7


  • Учителю
  • Разработка урока по казахскому языку на тему Зат есім мен етістіктің байланысы

Разработка урока по казахскому языку на тему Зат есім мен етістіктің байланысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Ашық сабақ: Қазақ тілі



Тақырыбы: Зат есім мен етістіктің байланысы



Мақсаты: Білімділік: Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу, байланысын түсіндіру.

Дамытушылық: Сауатты жазу дағдыларын,талдай білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, тілін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Байқампаздыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, таза және әдемі жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кесте, суреттер, үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа әзірлік жасау.

Қазақ тілі пәніне қажетті құралдарын тексеру.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеріп, талдау жұмыстары, сұрақтар арқылы бағалау, бекіту, қорытындылау.

389-жаттығу. Соңғы сөздердің мағынасына қарай өлең құрастыру.

... торғайды

... қорғайды.

... ойнаймыз,

... ойлаймыз.

  • Соңғы сөздер нені білдіріп тұр? (іс-қимылды яғни етістік)

ІІІ. Өткенді қорыту:

  • Етістік дегеніміз не?

  • Етістіктің қандай түрі болады?

  • Зат есім дегеніміз не?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Ү. Білімдерін тексеру:

Талдау: 390-жаттығу .Сөйлемді көшіріп жаз. Етістіктерді тап.

д.е. к.е.

Ажар биледі. Әсет сурет салып отыр.

Іздену: 392-жаттығу . Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу.

Тиін тоғайда болады. Дидар тақтайды сүргіледі. Біз малды суардық.

Орны ауыстырылып берілген сөздермен не құрап жаздық? (сөйлем)

-Олай болса, сөйлем дегеніміз не?

- Сөйлемнің неше түрі бар? (хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем)

- Мына хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге ауыстырып көрейікші. (Дидар тақтайды сүргіледі ме? )

Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық,

Екі қолды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Ауызша: 394- жаттығу. Суретке қарап, шағын әңгіме құрап, күрделі және дара етістіктерді табу.

- Ендеше, мәтін дегеніміз не?

- Мәтіннің неше түрі бар?

- Біз құраған әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

ҮІ. Бекіту: 391-жаттығу. Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айту.

Қораз шақырады. Шыбын ызыңдайды. Ит арсылдайды.



ҮІІ. Қорыту: - Зат есім дегеніміз не?

  • Зат есімнің қандай түрлері болады?

  • Жалқы есім және жалпы есім дегеніміз не?

  • Етістік дегеніміз не?

  • Етістіктің қандай түрі болады?



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 393- жаттығу. Дәлелдеу: Мағынасы қарама- қарсы етістіктерді жұптап жазып, қарама- қарсы екенін дәлелдеу.

Байлады- шешті, шашты- терді.

Бағалау.





















































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал