық ?
- Құстардың туған жерге оралуы
- Құстар көктемде қай жақтан оралады екен ?
- Құс ұясын, балапандарды қалай және неден қорғауымыз керек ?
- Құстар балапандарына суды қалай береді екен ?
- Кейбір құстар балапандарын қалай қорғайды ?
- Бүгінгі алған білімімізді сөзжұмбақты шешу арқылы, «жыл құстарын» топтастырайық
«Сөзжұмбақ» шешу
Ж
Қ
Ұ
Ы
С
Л
Т
1.Аюдың баласы-...... 6.Түйе-.......
2.Үй құсы-.......... 7. Ерте тұрады
3.Мал баласы- ........ Жар салады
4.Үй жануары-....... 8.Еліктің баласы-.......
5.Балапанның үйшігі-....... 9.Оқушы құралы - ......
10.Жыл мезгілі- .........
СТО топтастыру:
сарыалақаз
қарлығаш тырна
бозторғай қараторғай
3. Үйге тапсырма: Құстардың туған жерге оралуы-түсінік айту және бақылау жүргізу.
Бағалау: Оқушылардың мақтап, мадақтап, баға қою